Thu . 19 Mar 2019

Самшит

самшит фото, самшит
Самшит - өзі аттас өсімдік тұқымдасының бір туысы. Мәңгі жасыл, бір үйлі, дара жынысты бұта. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, шеті тегіс, жемісі қорапша. Самшиттің 40-тан аса түрі бар, негізінде Азияның оңтүстік шығысында, Жерорта теңізі аймағында, Европаның Атлант мұхиты жағалауында, Сокотра, Мадагаскар аралдарында өседі. КСРО-де 3 түрі кездеседі. Колхида С-і (B.colchica) Кіші Азияда, КСРО –де Кавказ сырты батысында өседі. Биіктігі 15-18 м, діңі тік, диаметрі 0,5 м-ге дейін, жапырағының ұзындығы 20-25 мм, ені 10-12 мм, ашық жерде 15, қалың орманда 40-60 жасында гүлдеп жеміс береді. Гиркана С-і (B.hyrcana) Иранда (Каспий жағалауы), КСРО –де Талшын тауының (Азербайджан КСР-і) төменгі аңғарларында өседі. Граб, талшын жапырақты емен, темір ағаш өскен ормандарда кездеседі. Жапырағының ұзындығы 27-35 мм, ені 10-14 мм. Мәңгі жасыл Самшит- биіктігі 8 м-ге дейінгі ағаш не 1 м-дей бұта, жапырағының ұзындығы 15-23 мм, ені 5-11 мм. Табиғи түрі Алжирде, Жерорта теңізі аймағында өседі. КСРО-де әсемдік өсімдік ретінде Қырымда өсіріледі. Самшит ағашы сүрегі сарғылт, өте қатты, ауыр, одан әртүрлі бұйым, аспап жасалады. Дің қабығы мен жапырағы ертеде дәрі-дәрімек ретінде пайдаланылған, жапырағы мен бұтақтарынан жүн бояу алынған, жапырағы улы келеді.

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 12 бет

самшит, самшит болезни и лечение, самшит вечнозеленый, самшит колхидский, самшит купить, самшит маркет, самшит посадка, самшит уход, самшит фото, самшитовая огневка


Самшит Туралы Ақпарат

Самшит


  • user icon

    Самшит beatiful post thanks!

    29.10.2014


Самшит
Самшит
Самшит Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Самшит бұл, Самшит кім, Самшит сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

 Басқа мағыналар үшін Ақши деген бетті қараңыз Ақши — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдіг...
Тайланд

Тайланд

Координаттар: 14°27′00″ с. е. 100°56′00″ ш. б. / 14.45° с. е. 100.933333° ш. б...
Динан (Кот-д'Армор)

Динан (Кот-д'Армор)

Динан (фр. Dinan) — Франциядағы коммуна. Бретань аймағына қарасты Кот-д'Армор департаментінде орнала...
Ер Тарғын көшесі (Астана)

Ер Тарғын көшесі (Астана)

Бұрынғы атауы №20 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ер Тарғын көшесі Арқайым көшесінен бас...