Sun . 18 Oct 2018

Бастауыш

бастауыш пен баяндауыш, бастауыш сынып сайты
Морфология

  • Сөз құрамы
    1. Түбір
    2. Жұрнақ
    3. Жалғау
      • Көптік жалғау
      • Тәуелдік жалғау
      • Септік жалғау
      • Жіктік жалғау
  • Сөз таптары
    1. Зат есім
    2. Сын есім
    3. Сан есім
    4. Есімдік
    5. Етістік
    6. Үстеу
    7. Шылау
    8. Еліктеу сөз
    9. Одағай

Синтаксис

  • Сөз тіркесі
  • Сөйлем мүшелері
    1. Бастауыш
    2. Баяндауыш
    3. Анықтауыш
    4. Пысықтауыш
    5. Толықтауыш

Бастауыш деп сөйлемде атау септік тұлғасында тұрып, ойдың иесі болатын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз.

Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімің? нең? кімі? несі? қайсысы? қаншасы? нешеуі? деген сұраулардың біріне жауап береді

Мазмұны

  • 1 Бастауыш болатын сөз таптары
  • 2 Дара бастауыш
  • 3 Күрделі бастауыш
  • 4 Әдебиет

Бастауыш болатын сөз таптары

Сөйлемде бастауыш әр түрлі сөз табынан бола береді:

  1. Зат есімнен болады.
  2. Есімдіктен болады. Мысалы: Бұл - менің келешектен күткен үмітім.
  3. Сан есімнен болады. Мысалы: Алты екіге бөлінеді
  4. Заттық мағынада қолданылып, атау тұлғада тұрған сын есім, есімше және тұйық етістік сөйлемде бастауыш бола алады: Мысалы: Жақсы (сын есім) - көпке ортақ (мақал). Оқыған (есімше) білер әр сөзді. (Абай). Отанды қорғау (тұйық етістік) - абыройлы іс.
  5. Заттық мағынаға ие болып, бастауыштың сұрауына жауап беретін үстеу, одағай, шылау сөздер де бастауыш бола алады. Бірақ бұлар сөйлемде өте сирек кездеседі. Мысалы: Жалқаудың ертеңі бітпес (мақал). Сенің опырмайың қашан қалады? Және - жалғаулық шылауы.


Дара бастауыш

Дара бастауыш - жеке бір сөзбен айтылған бастауыш.

Күрделі бастауыш

Күрделі бастауыш деп екі я бірнеше сөздің тізбегінен жасалып, бір-ақ ұғымды білдіретін бастауышты атайды.

Күрделі бастауыш мына сияқты жолдармен жасалады:

  1. Екі я бірнеше сөздердің тіркесінен құралған зат атауы. Мысалы: Каспий теңізі - әлемдегі ең үлкен көл боп саналады
  2. Қос сөз түріндегі зат есімдер: Мысалы: Әке-шешем жасымда асырады, бақты, адам қылды.
  3. Ашық я жасырын түрдегі ілік жалғаулы зат есім мен көмекші есімдердің тізбегі. Мысалы: Үй іші енді тып-тыныш.
  4. Сын есім тіркесі Мысалы:Үш салт алтты тіл қатыспай жүріп келеді.
  5. Кейде зат есім мен есімшеден, зат есім мен сын есімнен құралған сөз тізбектері күрделі бастауыш болады. Мысалы: Білегі жуан бірді жығады, білімі толық мыңды жығады (мақал).
  6. Тұлғасына қарай күрделі және бөлшек сан есімдер де сөйлемде күрделі бастауыш бола береді. Мысалы: Жиырма бес маған тағы қайтып келді.

Әдебиет

  • С. Аманжолов, "Қазақ тілі грамматикасы", 1966 ж.

бастауыш активити онлайн, бастауыш апталығы, бастауыш баяндауыш, бастауыш мектеп, бастауыш оқытудағы әдіс, бастауыш пен баяндауыш, бастауыш сынып, бастауыш сынып сайты, бастауышпен қоштасу, бастауышым балбұлағым


Бастауыш Туралы Ақпарат

Бастауыш


  • user icon

    Бастауыш beatiful post thanks!

    29.10.2014


Бастауыш
Бастауыш
Бастауыш Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Бастауыш бұл, Бастауыш кім, Бастауыш сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Хальсбрюке

Хальсбрюке

Хальсбрюке (нем. Halsbrücke) — Германия Федеративтік Республикасының Саксония жерінде орналасқан мун...
Марпире

Марпире

Марпире (фр. Marpiré) — Франциядағы коммуна. Бретань аймағына қарасты Иль және Вилен департаментінде...
Тулон-сюр-Арру

Тулон-сюр-Арру

Тулон-сюр-Арру (фр. Toulon-sur-Arroux) — Франциядағы коммуна. Бургундия аймағына қарасты Сона және Л...
Байхл (Миссури)

Байхл (Миссури)

Байхл (ағылш. Biehle) — Миссури штатының Perry округіне жататын АҚШ қаласы. Қала тұрғындарының саны ...