Қашыр ауданы


Қашыр ауданы - Павлодар облысы

Қашыр ауданы 1938 жылы құрылды. Әкімшілік орталық – Теренкөл а., облыс орталығына дейін (Павлодар қ.) 112 километр.

Мазмұны

  • 1 Физикалық-географиялық сипаттамасы
  • 2 Халқы
    • 2.1 Этникалық құрамы
    • 2.2 Санның серпінділігі
  • 3 Тарихы
  • 4 Әкімшілік-аумақтық бөлінуі
  • 5 Экономика
    • 5.1 Өнеркәсібі
    • 5.2 Ауылшаруашылық
  • 6 Әлеуметтік сала
  • 7 Әйгілі адамдар
  • 8 Дереккөздер

Физикалық-географиялық сипаттамасы

Географиялық жағдайы

Солтүстік-батысында Железинка ауданымен, солтүстік-шығысында – Новосібір облысының Карасук ауданымен, шығысында – Успен ауданымен, оңтүстік және оңтүстік-шығысында – Павлодар ауданымен шектеседі. Батысында ауданның табиғи шекарасы Ертіс өзені болып табылады. Аудан аумағы бойынша Павлодар—Омбы, Қашыр—Купино автомобильді жолдары өтеді. ===Климаты\\\ Климаты қатал континентальды. Қаңтардың орташа температурасы − 18º-19ºС-қа, шілденікі — +20º+21ºС-қа тең. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері 250—300 мм құрайды.

Жер бедері мен гидрография

Аудан аумағы Барабинск ойпатының жапсарында және Құлынды жазығында орналасқан. Жер бедері жазық. Топырағы қызғылт, сортаң. Аудан аумағы бойынша 50 км ұзындықта Ертіс өзені ағып өтеді, көптеген ұсақ көлдер бар. Пайдалы қазбалардың ішінде глауберлік және ас тұзының, кірпіш, жабынғы жасауға қажет балшықтың кен орындары бар. Балшық қоры мөлшерленбеген.

Флора және фауна

Бетеге, жусан, тал, көктерек өседі. Қасқыр, қарсақ, түлкі, қоян, үйрек, қаз, аққу мекендейді. Тұзды көлдерде табан, алабұға, шабақ, шортан кездеседі.

Халқы

Этникалық құрамы

Ұлттық құрам (2012 жылдың 1 қаңтарына)

  • орыстар — 9 190 адам (43,16%)
  • қазақтар— 8 388 адам (39,39 %)
  • украиндер — 1 274 адам (5,98 %)
  • немістер — 1 698 адам (7,97 %)
  • татарлар — 141 адам (0,66 %)
  • белорустар — 210 адам (0,98 %)
  • басқалары — 390 адам (1,83 %)
  • Барлығы— 21 291 адам (100,00 %)

Санның серпінділігі

1999 жылы халық саны— 31,7 мың адамды, 2012 жылы — 21,291 мың адамды құрады. 1999 жылы халықтың орташа тығыздығы— 4,66 адам/км², ал 2012 жылы — 3,13 адам/км² болды.

Тарихы

1928 жылы 17 қаңтарда Фёдоров ауданы құрылды, ол 1928 жылы 23 маусымда Максимо-Горьков ауданы болып өзгертілді. Қашыр ауданы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1963 жылғы 2 қаңтардағы Жарлығымен Максимо-Горький ауданының жойылуы және аумағының құрамына беру нәтижесінде Қашыр ауданы құрылды.

Әкімшілік-аумақтық бөлінуі

Аудан аумағында 14 ауылдық аймақ бар: Қашыр, Байқоныс, Береговой, Берёзовский, Бобровский, Верненский, Воскресенский, Жаңақұрылыс, Ивановский, Калиновский, Коммунарский, Октябрьский, Песчанский, Фёдоровский.

Экономика

Өнеркәсібі

Жөндеу-механикалық, май және нан зауыттары, құрылыс материалдары мен конструкуциялар комбинаты, тұрмыстық қамтамасыз ету, ағашты қайта өндеу комбинаттары, құрылыс және автокөліктік кәсіпорындары, типография бар.

Ауылшаруашылық

Ауданның ауылшаруашылық мамандандырылуы: сүт және ет-сүтті мал шаруашылығы, бидай шаруашылығы. Бидай, тары, қаратұмық, күнбағыс өсіріледі, ұсақ тері шикізаты өндіріледі. Ауданда 15 ауылшаруашылық және 145 шаруа қожалықтары, 7863 жеке қоныстар; 41 қайта өндеу объектілері: 12 шағын-диірмендер, 1 сүтті қайта өндеу бойынша цех, 10 күнбағыс өндіру бойынша цехтар бар.

Әлеуметтік сала

Білім беру мен ғылым

2012 оқу жылында 31 жалпы білім беру мектептері, 3 мектепалды мекемелері мен 2 кәсіби мектептер қызмет етеді.

Денсаулық сақтау

Ауданда Қашыр орталық аудандық аурухана қызмет етеді, бас дәрігер Әмірқан Тұрғылдинов.

Мәдениет

1934 жылдан бастап аудандық «Заря» газеті шығарылады. Ауданда жылжымайтын мәдениет және тарихи ескерткіштері бар: Кеңес Одағының батыры А.Н. Елгиннің мүсіні, 1964 ж, Қашыр ауылы

  • XIX ғ. аяғындағы А.Н. Елгиннің үйі, Қашыр ауылы
  • Еңбек мәртебесі ескерткіші, ДТ-54 тракторы , 1979 жылғы ГАЗ-АА автомашинасы, Березовка ауылы

Әйгілі адамдар

Кеңес Одағының батырлары: А. Н. Ёлгин, М. М. Катаев, В. В. Степаненко, Қ. М. Сұрағанов ; Социалистік Еңбек Ерлері: Ж. Әбілқайыров, Н. Әлжанов, В. С. Выдрин, З. А. Жуков, Д. С. Козолуп, Т. И. Рахманин, П. С. Рябова, Н. М. Соколов.

Дереккөздер

  1. ↑ Павлодардың облысының статистикасының департаменті


Қашыр ауданы Туралы Ақпарат


Қашыр ауданы
Қашыр ауданы

Қашыр ауданы Туралы Видео


Қашыр ауданы Сіз қарап жатырсыз.
Қашыр ауданы дегеніміз не, Қашыр ауданы кім, Қашыр ауданы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video



Кездейсоқ Мақалалар

әлеуметтік Есеп

Facebook Twitter VK
Copyright © 2014. Іздеу Жүйелерінде