Нидерланд


Координаттар: 52°04′00″ с. е. 21°52′00″ ш. б. / 52.066667° с. е. 21.866667° ш. б. (G) (O)52.066667, 21.866667

Нидерланд, Нидерланд патшалығы (бейресми атауы – Голландия) – Батыс Еуропадағы мемлекет. Нидерландның солтүстік және батыс бөлігі Солтүстік теңіздің жағалауында орналасқан. Жер аумағы 41532 км². Халқы 15,6 млн. (2000). Тұрғындарының 96%-ы голландықтар. Ресми тілі – нидерланд (голланд) тілі. Халқының 50%-ға жуығы – католиктер, 40%-ға жуығы – протестанттар. Нидерланд – король (патшайым) басқаратын конституциялық монархия. Жоғары заң шығарушы органы екі палатадан (бірінші және екінші) тұратын Бас Штаттар. Астанасы – Амстердам қаласы (үкімет резиденциясы Гаага қаласында орналасқан). Әкімшілік жағынан 12 провинцияға бөлінеді. Ақша бірлігі – еуро (2002). Ұлттық мейрамы – Патшайым күні (патшайым Беатрикстің таққа отырған және оның анасы Юлиананың туған күні) – 30 сәуір. Нидерланд БҰҰ-ға (1945), Еуроодаққа (1957), НАТО-ға (1949) мүше.

Мазмұны

  • 1 Табиғаты
  • 2 Тарихы
  • 3 Экономикасы
  • 4 Сілтемелер
  • 5 Әдебиет
  • 6 Дереккөздер

Табиғаты

Нидерланд аумағының көпшілік бөлігін ойпатты жазықтар (40%) алып жатыр. Оңтүстік-батысында Арденн сілемдері орналасқан (ең биік нүктесі – Ваалсберг тауы – 321 м), қысы мен жазы жылы, жұмсақ теңіздік климат. Қаңтардағы орташа темп-расы 1 – 3ӘС, шілдеде – 16 – 17ӘС. Жылдық жауын-шашын мөлшері 650 – 750 мм-ге тең. Нидерландда өте тығыз өзен тораптары (Рейн, Маас, Шельда өзендерінің атыраулары) бар. Аумағының 70%-ын мәдени жер бедері (егіндіктер, қолмен егілген шабындықтар), 9%-ын ормандар (қылқан жапырақты, ірі жапырақты) алып жатыр. Ормандарын ақ тиін, сусар, күзен, қоян, елік, тағы басқа аңдар, құстардың 180-дей түрі мекендейді. Кен байлықтарынан мұнай, табиғи газ, шымтезек, ас тұзы, каолин кездеседі.

Тарихы

Нидерланд аумағын адамдар жаңа тас дәуірінен мекендей бастады. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың 2-жартысынан мұнда негізінен кельт тайпалары өмір сүріп, оларды біздің заманымыз басталар кезде герман тайпалары ығыстырды. Б.з.б. 1 ғасырда Нидерланд аумағының бір бөлігін римдіктер басып алды. 3 – 4 ғасырларда оңтүстік Нидерландны франктер, шығыс Нидерландны сакстер, солтүстік Нидерландны фриздер мекендеді. 5 ғасырдан бастап франк мемлекетінің құрамына еніп, ол ыдырағаннан кейін елде бірқатар ұсақ иеліктер (Голландия, Гелдерн, тағы басқа графтықтар) құрылды. 11 – 16 ғасырларда Нидерланд жерлері (Голландия, Зеландия, Фрисландия, тағы басқа) Бельгия, Люксембург, Франция, Испанияның құрамында болды. 16 ғасырдағы Нидерланд революциясының (1566 – 1609) нәтижесінде испан үстемдігінен азаттық алған жерлерде Біріккен провинциялар Республикасы құрылды. 17 ғасырда Нидерланд сауда-саттық пен теңіз саудасы жақсы дамыған алдыңғы қатарлы еур. державаға айналды. Оңтүстік-Шығыс Азияда Индонезия, Америкада Гвиана, Кіші Антиль аралдары, Африкада Кап жерлері Нидерландның отарына айналды. 1810 – 13 ж. елді Наполеон басып алды. 1815 ж. Бельгиямен біріктіріліп, Нидерланд корольдігі (1830 жылға дейін) құрылды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары Нидерландны немістер басып алды. Соғыстан соң Нидерланд отарлық империясы ыдырай бастады. Нидерландда 70-тен астам саяси партиялар тіркелген. 1989 жылдан бастап өкімет билігін христиан-демокр. партия мен Еңбек партиясынан құрылған коалицалық үкімет жүргізіп келеді.

Экономикасы

Нидерланд – экспортқа бейімделген жоғары өнімді ауыл шаруашылығы бар, дамыған өнеркәсіпті ел. Экономикасында сыртқа капитал шығару, сыртқы сауда, теңіз транспорты маңызды орын алады. Мұнай, табиғи газ (жылына 90 млрд. м3 шамасында) өндіріледі. Өнеркәсіптің жетекші салалары: мұнай (органикалық химия өнімдерін өндіру), мұнай-химия, машина жасау, кеме және ұшақ, газ және химия өнеркәсібіне қажетті құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектер жасау, металлургия мен металл , электротехника (Нидерланд – дүние жүзіндегі бейне және дыбыс аппаратураларын шетке шығаратын ең ірі мемлекеттердің бірі), дәмдік тағамдар шығару. Алмас пен қымбат бағалы тастарды бұрыннан жақсы дамыған сала болып есептеледі. Ауыл шаруашылығында етті-сүтті ірі қара өсіру басым. Нидерланд – дүние жүзіндегі сүт пен сүт өнімдерін сыртқа ең көп шығаратын мемлекеттердің бірі (сары майдың дүниежүзілік экспортының 1/5; қоюлатылған сүттің 1/2 ; құрғақ сүттің 1/4; ірімшіктің 1/4 бөліктері Нидерландның үлесіне тиеді). Сондай-ақ сыртқа көп мөлшерде шошқа, құс етін, жұмыртқа, темекі, арақ-шарап пен сыра шығарады. Жылыжайда көкөніс пен жеміс-жидек (жылыжайлардың көлемі жөнінен дүние жүзіндегі алғашқы орындардың бірін иеленеді), гүлдер мен гүл түйнектерін (жылына 2 млрд-тан астам қызғалдақ түйнектерін шет елдерге сатады), саңырауқұлақтар өсіру жақсы дамыған. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары – бидай, картоп, қант қызылшасы. Балық аулау, шетелдік туризм де қазынаға елеулі пайда келтіреді. Ұлттық жиынтық өнімнің жан басына шаққандағы жылдық мөлшері 18560 АҚШ долларына тең. Негізгі сауда серіктестері – Еуроодақ елдері.[3]

Сілтемелер

  • Еуропа
  • Амстердам

Әдебиет

  • Серебрянный Л.Р., Нидерланд, М., 1974;
  • Бусигин А.В., Побеждающее море: о Голландии и голландцах, М., 1990.

Дереккөздер

  1. ↑ CBS StatLine — Population and population dynamics; month, quarter and year
  2. a b Халықаралық валюта қоры (сәуір 2008)
  3. ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9


Нидерланд Туралы Ақпарат


Нидерланд
Нидерланд

Нидерланд Туралы Видео


Нидерланд Сіз қарап жатырсыз.
Нидерланд дегеніміз не, Нидерланд кім, Нидерланд сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video



Кездейсоқ Мақалалар

әлеуметтік Есеп

Facebook Twitter VK
Copyright © 2014. Іздеу Жүйелерінде