Теректі (Алматы облысы)


Tepeктi - Алакөл ауданындағы ауыл, аудандық әкімшілік округ орталығы. Аудан орталығы - Үшарал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 62 км жерде, Теректі өзенінің жағасында, Шыбынды тауының оңтүстік етегінде, бұта аралас бетеге, боз, селеу басым өскен коңыр, қызғылт қоңыр топырақты дала белдемінде орналасқан. Тұрғыны 2,3 мың адам (2002). 1993 жылға дейін "Осиновка" деп аталған. 1951-97 ж. Үйгентас ауданының "Победа" ұжымшарының орталығы болды. Оның негізінде Теректіде және округке қарасты Талдыбұлақ ауданында егіншілік кооператив және бірнеше шаруа қожалығы құрылды. Ауылдарда орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары баска елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

  1. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3






Теректі (Алматы облысы) Туралы Ақпарат


Теректі (Алматы облысы)
Теректі (Алматы облысы)

Теректі (Алматы облысы) Туралы Видео


Теректі (Алматы облысы) Сіз қарап жатырсыз.
Теректі (Алматы облысы) дегеніміз не, Теректі (Алматы облысы) кім, Теректі (Алматы облысы) сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video