Польша


Координаттар: 52°13′00″ с. е. 21°02′00″ ш. б. / 52.216667° с. е. 21.033333° ш. б. (G) (O)52.216667, 21.033333

Польша, Польша Республикасы[3] — Орталық Еуропадағы мемлекет. Жер аумағы — 312,7 мың км². Халқы 38,5 млн. (2014). Халқының басым бөлігі поляктар (97,1%), қалғандары немістер (1,3%), беларусьтар (0,6%), украиндар (0,5%), т.б. Ресми тілі — поляк тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің католик, солтүстік аудандандары протестант тармақтарын ұстанады. Конституция бойынша мемлекет басшысы президент. Жоғарғы заң шығарушы органы — екі палаталы парламент (сейм және сенат). Астанасы — Варшава қаласы. Әкімшілік жағынан 16 провинцияға (воеводаларға) бөлінген. Ұлттық мейрамы —11 қараша — Тәуелсіздік күні. Ақша бірлігі — злота.

Мазмұны

  • 1 Табиғаты
  • 2 Тарихы
    • 2.1 Біздің заманымыздан бұрынғы Польша
    • 2.2 Орта ғасырлардағы Польша
    • 2.3 Жаңа заманда
    • 2.4 Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
    • 2.5 Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
    • 2.6 Тәуелсіздік жолында
  • 3 Экономикасы
  • 4 Тағы қараңыз
  • 5 Дереккөздер

Табиғаты

Польшаның топологиялық картасы

Польша жерінің 90%-нан астамы жазық, тау массивтері оңтүстік жағында ғана кездеседі. Балтық теңізімен жалғасатын бөлігі жатық, құмды. Солтүстік Польшаның жер бедерін негізінен аккумуляттық шөгінділерден түзілген Ұлы Польша, Мазовия және Подляс ойпаттары алып жатыр. Бұларға оңтүстіктен Силезия, Кіші Польша, Люблин ассимметриялық қыраттары жалғасады. Польшаның оңтүстік-батыс шетінде Судет тау массиві, оңтүстікнде және оңтүстік-шығысында Карпат тауының сілемдері (ең биік жері 2499 м) орналасқан. Климаты қоңыржай, батысынан шығысына қарай теңіздік климаттан континенттікке ауысады.

Висла өзені

Қаңтардағы орташа температура теңіз жағалауында және батысында 1⁰С, таулы өңірінде 6⁰C; шілдеде 17⁰C, таулы өңірде 10 — 14⁰C. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 500 — 1000 мм. Өзен торы негізінен Балтық теңізі алабына жатады. Аса ірі — өзендері Висла және Одра. Аумағының 27,6%-ы орман (көбіне қылқан жапырақты ағаш түрлері басым).[4]

Тарихы

Біздің заманымыздан бұрынғы Польша

Польша жерін адамдар палеолит заманынан бастап мекендеген. Б.з.б 7 ғ. — б.з. 4 ғ-нда Польша аумағында әртүрлі халықтар (кельттер, германдар, батыс славяндар, т.б.) тұрды.

Орта ғасырлардағы Польша

Поляк жеріне христиан дінінің таралуы, 10ғ.

7 — 10 ғ-ларда батыс славяндар этникалық жағынан біріге бастады. 966 ж. поляк халқы христиан дінін қабылдады. 11 ғ-дың басында герман-поляк соғысы болып, Будушин келісімі бойынша Лужица, Мишен және Моравия жерлері Польшаға қосылды. Осы ғасырда “Қасиетті Рим империясы” мен Чехия Польшаға қарсы жиі-жиі соғыс ашып тұрды. 11 ғ-дың аяғы мен 13 ғ-дың басында Польша мемлекеті әлсіреп, саяси бытыраңқылық кезеңі басталды. 1226 жылдан Польшаға Тевтон орденінің шабуылы күшейді. 1241, 1259 және 1287 ж. Польшаға Алтын Орда әскерлері басып кірді. 13 ғ-дың соңында Польша жері саяси жағынан бірігіп, экономикасы дамыды.

Польша-Литва одағы

1385 ж. Тевтон орденіне қарсы тұру үшін Ұлы Литва князімен Кревск униясына қол қойды. 1410 ж. польша-литва және қыпшақ (Алтын Орда) әскерлерінің біріккен күштері Грюнвальд шайқасында жеңіске жетті. Тевтон орденімен он үш жылға созылған (1454 — 66) соғыста шығыс Поморье, Хельм және Михайлов жерлерін қайтарып алып, Тевтон орденін өзінің вассалына айналдырды. 15 ғ-да біртұтас Польша мемлекеті құрылды. 1569 ж. Польша королі мен Ұлы Литва княздігі бірігіп, Речь Посполитая деп аталатын мемлекет құрылды.

