Wed . 18 Nov 2018

Бекет ата мешіттері

бекет ата мешіттері
Бекет ата - ескерткіш ғимараттары - Маңғыстау, Үстірт, Жем бойындағы Бекет Ата есімімен байланысты жер асты ғимараттарының ортақ атауы. Олар туралы халық жадында сан алуан аңыздар сақталған. Бекет Ата Мырзағұлұлы (1750- 1813) - әулие, халық батыры, абыз көреген, ағартушы, сәулетші. Туып, өскен жері Жем өзені бойындағы Ақмешіт Құлжан, Маңғыстау өңірі. Бекет Атаның білімдарлық, батырлық, әділдік, еңбексүйгіштік, абыз көріпкелдік қасиеттері өз дәуірінде ерекше танылған. Халық оны айрықша қадірлеп, әулие тұтқан. Адайлар өзінің ұранына айналдырған. Халық Бекет Атаның өмірін, қысылғанға жар болған ерекше қасиетін, әулиелігін ықыласпен әңгімелеп, ұрпақтан ұрпаққа ұластырған.

Бекет Ата төрт мешіті бар. Оның бірі маңғыстаудан қашық емес, Оғыландыда, екіншісі Бейнеуде, үшіншісі Жем бойында, төртіншісі Арал жағасындағы Баялыда» дейді. Бекет Ата бүл мешіт-медреселерде құдайға құлшылық еткен, бала оқытқан. Бекет Ата ескерткішінің бірі - Жем өзені бойындағы Ақмешітте, Құлсары қаласына жақын жерде. Әктасты жартасқа қоржын там етіп ойып жасалған шағын ғимарат. Оның басына кейін қос кесене тұрғызылған. Екіншісі - Ескі Бейнеуде, ұлутасты шатқалға қашалған. Бөлмелері құлап, үгітіліп, байырғы қалпын жоғалта бастаған. Баялыдағы ескерткіш-ғимараттың жай-күйі мәлім емес. Бекет Атаның Оғыландыдағы жер асты ғимараты жақсы сақталған. Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген бір тұмсығының үзіліп қалған шоқысына қашалған. Үш-төрт қанат киіз үй көлеміндей үш бөлме. Бекет ата мүрдесі осы бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Немересі Мұрынньң мүрдесі де осы бөлмеге қойылған. Кіреберіс бөлмеден жоғары шығатын есік арқылы жоғары бөлмеге баруға болады. Онда Бекет Атаның қызы жерленген. 

Дереккөздер

АЛАШТЫҢ АРДАҒЫ:(елтанымдық және тілтанымдық жинақ). Құрастырған Е.Е.Тілешов, Г.П.Әріпбек. Астана:"Руханият", 2010ж - 264 бет. ISBN 978-601-80133-1-7


бекет ата мешіттері


Бекет ата мешіттері Туралы Ақпарат

Бекет ата мешіттері


  • user icon

    Бекет ата мешіттері beatiful post thanks!

    29.10.2014


Бекет ата мешіттері
Бекет ата мешіттері
Бекет ата мешіттері Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Бекет ата мешіттері бұл, Бекет ата мешіттері кім, Бекет ата мешіттері сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Омар

Омар

45 Һ дейін (579 Гр) Туған жері: Мекке Қайтыс болған уақыты: 26 Зул-Хиджа 23 Һ (6 Қазан 644 Г...
Omega Pharma-Quick Step

Omega Pharma-Quick Step

Omega Pharma-Quick Step (UCI Team Code: OPQ) — UCI ProTour статусы бар бельгиялық кәсіби тас жол вел...
Сасықкөл көлі (Қарағанды облысы)

Сасықкөл көлі (Қарағанды облысы)

Сасықкөл - Қарағанды облысы Шахтинск қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 8 км жерде, Мичурин ауданының...
Көкқайнар (Жамбыл облысы)

Көкқайнар (Жамбыл облысы)

Көкқайнар – Жамбыл облысы, Шу ауданындағы ауыл, Көкқайнар ауылдық әкімшілік округі орталығы. Аудан о...