Mon . 18 Dec 2018

Бразилия

бразилия, бразилия бельгия
Координаттар: 15°45′00″ с. е. 47°57′00″ ш. б. / 15.75° с. е. 47.95° ш. б. (G) (O)15.75, 47.95

Бразилия, Бразилия Федеративтік РеспубликасыОңтүстік Америка құрлығының шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет. Жері – 8,5 млн. км². Халқы 189 млн. адам (2007). Халқының этникалық құрамы: ақ нәсілдер – 54,7%, зәңгілер – 5,89%, мулаттар – 38,45%. Бұған қоса 3 млн-нан астам иммигранттар (жапон, италиялық, неміс, араб, француз, т.б.) тұрады. Астанасы – Бразилиа. Мемлекеттік тілі – португал тілі. Халқының көпшілігі христиан дінін ұстанады. Ұлттық мейрамы – жетінші қыркүйектегі Тәуелсіздік күні.

Бразилиядағы Христос статуясы

Мазмұны

  • 1 Мемлекеттік құрылымы
  • 2 Атауының шығу тегі
  • 3 Климаты
  • 4 Ішкі сулары
  • 5 Тарихы
  • 6 Жануарлар әлемі
  • 7 Бразилия және ел тұрғындары туралы ең қызықты мәліметтер
  • 8 Дереккөздер

Мемлекеттік құрылымы

Бразилия – президенттік федеративті республика. Елдің басшысы, Қарулы Күштердің бас қолбасшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – Ұлтық Конгресс федералдық сенат және депутаттар палатасынан тұрады. Әкімшілік жағынан жиырма бес штатқа, бір федералдық (астаналық) округке бөлінеді. Губернатор билейтін әрбір штат өз конституциясын ұстанады.

Атауының шығу тегі

Кейбір деректер бойынша Бразиль атауы Бразилияда өсетін ағаштың атынан шыққан деп есептелді. Бұл ағаш Еуропаға ХIIғ. бояу, жиҺаз және музыкалық аспаптарды дайындау үшін апарылған. Ағашты пау – бразиль деп аталған ( порт. бразиль ағашы). Басқа деректерде Ирландиялық мифтер бойынша Атлант мұхитында жатқан аралдардың барлығын бразиль деп атаған ( мысалы, Хай-Бразил, немесе О’Бразил)

Климаты

Бразилия жері экваторлық (солтүстік бөлігі), субэкваторлық, тропиктік (орталық және оңтүстік бөлігі), субтропиктік (қиыр оңтүстік-шығыс) ендіктерде орналасқан. Жерінің көбін Бразилия таулы үстірті алып жатыр. Климаты негізінен ыстық, жауын-шашын мөлшері әр түрлі. Батыс жағы ылғалды экваторлық, шығыс жағы қуаң экваторлық ендікте. Суы мол, энергия көзіне бай өзендер көп, ішіндегі ірілері: Амазона, Сан-Франсиску, Парнамба, Парана. Ниобий, уран, торий кендері бар. Одан басқа темір, марганец, мыс, мұнай, газ, көмір қорлары мол кездеседі.

Ішкі сулары

Өзендер көп. Бразиль қыратының оңтүстігі Уругвай мен Парана өзендері, шығысы Сан-Франсиску бассейніне жатады, солтүстік шығысында Атлант мұхитына құятын ұзын емес өзендер орналасқан (мысалы Парниаба). Парана өзенінің қасында Игуаса сарқ. орналасқан.

Тарихы

Бразилия жеріне адам неолит дәуірінде қоныстанған. 16 ғасырдың басына дейін Бразилия жерін тупи-гуарани, тупинамбас, ботокуд тамойос, короадос, т.б. үндіс тайпалары мекендеген. Олар аңшылықпен, балық аулаумен, жер мен шұғылданып, темекі, какао, т.б. дақылдар өсірді. 1500 жылы Бразилия жағалауына португалдық теңізші Педру Кабрал келіп түсті де, өзі тапқан жерді Португалия иелігі деп жариялады. Ол паубразил атты құнды қызыл ағашты Бразилиядан Португалияға тасыды; елдің аты да осы ағаштың атынан шыққан. 1549 жылы генерал-губернаторлық құрылып, астанасы Баия (Салвадор) қаласы болды. 1517 жылдан құлдар әкеліне бастады да, құл еңбегінің нәтижесінде ірі жер иеліктері пайда болып, онда қант қамысы, мақта, күріш, жүгері өсірілді. Кейіннен алтын мен алмас шығарылуына байланысты Бразилия Португалияның ең бай отарына айналды. 1763 жылы астана Баиядан Рио-де-Жанейроға көшірілді. 1815 жылы Бразилияға корольдік статус беріліп, «Португалия, Бразилия және Алгарва біріккен корольдігінің» құрамдас бөлігіне айналды. 1822 жылы қаңтарда Бразилияның тәуелсіздігі жарияланды. 1824 жылдың наурыз айында елдің тұңғыш конституциясы қабылданып, конституциялы монархия орнады. Келесі жылы Португалия Бразилияның тәуелсіздігін мойындады. 1850 жылы елге құл әкелуге тыйым салынып, 1888 жылы құл иелену мүлде жойылды. 1-дүниежүзілік соғыста Ұлыбритания және АҚШ-тың қысымымен Бразилия Германияға соғыс жариялап, 1918 жылы Еуропаға бірнеше әскери бригадаларын жіберді. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Бразилияда АҚШ-тың ықпалы күшейеді де, 1942 жылы тамызда Германия және Италияға, 1945 жылы маусымда Жапонияға қарсы соғыс жариялады. 1944 жылы елу мыңдық әскери корпусын Италия майданына жіберді. 1950 – 60 жылдары Бразилия аграрлы елден аграрлы-индустриялы елге айналды. Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро, Ресифи, т.б. өнеркәсіп орталықтары өсіп, аграрлық, финанс, оқу реформалары жүргізілді. 1960 жылы жиырма бірінші сәуірде ел астанасы Бразилиа қаласына көшті. Бұдан кейін жиырма жылдай (1964 – 85) елді әскери генералдар басқарды. Бразилия экономикалық күш қуаты жағынан дүние жүзінде сегізінші орын алады. Бразилия Латин Америкасы елдері ішінде шешуші рөл атқарады. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ (22%), Батыс Еуропа елдері, Латин Америкасы елдері, Азия елдері. Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы орнатылған.