Жаңа заманда

1814ж. Польша картасы

1648 — 54 ж. Польшаға қарсы украин халқының азаттық соғыстарына Ресей қолдау көрсетіп, Украинаның едәуір бөлігін өзіне қаратып алды. 17 ғ-дың 2-жартысында Польша Швециямен, Осман сұлтандығымен болған соғыста біраз жерінен айырылды. 18 ғ-дың 2-жартысынан Пруссия, Ресей және Австрия Речь Посполитаяға ықпалын жүргізу үшін өзара күрес жүргізді. 1772 — 73 ж. үш мемлекет Польша жерін бөліске салды. 1794 ж. Польша патриоты Т.Кастюшко бастаған көтеріліс болды. 1795 ж. Речь Посполитая үшінші рет бөліске түсіп, тәуелсіздігінен біржола айырылды. 1807 ж. Наполеон Пруссия әскерлерін талқандап, өзі басып алған поляк жерлерінің бір бөлігінде Францияға тәуелді Варшава герцогтыгын құрды. 1830 ж. Ресейге қараған Польша жерінде көтеріліс басталды. Ресей көтеріліске қатысқандарды Сібірге жер аударылды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында

1915 ж. жазда герман, австрия-венгрия әскерлері бүкіл Польша корольдігінің жерін басып алды. 1-дүниежүзілік соғыс аяқталысымен, олардың әскерлері Польша жерінің көп бөлігінен шығарылды. 1918 ж. 11 қарашада Польша тәуелсіздік алып, 2-Речь Посполитая мемлекеті жарияланды. 1920 ж. сәуір айында Кеңес өкіметімен соғыс болып, Рига келісімі бойынша Батыс Украина мен Батыс Беларусь жерлері Польшаға берілді. 1920 ж. қазан айында Литваның Вильнюс облысын өзіне қосып алды. 1926 — 35 ж. Польшада Пилсудский диктатурасы орнады.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында

1939 ж. қыркүйекте фашистік Германия Польшаға шабуыл жасап, 2-дүниежүзілік соғыс басталды. Кеңес-герман келісімшарты бойынша КСРО Батыс Украина мен Батыс Беларусь жерлерін өзіне қосып алды. Польша халқының фашизмге қарсы ұлт-азаттық қозғалысына Лондонда құрылған эммиграциялық үкімет пен КСРО басшылығындағы поляк коммунистері жетекшілік етті. 1944 ж. КСРО-ның қолдауымен Польшаның Уақытша үкіметі құрылды.

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен Польша жерінің бөлінуі

1945 ж. Қырым конференциясында АҚШ, Ұлыбритания және КСРО басшылары Польша мәселесін шешу туралы келісімге қол қойды. Польшаның батыс шекарасы Одра өзені мен оның сағасы Ниса-Лужица арқылы өтті. КСРО-ға сүйенген Коммунистік партия елдегі саяси билікті толық өз қолдарына алып, Поляк Халық Республикасын құрды. 1945 — 53 ж. Польша сталиндік қуғын-сүргін саясатына ұшырады.

Тәуелсіздік жолында

1945 — 80 ж. Польша коммунистік партиясы елдегі дағдарыстарды Кеңес әскерлерінің күшімен шешіп отырды. 1980 ж. Гданьск қаласында “Ынтымақ” кәсіподағы ұйымы құрылды. 1981 ж. осы ұйымды қолдаған Гданск, Гдыня қаласыларының халқы ереуілдер ұйымдастырды. Олар демократия орнатуды, Польша біріккен жұмысшы партиясы мен үкіметтің биліктен кетуін талап етті.

Польша 1999 ж. НАТО-ға, 2004 ж. Еуроодаққа мүше болып қабылданды.

Үкімет пен “Ынтымақ” ұйымы келіссөздер жүргізді. 1989 ж. маусымдағы сайлауда коммунистер жеңіліске ұшырады. Жаңадан сайланған парламенттің шешімімен Польша конституциясына өзгеріс енгізіліп, елдің атауы Польша Республикасы болып өзгертілді. 1990 ж. кезектен тыс сайлау өтіп, ел президенті сайланды. 1990 — 95 ж. Польшада нарықтық экономика реформалары жүргізілді. 1995 ж. қарашада өткен президенттік сайлауында социал-демократтар партиясы жеңіске жетті. Польша 1999 ж. Солтүстік Атлантика ұйымына (НАТО), 2004 ж. Еуроодаққа мүше болып қабылданды.

