Wed . 18 Nov 2018

Табын

табын руы таңбасы, табын шежіресі
Табын — (моңғ. табын — бес) Кіші жүздің Жетіру бірлестігіндегі ру.


Ақтөбе облысындa, Сырдарияның төменгі ағысы мен Жайық бойында көптеп шоғырланған, біраз бөлігі Қарақалпақстанда тұрады. Өткен ғасырларда қалмақтардың Қобда жеріне шабуына байланысты, табындар бас ауған жаққа жер ауып, бір бөлігі қазіргі Байғанин ауданының Оймауыт ауылына тұрақтап, бір бөлігі Шалқар ауданына, бір бөлігі қазіргі Атырау, Батыс Қазақстан облыстарына, бір бөлігі Қызылорда облысы мен Қарақалпақстан жерлеріне кеткен. Қазір де Қарақалпақстанға кеткендердің 80 пайызы Маңғыстау облысына көшіп келіп, Ақтау, Жаңаөзен қалаларында тұрып жатыр. Cондай-ақ башқұрт ұлтында да Табын атты ру бар.

Негізгі таңбасы — тарақ — атбегі маңсабын бейнелейді. Орда-Ежен ұрпақтары — төре руының таңбасына ұқсас. Табын руы - белгісіне қарай үшке бөлінеді: тарақты, шөмішті, көсеулі болып. Шөміштілер негізінен Ақтөбе мен Батыс Қазақстан жерлерін жайлаған, көп бөлігі қалмақ шапқыншылығы кезінде Қарақалпақстан жеріне ауып, сол жақты мекендеп кеткен, қазіргі күнде Ақтөбеде тұрады. Қазір Қарақалпақстанға кеткен Табындардың 80 пайызы Отанға қайтып көшіп келді. Қызылорда өңірінде де Табындар бар, олар не найзалы не тарақтылар.

Шығу тегі

Аңыз бойынша Тәуке хан Орта жүздегі аз халықты Жетіруды алшындарға (бұрынғы ноғайлыларды) қосып Кіші жүз құрған.

Тарихи деректер бойынша табындар Шыңғысханды ақ киізге көтерген 24 моңғол тайпасының арасында болыпты. Аңыздар бойынша табындардың көсемі Майқы би Шыңғысханмен ант ішкен.

Көне түркі тілінде қазіргі Тибет жері Тобот, Тобон, Табын деп аталған.

Ал қытай мемлекетін Табғач деп атаған. Табғачтар, немесе қытайдың тарихи деректерінде тоба, туба тұнғыс-манзу тайпалары арасынан шыққан қазіргі Ішкі Моңғолияда көшкен халық. Тобалар көсемі Тоба Гуй Солтүстік Қытайды иелеп Солтүстік Вей (386-535) әулетін құрған.

Табын деген рулар ноғайлар, өзбектер, башқұрттар арасында бар. Сібірдегі Көшім ханның мемлекетінде табындар атажұрт болған, бас қаласы Чинги-Тура (қазіргі Түмен). Ресейдегі Красноярск өлкесінің оңтүстігі 19 ғ.

Табын-Богдо-Ола деген жерде Моңғолия, Ресей, Қытай елдерінің шекаралары бітісіп тұр.


