Mon . 18 Dec 2018

Лиссабон

лиссабон, лиссабон что посмотреть
Лиссабон (порт. Lisboa, лат. Olisipo) - Португалияның астанасы.

Мазмұны

  • 1 Географиялық сипаттама
  • 2 Өсімдіктер дүниесі
  • 3 Халқы
  • 4 Дереккөздер

Географиялық сипаттама

Атлант мұхитынан 15 км жерде, Тежу өзенінің кең сағасында, Пиреней түбегінің оңтүстік-батыс жағалауындағы қолайлы жерде тұр. Қала аудандары өзен сағасынан Алентежу жағажайларына дейін созылып жатқан Лиссабон жағалауларында орналасқан. Астаналық мегаполистің қазіргі заманғы көп қабатты үйлері шеткі аймақтардағы табиғаты әсем, шағын кенттерге біріккен балықшылар мекендерімен алмасады.

Лиссабонның төңірегіндегі табиғи жағдайлар тіршілік үшін өте қолайлы. Атлант мұхитынан ылғалды ауа ағынының тұрақты келіп тұруы климатты жеткілікті дәрежеде жұмсақ етеді, мұнда қыста жылы (ауа температурасы +9°С белгіден төмен түспейді), ал жазда шамалы ыстық (тамыздағы орташа температура + 24 °С-тан аспайды) болады.

Өсімдіктер дүниесі

Жағалаудагы аудандарда ормандардың аяусыз жойылуына қарамастан, Лиссабонның айналасы өсімдіктер дүниесі бай теңіз жағалауында өсетін қарағай, эвкалипттер, мәңгі жасыл бұталар (маквистер) сақталған. Биік әрі қалың болып өсетін массивтер ландшафтыға қайталанбас әсемдік береді.

Халқы

Алфама ауданы

Лиссабон — Португалияның ең ірі қаласы, оның 678 мыңнан аса тұрғыны бар, ал Үлкен Лиссабон агломерациясында 2,1 млн-ға жуық адам тұрады. Португалияның астанасы — бір ұлтты қала, оның халқының 97%-ын португалдықтар, тек 3%-ын шетелдік азаматтар құрайды. Солай болса да дәстүрлері мен мәдениеті тек жергілікті тұрғындардың ғана емес Жапония, Үндістан, Африка мен тағы да бірқатар елдер саяхатшыларының ықпалымен қалыптасқан Лиссабонның көп ғасырлық тарихы оған, "қарама-қарсылықтар қаласы" аталуына құқық береді. Лиссабон тұрғындарының көпшілік бөлігінің тілі белгілі бір дәрежеде испан тіліне ұқсас, бірақ сөздердің айтылуы, жазу ережелерімен ерекшеленетін португал тілінде сөйлейді. Лиссабонды Португалия қалаларының інжу-маржаны деп атайды. Ол көптеген туристерді өзінің тамаша шіркеулері, замоктары, ортағасырлық көшелері және мұрайжайларымен тартады.

Дереккөздер

  1. ↑ Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. —Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5


лиссабон, лиссабон википедия, лиссабон вокзал ориенте, лиссабон карта, лиссабон на карте, лиссабон орел и решка, лиссабон погода, лиссабон столица, лиссабон фото, лиссабон что посмотреть


Лиссабон Туралы Ақпарат

Лиссабон


  • user icon

    Лиссабон beatiful post thanks!

    29.10.2014


Лиссабон
Лиссабон
Лиссабон Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Лиссабон бұл, Лиссабон кім, Лиссабон сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду (порт. Vila de Prado) — Португалиядағы елді мекен және аудан (фрегезия), Брага округін...
Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима (порт. Aveiras de Cima) — Португалиядағы аудан (фрегезия), Лиссабон округінің құрамы...
Шекшек Ата

Шекшек Ата

Шекшек Ата, Сексек ата — ешкі пірі, иесі. Дәстүрлі қазақ қоғамында әрбір түлік малдың пірі болған. Ш...
Бокхорст

Бокхорст

Бокхорст (нем. Bockhorst) — Германия Федеративтік Республикасының Төменгі Саксония жерінде орналасқа...