Mon . 18 Dec 2018

Босния және Герцеговина

босния герцеговина
Координаттар: 44°06′00″ с. е. 17°58′00″ ш. б. / 44.1° с. е. 17.966667° ш. б. (G) (O)44.1, 17.966667

Босния және Герцеговина - (серб. Босна и Херцеговина, босн. Bosna i Hercegovina) - Еуропадағы Балқан түбегінде орналасқан ел.
Босния мен Герцеговина -— Балқан түбегінің орталығында, негізінен, Динар таулы қыратын алып жатқан мемлекет. Жерінің аум. 51 мың км². Халқы 4,4 млн. Халқының 31,4%-і — сырыбтар, 17,3%-і — хорваттар, қалғандары албан, түрік және т.б. ұлттар өкілдері. Астанасы — Сараево қаласы. Ресми тілдері: босния, сырыб, хорват тілдері. Тұрғындарының көпшілігі мұсылмандар, бұған қоса православие және католик дініндегілер де тұрады. Париж бейбіт келісімі бойынша Б. мен Г-ны 3 адамнан тұратын Президиум басқарады. Заң шығарушы органПарламент ассамблеясы, үкіметті Министрлер кеңесі басқарады.

Мазмұны

  • 1 Әкімшілік бөлінуі
  • 2 Географиялық мәліметтер
  • 3 Тарих
  • 4 Дереккөздер

Әкімшілік бөлінуі

Босния және Герцеговина - екі энтитеттен және бір дистрикттен құрастырылған федеративтік мемлекет. Энтиттері - Српска республикасы және Босния және Герцеговина федерациясы (БиХ федерациясы). Српска республикасы Босния және Герцеговинаның - 49% жерін алады, Босния және Герцеговина федерациясы мемлекеттің 51% жерін алады. Жалғыз дистрикттің атауы - Брчко. БиХ федерациясы он кантонға бөлінеді:

  • Унско-сански кантон
  • Посавски кантон
  • Тузлански кантон
  • Зеничко-добојски кантон
  • Босанско-подрињски кантон
  • Средњобосански кантон
  • Херцеговачко-неретвански кантон
  • Западнохерцеговачки кантон
  • Кантон Сарајево
  • Западнобосански кантон

Географиялық мәліметтер

Босния мен Герцеговинаның жер бедері таулы. Климаты жерортатеңіздік, континенттік. Қаңтар айының көп жылдық орташа темп-расы –1 — 3°С, шілдеде 20°С. Жылдық орташа жауын-шашын мөлш. 400 — 600 мм. Тау аңғарларымен өзен арналарында емен, шырша, қайың аралас орман өскен. Кен байлықтары: темір, қорғасын, мырыш, боксит және т.б.

Тарих

Қазіргі Босния мен Герцеговинаның жерін 6 — 7 ғасырларда славяндар қоныстана бастады. Олар 7 — 14 ғасырларда алдымен князьдікке, кейіннен корольдікке бірікті. 15 ғасырдан бастап Осман сұлтандығына бағынды. Ал 1878 ж. Австрия — Венгрияның қол астына өтті. 1-дүниежүзілік соғыстан кейін, 1918 жылдан бастап Югославия корольдігінің қол астына көшті. 1941 ж. елді Германия басып алып, “тәуелсіз Хорват үкіметінің” басқаруына берді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Югославияның құрамына одақтас 6 республиканың бірі ретінде кірді. 1990 ж. қараша айында Босния мен Герцеговинаның республикасында 1-ші рет көппартиялық сайлау өтті. Нәтижесінде республика тұрғындары мұсылман, серб, хорват болып 3-ке бөлініп, өзара қақтығыстар орын алды. 1992 ж. сәуір айында мұсылмандар мен хорваттар елдің тәуелсіздігін жариялады да, БҰҰ-ның құрамына кірді. Бұған серб тұрғындары көнбей, екі жақ ортасында қарулы қақтығыстар басталып, соғыс 1995 жылдың қыркүйек айына дейін созылды. АҚШ, Ресей және Еуропа Одағы елдерінің араласуымен 1995 ж. 14 желтоқсанда Босния мен Герцеговинаның, Югославия, Хорватия өзара бейбіт келісімге қол қойды. Елде металлургия, машина жасау, химия, көмір өндірістері жақсы дамыған.

Дереккөздер

  1. ↑ Bosnia and Herzegovina - CIA World Factbook
  2. ↑ Report for Selected Countries and Subjects (англ.)
  3. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том



босния герцеговина


Босния және Герцеговина Туралы Ақпарат

Босния және Герцеговина


  • user icon

    Босния және Герцеговина beatiful post thanks!

    29.10.2014


Босния және Герцеговина
Босния және Герцеговина
Босния және Герцеговина Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Босния және Герцеговина бұл, Босния және Герцеговина кім, Босния және Герцеговина сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік – Ақтөбе облысының Темір ауданындағы ауыл, Шығырлы ауылдық округінің құрамында Халқы 211 ада...
Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасының Ұлттық жиналысы (국회 (Кукхве)) — Корея Республикасының бірпалаталы, 300-орынды ...
IC 213

IC 213

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Тоқты Тура шарықтауы 02h 1...
Бейіт

Бейіт

Бейіт - қайтыс болған адамның зиратта жерленіп белгі қойылған орны. Бейіт- араб тілінде «үй», «пәтер...