Фарер аралдары


Дания

Әнұраны:

Tú alfagra land mítt

Статусы:

Тәуелді аймақ

Әкімшілік орталығы:

Торсхавн (Tórshavn) (19.282)

Құрылған уақыты:

1 сәуір 1948

:

Королева Маргрете II
Дан Кнудсен
Кай Лео Йоханнесен

ЖІӨ (2006):

2,2 млрд.  (45250)

Ресми тілі:

Фарер тілі, Дат тілі

Тұрғыны (2008):

48400 (205 орын)

Тығыздығы:

34,8 адам/км²

Жер аумағы:

1395,74 км²

Уақыт белдеуі:

0

Телефон коды:

298

Координаттар: 61°53′43″ с. е. 6°54′16″ б. б. / 61.895278° с. е. 6.904444° б. б. (G) (O)61.895278, -6.904444

Фарер аралдары — Еуропада орналасқан аралды ел. Исландияның шығысында, Норвегияның батысында жайғасқан. Данияға бағынатын автономия. Фарер аралдары — Атлант мұхитының солтүстік-шығыс бөлігінде, Норвег теңізінде орналасқан аралдар тобы. Жалпы ауд. 1,4 мың км² болатын 34 аралдан тұрады, оның 18-іне адамдар қоныстанған. Аралдар жанартаулар әрекеттерінен пайда болып, туф және базальт тау жыныстарынан түзілген. Жер бедері мұздықтардың әсерінен қалыптасқан. Ең биік жері 882 м (Слаттаратиндур тауы). Фарер аралдары өзара терең әрі тар бұғаздар мен фьордтар арқылы бөлінген. Фарер аралдарының теңіздік субарктикалық ылғалды климатына жылы Солтүстік Атлант ағысының әсері зор. Суы балыққа бай. Теңіз құстарының түрі көп, жағалауларында құс базары ұшырасады. Жерінде қалың шалғынды, шымтезекті батпақтар кең таралған. Фарер аралдары 1380 жылдан Дания корольдығының құрамында, ал 1948 жылдан Данияның автоном. облысын құрайды, әкімшілік жағынан 8 ауданға бөлінген. Халқы 46 мың адам. Әкімшілік орталық — Торсхавн (Стреймой аралында). Экономикасының басты салалары — балық және қой ш. жатады. Жағалауында мұнай өндіріледі. Фарер аралдарында викингтер дәуірінен қалған ескерткіштер сақталған.

Сыртқы сілтемелер

  • Official site
  • Official tourist site
  • Flick photo set

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Føroyar
     Солтүстік кеңес елдері

Мүше елдер: ДанияИсландияНорвегияФинляндия • Швеция
Одақтас мүшелер: Аланд аралдарыГренландияФарер аралдары
СК кеңселері барлары: ЭстонияРесей (Санкт-Петербург, Калининград)

Тағы Скандинавия елдерін қараңыз

 


 Осы мақала Фарер аралдары туралы бастама боп табылады. Бұны толықтырып, Уикипедияға көмектесуіңізге болады.


Фарер аралдары Туралы Ақпарат

Фарер аралдары

Фарер аралдары
Фарер аралдары

Фарер аралдары Туралы Видео


Фарер аралдары Сіз қарап жатырсыз.
Фарер аралдары дегеніміз не, Фарер аралдары кім, Фарер аралдары сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video