Экономикасы

Польша индустриялы-аграрлы ел. Экономикасының жетекші салалары — машина, кеме жасау, металл , химия, тамақ, тоқыма өнеркәсіптері. Елдің ауыл шаруашылығы негізінен қара бидай, астық, сұлы, жеміс-жидек және етті-сүтті ірі қара мал мен шошқа өсіруге бағдарланған. Экспортқа машина, химия, металл, тамақ, тоқыма өнімдері мен мыс, тас көмір шығарып, сырттан құрал жабдықтар, тұрмыстық тауарлар, шикізат алады.

Негізгі сауда серіктестері — ЕО елдері мен Ресей, Қазақстан мен Польша арасында байланыс 19 ғ-да басталды. 1830 — 1917 ж. Қазақстанға жер аударылған поляктар арасында қазақ мәдениетін зерттеуге үлес қосқан А. Янушкевич, Г. Зелинский, Б. Залесский және А. В. Затаевич те болды. 1936 — 39 ж. және 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында да поляктар Қазақстанға депортацияланды. Қазіргі уақытта Қазақстанның солтүстік облыстарында 60 мыңдай поляк өмір сүреді.

1994 ж. Қазақстан мен Польша арасында дипломатиялық байланыс орнап, Варшава қаласында Қазақстан елшілігі, Алматыда Польша елшілігі ашылды. 1999 ж. қазанда Қазақстанға Польша президенті А.Квасьневский ресми сапармен келіп қайтты. 2002 ж. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев Польшаға ресми сапармен барды. Қазақстанда Польшаның біріккен кәсіпорындары жұмыс істейді. Қазақстан Польшадан аяқкиім, жиһаз, дәрі-дәрмек, тау-кен машиналарын алады. Польша Қазақстаннан мұнай, сары фосфор, газ, көмір және металлургия өнімдерін сатып алады.

Тағы қараңыз

Польша қалаларының тізімі

  • Қазақ энциклопедиясы
  • История Польши с древнейших времен до наших дней, Варшава, 1995

Дереккөздер

  1. ↑ Główny Urząd Statystyczny. Baza Demografia. Ludność Polski. Stan na 30.06.2014. [1].
  2. ↑ Халықаралық пұл қоры
  3. Қазақстан энциклопедиясы, VII-том
  4. ↑ Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. —Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Польша
қ • т • ө Еуропа Одағы

Германия • АустрияБельгияБолгарияГрекия • Дания• ИрландияИспанияИталия • Құрама Патшалық • КипрЛатвияЛитваЛюксембургМажарстанМальтаНидерландПольшаПортугалияРумынияСловакияСловенияФинляндияФранцияШвецияЧехия • Эстония

қ • т • ө  Солтүстік Атлантика келісімінің ұйымы

Албания • Америка Құрама Штаттары • Бельгия • Болгария • Алмания • Грекия • Дания • Исландия • Испания • Италия • Канада • Құрама Патшалық • Латвия • Литва • Люксембург • Мажарстан • Нидерланд • Норвегия • Польша • Португалия • Румыния • Словакия • Словения • Түркия • Франция • Хорватия • Чехия • Эстония

қ • т • ө Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы/ Organisation de coopération et de développement économiques

Алмания • Америка Құрама ШтаттарыАустралияАустрия • Белгия • ГрекияДанияЖаңа ЗеландияЖапонияИрландияИсландияИспанияИталияКанада • Құрама Патшалық • Лүксембор • МажарстанМексика • Недерландия • Норуегия • Оңтүстік Корея • Польша • Портуғалия • Слоуакия • Түркия • Финландия • ФранцияЧехияШвеция • Швейцария

қ • т • ө Франкофония Мүшелері: АлбанияАндорраБельгияБенинБолгарияБуркина-ФасоБурунди • Вануату • ВьетнамГабонГаитиГанаГвинея • Гини-Биссау • ГрекияДжибутиДоминикаКабо-ВердеКамбоджаКамерунКанадаКипр • Камарлар • Конго Демократиялық РеспубликасыКонго РеспубликасыКот-д’ИвуарЛаосЛиванЛюксембургМаврикийМавританияМадагаскар • Македония • МалиМароккоМонакоМысырНигерОрталық Африка РеспубликасыРуандаРумынияСан-Томе және Принсипи • Сейшель аралдары • Сенегал • Сент-Люсия • ТогоТунисФранция • Ташад • Швейцария • Экваторлық Гвинея

Бақылаушы елдер: АустрияАрменияГрузияЛитваМажарстанМозамбикПольшаСловакияСловенияСербияУкраинаХорватия • Чехия



Польша Туралы Ақпарат


Польша
Польша

Польша Туралы Видео


Польша Сіз қарап жатырсыз.
Польша дегеніміз не, Польша кім, Польша сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video