Wed . 18 Dec 2018

Румыния

румыния, румыния карта
Координаттар: 45°54′00″ с. е. 25°02′00″ ш. б. / 45.9° с. е. 25.033333° ш. б. (G) (O)45.9, 25.033333

Румыния (рум. România) – Еуропаның оңтүстік - шығыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы 237,5 мың км² , астанасы – Бухарест қаласы. Халқы 21 млн-нан астам (2013) . Ресми тілі – румын тілі. Мемлекет басшысы – президент. Үкімет басшысы–премьер-министр. Жоғарғы заң шығарушы органы – бір палаталы парламент. Әкімшілік жағынан 40 уезге бөлінеді. Ұлттық мейрамы – Румынияның ұлттық күні – 1 жетоқсан (1990). БҰҰ -ға және Еур. Кеңеске мүше. Ақша бірлігі – лей.

Мазмұны

  • 1 Атау этимологиясы
  • 2 Географиялық орны
  • 3 Өнеркәсіп
  • 4 Дереккөздер
  • 5 Дереккөздер

Атау этимологиясы

Елдің аты лат. romanus — «римдiк» сөзінен шыққан.

Географиялық орны

Румыния жері негізінен Төменгі Дунай алабын алып жатыр. Қара теңіздің румыниялық жағалауы 245 км-ге жетеді. Румыния аумағы орташа биік таулы(800 м-ден жоғары), төбелі-белесті немесе қыратты (200-800м), ойпатты келеді. Жері Шығыс Қарпат, Оңтүстік Қарпат және Батыс Румын тауларына бөлінеді. Шығыс Қарпат солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 300 км-ге созылған. Биік жері–Пьетрос тауы (2305 м). Оңтүстік Қарпаттың жалып ұзындығы 270км. Биік жері–Молдовяну тауы, 2543 м. Батыс Румын таулары Бихор массивінен (1848 м-ге дейін),Траскэу және Металич жоталарынан тұрады. Оңтүстік және Шығыс Қарпат аралығында Трансильвания үстірті орналасқан. Румынияның басты өзені–Муреш. Аумақтық көлдері Дунай аңғарында ( Потелу, Гряка, Кэлэраши, Братеш) және Қара теңізі жағалауында.

Өнеркәсіп

Румыния аграрлы-индустриялық орташа дамыған ел. Еуропаның көптеген елдеріне қарағанда қазба байлықтары мол. Мұнай мен табиғи газ (Еуропадағы алдыңғы орында), тас көмір, боксит, темір мен тас, мыс, т.б өндіріледі. Қара металлургия (болат, прокат, құбырлар) және түсті металлургия (алюминий, қорғасын, мырыш, мыс) дамыған. Мәшине жасау саласы ауыл шаруашылығы және құрылыс мәшинелерін, электрондық және электртехникалық жабдықтар, оптика, станоктар, құрылғылар, автобустар, жеңіл және жүк мәшинелерін, темір жол вагондарын, локомотив, кеме, тракторлар шығарады. Жеңіл және тамақ өнеркәсібіне арналған өндіріс орындары жұмыс істейді. Химия, цемент, шыны, ағаш (Еуропада 2-орын) және тоқыма өндірісі дамыған. Ауыл шаруашылығы елді азық-түлікпен толық қамтамасыз етеді. Бидай, картоп, қара бидай, жүгері, арпа, қант қызылшасы, күнбағыс, көкөніс, темекі, кенеп өсіріледі. Жоғары дамыған жүзім шаруашылығы бар. Мал шаруашылығы салаларынан қой және етті сиыр өсіру басым. Экспортқа мәшине және құрал-жабдықтар, жанар-жағар май, химикаттар, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін, азық- түлік, шикізат, тыңайтқыш, цемент, жиһаз, аяқкиім, металл бұйымдарын шығарады. Импортының негізін мәшинелер мен құралдар-жабдықтар, минералдық және өсімдік шикізаты, қара және түсті металдар прокаты, тоқыма бұйымдары құрайды. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлшері 4290 АҚШ долларына тең. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Италия, Франция, АҚШ, Орталық және Шығыс Еуропа елдері.