Осының алдындағы ру сияқты, ол туралы да алғашқы деректерді біз А. Тевкелевтен ғана кездестіреміз. Ел арасынан жинаған мәліметтер мен Тынышбаев келтірген табын руының жаманкерей, Бозым, бегім және қайырқожа деген төрт тармағы бар. Табындардың таңба белгілері әр түрлі. Жалпы ру таңбасы (тостаған); сонымен бірге табындарда тағы да (шөміш, шөмішті-табын тармағында), (тарақ, тарақты-табын тармағында) және (әліп) таңбалары бар. Жалпы рудың таңба белгісін салғастыру бізді тағы да дулаттарға (Ұлы жүз) әкеледі, оларда да жалпы тайпалық белгі дәл осындай, ал және белгілері дулаттардың кейбір руларының таңбалары мен албан тайпасының таңбасынан еш айырмасы жоқ. Табын руы Ұлы жузден шыққан деп жорамалдауға болады. Бұған дәлел ретінде табын руында да, албан тайпасында да бозым руы бар екенін көреміз. | (көсеу) таңбасы қаңлы тайпасының (Ұлы жүз) таңбасына, ал (тарақ) таңбасы нақ сол жүздегі жалайыр тайпасының таңбасына ұқсайды және тарақ таңбасының жалайыр тайпасынан шыққанын табын руы шежіресі нұсқаларының бірі көрсетеді.

Табындардың тегі аралас екенін оларда бірнеше ұран болуы да көрсетеді. Гродековте бар мәліметтер бойыпша, Сырдария табындарының ұрандары «Сәрке» және «Тостаған», ал ел арасынан жинаған мәліметтер бойынша, батыс табындарыпың ұраны «Алаш». С.И. Руденко өз еңбектерінің бірінде моңғолдарға дейінгі уақытта, аңыз бойынша, башқұрттар он екі руға бөлінген деп жазады. Бұдан әрі ол осы рулар, ішінде табындар да болған деп көрсетеді.

Жоғарыда айтылғандардың бәрін, сондай-ақ С. И. Руденконың деректемесін ескере келгенде, табын руьның тарихын былайша негіздеуге болады. Моңғолдардың шапқыншылығынан көп бұрын қазіргі Батыс Қазақстан мен Оралдың арғы жағындағы далаларда басқа тайпалар мен рулар арасында сол кезде-ақ жергілікті табын тайпасы болып, ол саяси немесе экономикалық сипаттағы әлдебір жағдайлардың әсерінен бөлініп кетуі ықтимал. Оның бір бөлігі солтүстікке, қазіргі Башқұртстан аумағына барып, Ибн Фадман айтқан Башқұрт халқының құрамына енген. Моңғолдарға дейінгі уақыттың өзінде-ақ башқұрттар құрамына табындардың енгенін біз бұдан бұрын көрсеткенбіз. Алайда табындардың көпшілік бөлігі өз жерінде калын, монғолдардан кейінгі кезеңде руының атын сақтап қала отырып, Ұлы жүз тайпаларынан шыққандарды өз құрамына қабылдаған болуы мүмкін. Ал ұлыжүздіктердің қосылған бөлігі олардың ру атын қабылдап, оларға өз таңбаларын берген. Табын руының едәуір бөлігі, атап айтқанда, бозым (төртұл) Орта жүздің керей, найман және арғын сияқты ірі тайпаларының құрамына енген, олардың арасында төртұл және өзбектер құрамына енген (локайлар) да аталады.

Дереккөздер

табын руы, табын руы таңбасы, табын шежіресі, табынай, табындар, табынская икона


Табын Туралы Ақпарат

Табын


  • user icon

    Табын beatiful post thanks!

    29.10.2014


Табын
Табын
Табын Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Табын бұл, Табын кім, Табын сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Пьедимонте-Матезе

Пьедимонте-Матезе

Пьедимонте-Матезе (итал. Piedimonte Matese) — Италиядағы қала, Кампания әкімшілік аймағына қара...
Магдалиновка (Ақмола облысы) — Уикипедия

Магдалиновка (Ақмола облысы) — Уикипедия

Магдалиновка — Ақмола облысы Атбасар ауданындағы ауыл, Ярославка ауылдық округі құрамында Мазмұны...
Шөңгер

Шөңгер

Шөңгер — Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Географиялық...
Муссо-сюр-Сен

Муссо-сюр-Сен

Муссо-сюр-Сен (фр. Mousseaux-sur-Seine) — Франциядағы коммуна. Иль-де-Франс аймағына қарасты Ивелин ...