Wed . 20 May 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Air Astana

air astana, airastana.com

Air Astana — Қазақстан Республикасының негізгі әуе компаниясы. Компанияның негізгі акционерлері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» АҚ мен Британдық BAE Systems, оның 51% «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» АҚ, ал 49% BAE еншісінде. Ұшу қауіпсіздігі және жолаушыларға жоғарғы сапалы қызмет көрсету әуе компанияның басты қағидалары болып табылады. Эйр Астана — ХӘКА-ның (Халықаралық Әуе Көлігі Ассоциациясы) толық мүшесі, Азия-Тынық мұхит аймағының қауымдастығының (AAPA) толық құқықты мүшесі, Қазақстандағы ЕАҚА (Еуропалық Авиация Қауіпсіздігі Агенттігі) JAR-145 куәландырған ұшақтарға техникалық қызмет көрсететін жалғыз әуе компания. Негізгі хабы Алматы болса, Астана және Атырау әуежайлайлары қосымша хаб қызметін атқарады.

Мазмұны

  • 1 Тарихы
  • 2 Ұшу бағыттары
  • 3 Серіктестік
  • 4 Ұшақтар паркі
  • 5 Қызмет және брендинг
    • 5.1 Класс түрлері
    • 5.2 Жаңа өнімдер
    • 5.3 Nomad Club
    • 5.4 «Шаңырақ» күту залы
  • 6 Сыртқы сілтемелер
  • 7 Түсініктемелер

Тарихы

«Эйр Астана» 2001 жылы тіркеліп, 2002 жылдың мамыр айында алғашқы рейсін орындады.

Содан бері «Эйр Астана» өзінің әуе кемелер паркін 3-тен 21 ұшаққа дейін ұлғайтты, 1800-ден астам жұмыс орындарымен қамтамасыздандырды, 25 ішкі және 18 халықаралық бағыттарға ұшатын әуе көлік жүйесін дамытты.

2005 жылы тамыз айында Airline Business журналында жарияланған рейтинг бойынша «Эйр Астана» жолаушы санының көбеюіне және 2004 жылғы жолаушылар ұшып өткен километрлердің жалпы санына байланысты дүниежүзілік алдыңғы қатарлы 200 әуе компанияның арасында төртінші орынға ие болды.

2005 жылы Питер Фостер мырза «Эйр Астананың» президенті болып тағайындалды. Сол жылдың аяғында әуе компанияның он жылға арналған Даму стратегиялық жоспары жасалды. Онда екі негізгі мақсат көзделген: ұшақ паркін және әуежол жүйесін ұлғайту, тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейін тоқтаусыз дамыту.

Келешекте көптеген өзгерістер өз күшіне енбек. «Эйр Астана» флотын жаңа ұшақтармен толықтыру, ішкі және халықаралық бағыттағы рейстер жиілігін арттыру, жаңа мәзірлерді ұсыну, ұшу кезіндегі ойын-сауық жүйелерін дамыту және жолаушыларға жиі ұшу бонустық бағдарламасын таныстыру (frequent flyer bonus program) сияқты жаңартуларды енгізбек.

Ұшу бағыттары

Эйр Астана әуекомпаниясының Boeing 757 ұшағы Халықаралық Алматы әуежайынан ұшуда.

2009 жылдың 29 мамырына сәйкес «Эйр Астана» 21 халықаралық және 22 ішкі бағыттар бойынша рейстерді орындайды. Жаңадан ашылған Бішкекке, Бакуға және Новосібірге бағыттар компанияның аймақтағы ұшу торабын дамытты. Сонымен қатар Бангкок, Франкфурт, Ыстамбұл және Мәскеу қалаларына ұшу жиілігі көбейді.

Толық мақаласы: Ұшу бағыттары

Серіктестік

«Эйр Астананың» келесі компаниялармен кодшейр келісімі бар (2014 жыл тамыз айына сәйкес):

  • Turkish Airlines
  • Etihad Airways
  • Asiana Airlines

Ұшақтар паркі

Эйр Астананың Boeing 757-200 ұшағы Тайландтағы Don Mueang Әуежайында. Эйр Астананың Airbus A320-200 ұшағы Ақтау Әуежайында.