Дереккөздер

"Қазақ энциклопедиясы" Алматы,2011

қ • т • ө Еуропа Одағы

Германия • АустрияБельгияБолгарияГрекия • Дания• ИрландияИспанияИталияҚұрама Патшалық • КипрЛатвияЛитваЛюксембургМажарстанМальтаНидерландПольшаПортугалияРумынияСловакияСловенияФинляндияФранцияШвецияЧехия • Эстония

қ • т • ө Латын одағы

Ангола • АндорраАргентинаБоливияБразилияВатиканВенесуэлаГвинея-БисауГватемалаДоминикан РеспубликасыЭквадорИспанияИталияКабо-ВердеКоста-РикаКот-д’ИвуарКубаМальтаМексикаМозамбикМолдоваМонакоНикарагуаГондурасПанамаПарагвайПеруФилиппиндерПортугалияРумынияСан-Томе және ПринсипиСан-МариноСенегалУругвайФранцияЧили

қ • т • ө  Солтүстік Атлантика келісімінің ұйымы

Албания • Америка Құрама Штаттары • Бельгия • Болгария • Алмания • Грекия • Дания • Исландия • Испания • Италия • Канада • Құрама Патшалық • Латвия • Литва • Люксембург • Мажарстан • Нидерланд • Норвегия • Польша • Португалия • Румыния • Словакия • Словения • Түркия • Франция • Хорватия • Чехия • Эстония

қ • т • ө Франкофония Мүшелері: АлбанияАндорраБельгияБенинБолгарияБуркина-ФасоБурундиВануатуВьетнамГабонГаитиГана • Гвинея • Гини-Биссау • ГрекияДжибутиДоминикаКабо-ВердеКамбоджаКамерунКанадаКипр • Камарлар • Конго Демократиялық РеспубликасыКонго РеспубликасыКот-д’ИвуарЛаосЛиванЛюксембургМаврикийМавританияМадагаскар • Македония • МалиМароккоМонакоМысырНигерОрталық Африка РеспубликасыРуандаРумынияСан-Томе және Принсипи • Сейшель аралдары • СенегалСент-ЛюсияТогоТунисФранция • Ташад • Швейцария • Экваторлық Гвинея

Бақылаушы елдер: АустрияАрменияГрузияЛитваМажарстанМозамбикПольшаСловакияСловенияСербияУкраинаХорватия • Чехия

қ • т • ө Қара теңіз экономикалық ынтымақтастығы ұйымы

 Албания •  Армения •  Әзірбайжан •  Болгария •  Грузия •  Грекия •  Молдова •  Румыния •  Ресей •  Сербия •  Түркия •  Украина

Үлгі:Latin Europe

Дереккөздер

  1. Парламент Румынии выразил доверие новому правительству страны 07.05.12г.
  2. ↑ Новое правительство Румынии возглавил социал-демократ 02.05.12г.
  3. ↑ Председателем Сената Румынии избран лидер национал—либералов Крин Антонеску
  4. ↑ В РУМЫНИИ ПРОИЗОШЛА СМЕНА ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ВЛАСТИ 04.07.12г.  (орыс.)
  5. a b Census.gov Country Rank. Countries and Areas Ranked by Population: 2013. U.S. Department of Commerce (2013). Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 мамыр 2013. Тексерілді, 9 мамыр 2013.
  6. ↑ , IMF World Economic Outlook Database, October 2009
  7. ↑ Explanatory Dictionary of the Romanian Language, 1998; New Explanatory Dictionary of the Romanian Language, 2002 (ro). Dexonline.ro. Тексерілді, 25 қыркүйек 2010.

румыния, румыния евровидение 2017, румыния из минска, румыния карта, румыния на карте, румыния столица, румыния туризм, румыния украина, румыния флаг, румыния фото


Румыния Туралы Ақпарат

Румыния


  • user icon

    Румыния beatiful post thanks!

    29.10.2014


Румыния
Румыния
Румыния Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Румыния бұл, Румыния кім, Румыния сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Итмұрын (айрық)

Итмұрын (айрық)

Итмұрын: Итмұрын — раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер: ...
Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен (нем. Ermershausen) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан ...
Эльтман

Эльтман

Эльтман (нем. Eltmann) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан қала. Төме...
IC 2921

IC 2921

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Арыстан Тура шарықтауы 11h ...