Жануарлар әлемі

Бразилияда басқа мемлекеттерге қарағанда, омыртқалылар мен омыртқасыздардың көп түрі бар деп есептелінеді. Маймылдардың 77 түрі, тұщы су балықтарының 3000 түрі бар. Бразилия дүние жүзінде қосмекенділерден 2-ші, құстардан 3-ші және бауырмен жорғалауыштардан 5-ші орында тұр.

Бразилия және ел тұрғындары туралы ең қызықты мәліметтер

Дәстүр бойынша, Бразилияда ешкім ешқашан уақытында келмейді. Бұл жағынан қазақтарға ұқсас екен. Мәселен, қонақтарды сағат беске шақырған болсаңыз, 7-8-ге күтсеңіз болады. Бұл әдет тек қонақтарға қатысты емес, Бразилияда сериалдар мен жаңалықтар 15 минут кешігіп басталады.

Бразилиялықтар қолма-қол ақшаны пайдаланбайды, есепті кредиттік карталармен төлейді. Нақты ақшамен төлеймін десеңіз, өте абай болуыңыз керек.

Сан-Паулудың тұрғындары үйден жұмысқа дейінгі жолға 3-4 сағат уақыт жұмсайды. Кептелісте осынша уақыт тұру олар үшін қалыпты жағдай.

Барлық бразилиялықтар Havaianas (Хаваянас) аталатын сүйретпе киіп жүруді ұнатады. Олар осы аяқ киіммен мейрамханаға да бара береді.

Бразилиядағы ең танымал сусындар: кока-кола және гуарана жидегінен жасалған газды сусын. Ал алкогольді сусындардан ең танымалы сыра мен кашасу (қантты қамыстан жасалған).

Дәстүр бойынша, бразилиялықтар өмірлеріне шағым айтпайды, тіпті көңіл-күйі нашар кездің өзінде "Қалың қалай?" (Tudo bem) деген сұраққа "Бәрі керемет" (Тudo) деген жауапты айтады.

Көп адам Бразилия көшелерінде маймылдар жүреді деп ойлайды. Шын мәнінде, бұл дұрыс емес, Бразилиядан ешқашан маймылды кездестіре алмайсыз.

Бразилияда көшеде жалғыз жүру өте қауіпті, әсіресе түнде тәуекелге баруға кеңес бермес едік. Күндіздің өзінде балалар көшеге жалғыз жіберілмейді.

Бразилияның басты мерекесі – Рождество. Жаңа жылға аса мән берілмейді.

Бразилиялықтардың бәрі қара денелі емес, оңтүстігінде көккөзді ақққұбалар да бар.

Сериал мен футбол ешқашан бірдей уақытта көрсетілмейді. Себебі, олар үшін екеуі де өте маңызды.

Супермаркеттегі тауарлардың бағасы өте қымбат болғандықтан, көпшілігі несиеге алады. Сондықтан тауар бағасының қасында несиеге шаққандағы бағасы да жазулы тұрады.

Бразилияда ағылшын тілінің маңызы жоқ. Бұл тілмен онда ештеңе бітіре алмайсыз.

Бразилия халқы өте отансүйгіш. Олардың сөрелерінде міндетті түрде ел туы бейнеленген футболкалар жатады.

Дереккөздер

“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том


қ • т • ө Латын одағы

Ангола • АндорраАргентинаБоливияБразилияВатиканВенесуэлаГвинея-БисауГватемалаДоминикан РеспубликасыЭквадорИспанияИталияКабо-ВердеКоста-РикаКот-д’ИвуарКубаМальтаМексикаМозамбикМолдоваМонакоНикарагуаГондурасПанамаПарагвайПеруФилиппиндерПортугалияРумынияСан-Томе және ПринсипиСан-МариноСенегалУругвайФранцияЧили

Үлгі:G15

бразилия, бразилия бельгия, бразилия википедия, бразилия германия, бразилия карта, бразилия коста рика, бразилия мексика, бразилия столица, бразилия футбол, бразилия швейцария


Бразилия Туралы Ақпарат

Бразилия


  • user icon

    Бразилия beatiful post thanks!

    29.10.2014


Бразилия
Бразилия
Бразилия Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Бразилия бұл, Бразилия кім, Бразилия сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

 Басқа мағыналар үшін Ақши деген бетті қараңыз Ақши — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдіг...
Тайланд

Тайланд

Координаттар: 14°27′00″ с. е. 100°56′00″ ш. б. / 14.45° с. е. 100.933333° ш. б...
Динан (Кот-д'Армор)

Динан (Кот-д'Армор)

Динан (фр. Dinan) — Франциядағы коммуна. Бретань аймағына қарасты Кот-д'Армор департаментінде орнала...
Ер Тарғын көшесі (Астана)

Ер Тарғын көшесі (Астана)

Бұрынғы атауы №20 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ер Тарғын көшесі Арқайым көшесінен бас...