Wed . 18 Nov 2018

Қарауыл

қарауылдық қызмет
Қарауыл– қару-жарақ қоймасын, әскери техниканы және т.б. әскери объектілерді күзететін және қорғайтын бөлім. Гарнизондық Қ-ға және күзет кызметтеріне әскери округ көлемінде әскери округтің қолбасшысы, ал гарнизон көлемінде гарнизон бастығьі басшылык етеді. Соғыс кезінде гарнизондық Қарауыл мен күзет қызметтеріне майдан (армия) көлемінде майдан (армия) қолбасшысы басшылық етеді. Гарнизондық қарауыл мен күзет қызметтеріне карулы күштердің әскер түрлерінің барлығы да қатыстырылады. Бүл қызметтерге қатыстырылмайтын әскери бөлімдерді әскери округтің қолбасшысы белгілейді. Мемлекеттік кауіпсіздік комитетінің әскери бөлімдері гарнизонның қарауыл қызметіне қойылмайды. Гарнизондағы әскери бөлімдердің гарнизондык қызмет атқаратын мерзімі мен тәртібін гарнизон бастығы бөлімдердің құрамы мен атқаратын қызметіне қарай белгілейді.

Қарауыл қызметті

Қару-жарақ пен ұрыс техникасы қоймаларын қорғау мен берік күзетуге, сондай-ақ гауптвахтада жатқан адамдарды күзетуге арналған ерекше қызмет. Қарауыл кызметін атқару жауынгерлік міндетті орындау болып табылады және ол жеке кұрамнан жарғылық міндеттерін бұлжытпай орындауды, батыл шешімділікті, барынша қырағылық пен бастамашылдықты талап етеді. Қарауыл қызметін атқару үшін қарауылдар жасақталады. Олар Қарулы Күштердің гарнизон және қарауыл кызметтері жарғысында белгіленген қызмет адамына бағынады.

Қарауылды тарату

Қарауылдық қызметін бастар алдында қарауылдарды күн сайынғы тексеру. Қарулы Күштерде қарауылды тарату кезінде карауылдың қызметке даярлығы тексеріледі де, олар қарауылдар бойынша (бөлім бойынша) кезекшінің бағынышына өтіп, бұрынғы қарауылдармен алмасу құқығын алады. Қарауылды тарату 40 минуттан аспауы керек. Гарнизон қарауылдарын тарату орны мен уақытын гарнизон бастығы, ал ішкі карауылдар үшін бөлім командирі белгілейді, мұнда карауылдардың тарату орнына жету үшін кететін уақыты мен тарату орнынан қарауыл орнына жету уақыты бір жарым сағаттан аспауы керек. Гарнизон қарауылдарын таратуды қарауылдар бойынша кезекші, ал ішкі (кемедегі) қарауылдарды таратуды бөлім (кеме) кезекшісі жүргізеді.

Дереккөздер

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл
Бұл — әскери іс туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы Уикипедияға көмектесе аласыз.

қарауылдық қызмет


Қарауыл Туралы Ақпарат

Қарауыл


  • user icon

    Қарауыл beatiful post thanks!

    29.10.2014


Қарауыл
Қарауыл
Қарауыл Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Қарауыл бұл, Қарауыл кім, Қарауыл сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Агрономиялық кендер

Агрономиялық кендер

Агрономиялық кендер[1], кентастар – минералдық тыңайтқыштар алынатын шикізат (құрамында фосфор, кали...
NGC 4705

NGC 4705

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Уильям Гершель Ашылу уақыты 22 ақпан 1787 Бақылау мәлім...
Алимена

Алимена

Алимена (итал. Alimena) — Италиядағы коммуна, Сицилия әкімшілік аймағына қарасты Палермо провин...
Авйот

Авйот

Авйот (фр. Avioth) — Франциядағы коммуна. Лотарингия аймағына қарасты Мез департаментінде орналасқан...