Финляндия


Координаттар: 64°21′00″ с. е. 26°39′00″ ш. б. / 64.35° с. е. 26.65° ш. б. (G) (O)64.35, 26.65

Финляндия, (фин. Suomi, Suomen Tasavalta, швед. Finland, Republiken Finland)Финляндия Республикасы-Солтүстік Еуропадағы Скандинавия түбегінің шығысында орналасқан мемлекет. Оңтүстік-батысын Балтық теңізінің Ботния, оңтүстігін Финн шығанақтары шаяды. Жер 338 мың км² Аумағы. Халқы 5,2 млн. адам. Тұрғындардың 93%-ы финдер,6% норвегтер, қалғандары цыгандар, саамдар, орыстар. Ресми тілі-финн және швед тілдері. Діни сенімі бойынша халқының көпшілігі(90%) лютерандар,1% православтар, қалғандары басқа діндерді ұстанады. Астанасы-Хельсинки қаласы. Мемлекет басшысы-президент. Жоғарғы заң шығарушы органы–палаталы парламент (эдускунта). Жоғарғы атқарушы органы–мемлекеттік кеңес. Әкімшілік-аумақтық жағынан 12 лянға (губернияға) бөлінеді. Елдің құрамына кіретін Аланд аралдарына дербес автономиялық құқық берілген. Онда негізінен шведтер тұрады. Өзіндік парламенті (ландстинг) бар. Ақша бірлігі–евро(2002 жылға дейін финн маркасы). Ұлтттық мейрамы Тәуелсіздік күні, 6 желтоқсан(1917 ). Ф. БҰҰ-ның(1955), Солтүстік кеңестің(1955), Еуро Одақтың мүшесі(1995).

Географиялық орны

Елдің шығыс және солтүстігін аласа таулар және қыратта жалдар (биіктігі300-400 м, Суоменселькя, Кайнунселькя, Манселькя, Оуменселькя), қиыр солтүстік- батыстан Скандинавия тауларының сілемдері [елдің ең биік жері Халтиатунтура (1324м) осында] алып жатыр. Финляндия аумағының 8%-ға жуығын көл айдындары алып жатыр. Бастылары: Сайма (Үлкен Сайма), Пяйянке, Инари, Үлкен Калла, Оулуярви. Жерінің көпшілік бөлігінде қылқын жапырақты тайга орманы өседі. Ормандағы жөніне (аумағының 72%- ы) Ф. Батыс Еуропада орын алады.

Өнеркәсібі

Финляндия –жоғарғы дамыған индустриялы-аграрлы ел. Финляндияның негізгі салалары елдің орман қорына негізделе қалыптасқан. Финляндия –дүние жүзіндегі ағаш өнімдерін экспортқа шығарушы басты елдірдің бірі. Қағаз бен қатты қағазды сыртқа шығару жөнінен Финляндия әлемде 2-орын (Канададан кейін), целлюлоза мен тілінген тақтай шығарудан4-орын алады. Экономикасының негізгі салалары: машина жасау, кеме жасау, негізінен мұзжарғыштар (әлемде 1-орын), теңіз буксирлері, паромдар, целлюлоза-қағаз, ағаш , қара және түсті металлургия, химия, тоқыма, тігін, тамақ, тау-кен, мұнай , отын-энергетика, электроника, т.б. Машина жасауда швед капиталы, мұнайда америка және ағылшынголланд капиталының ықпалы басым. Темір, титан-магний, мыс, мырыш, никель, шойын, болат, хром, (әлемдегі ең ірі кен) орны, қорғасын, гранит, мәрмәр, кобальт өндіру жақсы дамыған. Электр қуатының жан басына шыққандағы мөлшері бойынша Финляндия дүние жүзіндегі алдыңғы бес мемлекеттің қатарына кіреді. Теңізде жүзу мен балық аулау маңызды рөл атқарады. Ауыл шаруалшылығында етті-сүтті ірі қара мен қой өсіру басым. Сонымен қатар шошқа, құс бұғы өсіріледі. Финляндия –ұсақ және орташа фермерлер елі. Егіншілік мал шаруашылығына қосалқы сала ретінде қалыптасқан. Бидай, қара бидай, арпа, сұлы, картоп, мал азық дақылдары, шөп егіледі. Елдің солтүстік бөлігінде бұғы шаруашылығы дамыған. Ірі теңіз порттары– Хельсинки, Турку, Котка, Пори, мұнай порттары– Шельдвиг, Нантали. Швеция, Эстония, Польша, Германиямен арада паром жүреді. Туризм дамыған. Сыртқы ағаш және ағаш өнеркәсібі өнімдерін, кеме (мұзағаштар, теңіз буксирлері), целлюлоза-қағаз өнеркәсібі жабдықтарын, электр техникалық бұйымдарын, қара және түсті металдар, машина мен жабдықтар, химия, жеңіл және тамақ өнеркәсібтері өнімдерін, спорт шаңғыларын шығарады. Импорттың негізін сұйық отын, ядролық жанармай, табиғи газ, көмір құрайды. Ұлттық жиынтық өнімінің жан басына шаққандағы мөлш.24400 АҚШ долл-на тең. Негізгі сауда серіктестері: Еуро Одағы елдері, АҚШ, Жапония, Норвегия, Ресей.

Дереккөздер

  1. Парламент избрал Катайнена премьер-министром // Yleisradio Oy телерадиокомпаниясының сайты. Novosti po-russki. — 22 маусым 2011.
  2. ↑ Ээро Хейнялуома стал спикером Парламента // Yleisradio Oy телерадиокомпаниясының сайты. Novosti po-russki. — 23 маусым 2011.


Финляндия Туралы Ақпарат


Финляндия
Финляндия

Финляндия Туралы Видео


Финляндия Сіз қарап жатырсыз.
Финляндия дегеніміз не, Финляндия кім, Финляндия сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video