Әуекомпания заманауи Boeing және Airbus ұшақтарымен жабдықталған. Эйр Астананың паркі келесідей ұшақтардан құрылған:

Эйр Астана Паркі
Ұшақ Атауы Ұшақ
Саны
Тапсырыс Жолаушылар
(Business*/Economy)
Қосымша
Airbus A319-100 1 0 126 (12/114)
Airbus A320-200 8 0 148 (16/132)
Airbus A321-200 4 0 176 (28/148)
Boeing 757-200 5 0 170 (20/150) Уинглеттермен жабдықталған
Boeing 767-300ER 3 0 223 (30/190)
Boeing 787-8 0 3 2017-2019 ж.ж.
Embraer 190 9 0 114
Fokker 50 0 0 0 2012 жылы қолданыстан шықты
Boeing 737-700 0 0 0 2007 жылы қолданыстан шықты
Boeing 737-800 0 0 0 2007 жылы қолданыстан шықты
Барлығы 30 3

Қызмет және брендинг

Колумбия округінің Вашингтон қаласындағы 2015 жылдың 25 ақпанда өткен Әуе көлік саласының 41-ші Annual Airline Industry Achievement Awards марапаттау рәсімінде «Эйр Астана» компаниясы «Авиациялық нарығының көшбасшысы» атағына ие болды. 2014 жылғы World Airline Awards нұсқасы бойынша «Эйр Астана» компаниясы Орталық Азия мен Үндістандағы үздік әуе компания атағын үшінші жыл қатарынан иеленіп отыр. Осы салтанатта «Эйр Астана» компаниясы Орталық Азия мен Үндістандағы «Үздік қызмет көрсету» атағына екінші рет ие болды. Сондай-ақ, 2012 жылдың мамыр айындағы Skytrax компаниясы өткізіген аудиты бойынша әуекомпания Ресей/ТМД/Шығыс Еуропа елдерінің арасында Skytrax World Airline Awards 2012 нұсқасы бойынша беделді 4 жұлдызды рейтінгке ие болған бірінші тасымалдаушы болды және аумақта осы атаққа ие болған жалғыз әуе компания ретінде қалды.

Класс түрлері

«Эйр Астана» компаниясы 2 класс қызметін көрсетеді: барлық ұшақтарда бизнес және эконом-класс. Boeing 767 және 757 ұшақтары екі кабинасында да RAVE компаниясыныңжеке ойын-сауық жүйесімен жабдықталған. Ұзақтығы 3 сағаттан асатын барлық рейстердің бизнес-кластарында (「KCTV」) портативті дербес ойын-сауық жүйелері ұсынылады. Ыстық тағамдар мен алкогольды ішімдіктер бизнес-кластың және эконом-кластың барлық рейстерінде ұсынылады.

Жаңа өнімдер

2015 жылдың ақпан айында «Эйр Астана» компаниясы Boeing 757 ұшағында жаңа класс түрін ұсына бастады: эконом-класындағы жатын орындар. Эконом кластағы жатын орындардың жолаушылары әуежайдағы әр түрлі артықшыларымен қоса (сондай-ақ, бизнес-класс залдарына кіру) бөлек жатын эконом салонында келесі қызметтерді пайдалана алады: төсек-орын жинағы, бизнес-класс жол жинақтары және KCTV жүйесі. Жаңа өнім қазіргі уақытта Астана - Лондон, Франкфурт, Париж және Алматы - Гонконг бағыттарындағы Boeing 757-200 ұшағында ғана бар.

Nomad Club

Жиі ұшатын жолаушылардың «Nomad» клубы «Алтын», «Күміс» және «Стандартты» мүшелік деңгейлерден тұрады және Lufthansa компаниясының 「Miles & More」 бағдарламасымен өзара келісілген. Жергілікті қазақ дизайнерлері жасаған кабинадағы және жердегі қызметкерлердің жаңа киім үлгісі 2013 жылдың басында енгізілді.

«Шаңырақ» күту залы

«Эйр Астана» компаниясы жақында Астана қаласының халықаралық әуежайында бірінші болып эксклюзивті «Шаңырақ» күту залын ашты.

Сыртқы сілтемелер

  • Ресми торабы
  • Талқылау форумы

Түсініктемелер

  1. ↑ Flag Carrier remains on track for long-term development despite challenging conditions.
  2. ↑ Turk Hava Yollari AO : Air Astana and Turkish Airlines sign a codeshare agreement (4 June 2013). Тексерілді 4 маусымның 2013.
  3. ↑ Etihad Signs Codeshare Deal with Air Astana. Тексерілді 25 маусымның 2013.
  4. ↑ AIRASTANA Signs Codeshare Deal with http://airastana.com/kaz/ru/news/Codeshare-with-Asiana-Airlines.aspx. Тексерілді 2 Aughust 2014.

air astana, air astana baggage allowance, air astana check-in online, air astana flight schedule, air astana flights, air astana nomad club, air astana online booking, air astana reviews, airastana.com, www.airastana.com


Air Astana Туралы Ақпарат

Air Astana


  • user icon

    Air Astana beatiful post thanks!

    29.10.2014


Air Astana
Air Astana
Air Astana Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Air Astana бұл, Air Astana кім, Air Astana сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Итмұрын (айрық)

Итмұрын (айрық)

Итмұрын: Итмұрын — раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер: ...
Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен (нем. Ermershausen) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан ...
Эльтман

Эльтман

Эльтман (нем. Eltmann) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан қала. Төме...
IC 2921

IC 2921

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Арыстан Тура шарықтауы 11h ...