Tue . 18 Sep 2018

Қарабалық


Қарабалық(Schіzothorax) – тұқылар тұқымдасының бір туысы. Бұларды көкбаспен бірге «тілікшелілер» деп атайды, себебі, бұлардың аналь тесігі мен аналь қанаты ірі қабыршақтармен қоршалған. Қазақстанда Қарабалықтың кәдімгі Қарабалық (Sch. іntermedіus) және Қарабалық (Sch. ardentatus) деген түрлері бар. Кәдімгі Қарабалық ең кең тараған түр. Қазақстанда Сырдария, Талас өзендері алабында (соның ішінде Асы (Аса) өзен көлдерінде – Билікөл, Ақкөл, Ащыкөлде және Ащыбұлақ суқоймасында), Қаратаудан ағатын өзендерде, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қызылкөл тұйық көлінде кездеседі. Ұзындығы 40 см-ге, салмағы 1,2 кг-ға дейін. Түсі судың мөлдірлігіне қарай өзгереді. Бүйірінде қоңыр дақтар болады. Дене бітімі жұмыр. Екі жұп мұртшалары бар. Қабыршағы майда. 7 жылдай тіршілік етеді. Еті дәмді. Қарабалық үш түр тармағына жіктеледі: балқаш Қарабалығы (Sch. arg. argentatus), көкбас Қарабалық (Sch. arg. pseudaksaіensіs) және ащыкөл Қарабалығы (Sch. arg. saltans). Бұлардың ұзындығы 49 см-дей, салмағы 1,5 кг-дай болады. Шабақтарының түсі күмістей ақ, ересек дарабастары тіршілік ортасына сәйкес әр түсті: қоңыр күмістен қоңыр сарғышқа дейін өзгереді. Дене бітімі жұмыр. 10 жылдай тіршілік етеді. Қарабалықтардың аталықтары 3 – 8, аналықтары 3 – 9 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырығын су темп-расы 11°С болғанда (8 – 122 мыңдай) тереңд. 1 – 2 м өзен қайраңына, тасты жерлерге шашады. Әр аналық барлық уылдырығын бір мезгілде шашқанмен, популяцияның жалпы уылдырық шашу мерзімі шамамен 2 айға созылады. Тамағы қоректік қордың түрлік құрамына байланысты: балдырлар, моллюскілер, хирономидтер дернәсілі, т.б. Бұрын Балқаш – Іледе кәсіптік ауланатын негізгі балықтардың бірі болған; көп аулану, жыртқыштарды (көксерке, жайын, ақмарқа) жерсіндіру нәтижесінде 1970 жылдан кәсіптік маңызын жойды. Қазір негізінен БалқашАлакөл су алабындағы шағын өзендерде әуесқойлықпен ауланады. Қарабалықтың түр тармағы ішіндегі жылдан-жылға санының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілгені – Көкбас Қарабалықы (Sch. arg. pseudaksaіensіs). Бұл Балқаш – Іле, Шу су алабында, Ыстықкөлде тараған. Оның ұзындығы 80 см, салмағы 12 кг, шамамен 17 – 19 жылдай тіршілік етеді.

Сілтемелер

  1. ↑ Қазақ Энциклопедиясы



Қарабалық Туралы Ақпарат

Қарабалық


  • user icon

    Қарабалық beatiful post thanks!

    29.10.2014


Қарабалық
Қарабалық
Қарабалық Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Қарабалық бұл, Қарабалық кім, Қарабалық сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Сатла

Сатла

Сатла — Ресейдегі өзен. Башқұртстан Республикасы, Оренбург облысы[1] жер аумақтарынан ағып өтеді. Өз...
Әзери стиль

Әзери стиль

Әзери стиль - Ирандағы орта ғасырлардағы сәулет өнерінің бір стилі. "Әзери" сәулет стилі екі кезеңге...
Әйтей батыр — Уикипедия

Әйтей батыр — Уикипедия

 Басқа мағыналар үшін Әйтей деген бетті қараңыз Әйтей Батыр Әйтей Құлманбетұлы 1712 жылы қазірг...
Хасфурт

Хасфурт

Хасфурт (нем. Haßfurt) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан қала. Төме...