Люксембург


Координаттар: 49°49′00″ с. е. 6°06′00″ ш. б. / 49.816667° с. е. 6.1° ш. б. (G) (O)49.816667, 6.1

Люксембург ұлы герцогтігіБатыс Еуропадағы мемлекет. Жер аумағы 2,58 мың км². Халқы 442 мың (2004), 63%-ын Люксембургтің байырғы тұрғындары, 15%-ын португалдар, 5%-ын италиялықтар, т.б. құрайды. Астанасы — Люксембург қаласы Әкімшілік жағынан 3 округке бөлінеді. Мемлекеттік тілдері — француз, неміс тілдері. Халқының көпшілігі христиан — католиктер. Люксембург — конституциялы-монархиялы мемлекет. Мемлекет басшысы — Люксембург өлы герцогы. Жоғарғы заң шығарушы органы — парламент (депутаттар палатасы). Ақша бірлігі — евро (2002).

Люксембургтың солтүстігінде Ардени және Рейн тақта тасты тауларының сілемдері орналасқан, оңтүстігі қыратты жазық. Климаты қоңыржай, теңіздік. Жылдық орташа температурасы қаңтарда 0 — 2ӘС, шілдеде 17ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 700 — 800 мм. Өзені көп жерінің 1/3-не жуығын орман алып жатыр. Люксембург Рим империясы тұсында Бельгика — Прима провинциясының, ал кейіннен Франк корольдігінің құрамына кірді. 10 ғасырдан Люксембург графтығының құрамында болып, 14 ғасырдан Люксембург герцогтығына қарады, 15 ғасырда Нидерландның 17 провинциясының біріне айналды. 16 ғасырда Нидерланд революциясынан кейін Люксембург Испаниялық Нидерландтың (1714 жылдан Австрия Нидерланд) құрамында қалды. 1794 ж. Австрия үстемдігі жойылып, Люксембург Францияның құрамына кірді. Вена конгресінің (1814 — 15) шешімі бойынша, Люксембург өлы герцогтігі құрылды. Ол Герман одағына кіріп, Нидерланд корольдігімен дербес унияда болды. Люксембургтің қазіргі шекаралары 1839 ж. БельгияНидерланд шарты бойынша белгіленген. Лондон конференциясында (1867) Люксембург “мәңгі бейтарап мемлекет” болып жарияланды. 1948 ж. конституциядағы бейтараптық жөніндегі бап алынып тасталды. Люксембург — өнеркәсібі дамыған ел. Электроника өндірісі, химия өнеркәсібі, цемент, тоқыма кәсіпорындары бар. Экспортқа химия, металлургия өнімдерін, тағамдар мен киім-кешек шығарады, сырттан астық, металл, мұнай, көмір, т.б. әкеледі. Туризм дамыған. Мал, егін, жүзім ш., шарап жасау жақсы дамыған. Люксембург БҰҰ-на (1945), Еуропа Одаққа (1957), т.б. халықаралық ұйымдарға мүшелік өлттық табысы жылына әр адамға шаққанда 34400 доллар шамасында.

Мазмұны

  • 1 Саяси құрылымы
  • 2 Негізгі саяси партиялар
  • 3 Әкімшілік бөліктерге бөліну
  • 4 Халығы
  • 5 Дереккөздер
  • 6 Дереккөздер

Саяси құрылымы

Ел басшысы - Ұлы герцог.

Қызметі:

  • Конституция бойынша елді басқару;
  • Үкіметтің құрамын белгілейді;
  • Заңдарды бекітеді;
  • Азаматтық және әскери қызметтерге тағайындайды;
  • Қарулы күштерді басқарады.

Негізгі саяси партиялар

  • Христиандық-әлеуметтік халық партиясы (Люксембург) — мемлекеттегі ең үлкен партия— құрамында 9500 мүше. 1870 - жж құрылған.
  • Люксембургтік әлеуметтік жұмысшы партиясы — мемлекеттегі екінші партия — құрамында 5500 мүше. 1890жж. құрылған.
  • Демократиялық партия(Люксембург) — 1947 ж. құрылды. Құрамында 2000 сүше шамасында.
  • Демократия және зейнеткерлердің құқығын қорғау комитеті — 1989 ж. құрылды.
  • Жасыл (Люксембург) — 1994 ж. құрылды.
  • Солшыл (Люксембург) — 1999 ж. құрылды.
  • Люксембургтің коммунистік партиясы — 1921 ж. негізделді.
  • Люксембургтің азат партиясы — 2004 ж. құрылған.

Әкімшілік бөліктерге бөліну

Люксембургтің округтары

3 округқа бөлінеді (нем. ' люксемб. Distrikt, фр. District, иллюстрацияға қараңдар):

Округ Әкімшілік орталығы Халығы ,[2]
ад. (2011)
Аумағы ,[3]
км²
Халық тығыздығы,
ад./км²
1 Дикирх Дикирх 78 300 1157,3 67,66
2 Гревенмахер Гревенмахер 61 533 524,8 117,25
3 Люксембург Люксембург 372 520 904,3 411,94
Барлығы 512 353 2586,4 198,10

Округтар 12-ге бөлінеді кантондар, ал кантондар — 116-ға бөлінеді коммуналар.

Халығы

Әскери шеру

Негізгі халығы— люксембургтықтар, лётцебургер (өзіндік атауы). Сонымен қатар Италияда, Францияда және Германияда тұрады. Жалпы адамның саны 473 мың, соның ішінде Люксембургта 285 мың адам. Люксембургтік тілінде сөйлейтін үндіеуропалық тілдердің германдық тобы. Неміс және француз тілдері көп кездеседі. Латын әліппесін қолданады.

Дереккөздер

  • Қазақ энциклопедиясы
  • Страны мира, М., 2004.

Дереккөздер

  1. a b Халықаралық валюта қоры (2010)
  2. ↑ Население Люксембурга.
  3. ↑ Территории Люксембурга.




Люксембург Туралы Ақпарат


Люксембург
Люксембург

Люксембург Туралы Видео


Люксембург Сіз қарап жатырсыз.
Люксембург дегеніміз не, Люксембург кім, Люксембург сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video



Кездейсоқ Мақалалар

әлеуметтік Есеп

Facebook Twitter VK
Copyright © 2014. Іздеу Жүйелерінде