Черногория


Координаттар: 42°50′00″ с. е. 19°10′00″ ш. б. / 42.833333° с. е. 19.166667° ш. б. (G) (O)42.833333, 19.166667

Черногория, Черногория Республикасы — Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы, Балкан түбегінің Адрия теңізі жағалауындағы мемлекет. Оңт.-батысында Хорватиямен, солт.-батысында Босния және Герцоговинамен, шығысында Сербиямен, оңт.-шығысында Албаниямен шектеседі. Аум. 13,8 мың км². Астанасы — Подгорица қ. Халқы 620 мыңдай адам (2003), оның 43,1%-ын — черногорлықтар, 32%-ын — сербтер, 7,8%-ын — босниялықтар, 5%-ын — албандар, хорваттар, цыгандар, т.б. құ-рады. Дінге сенушілердің 74,2%-ы православиелік христиандар, 17,7%-ы — мұсылмандар, 3,6%-ы — католиктер. Ресми тілі — серб, черногорлықтардың тілі де қолданылады. Конституциясы бойынша мемлекет басшысы — президент. Жоғ. заң шығарушы органы — парламент (скупщина). БҰҰ-ның (2006 ж. 28 маусымнан), Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы ұйымының (2006 ж. 21 маусымнан) мүшесі. Ақша бірлігі — еуро. Ұлттық мейрамы — 13 шілде, Тәуелсіздік күні. Ч-ның көпшілік бөлігі Динар қыратында (ең биік жері — Дурмитор тауы — 2522 м) орналасқан. Оңт.-батысында — Қаратау карсты үстірті жатыр. Адриат теңізі. жағалауларындағы шеткі қыраттар тік жарлы болып келеді. Скадар көлінің солт. жағалауын бойлай жазық дала. Климаты қоңыржай континенттік, Адрия т. жағалауларында — жерортатеңіздік. Жылдық жауын-шашын мөлш. 1600 — 1800 мм-ге, жағалауға жақын жерде 3000 мм-ге дейін жетеді. Тау беткейлерінде қылқан жапырақты және аралас ормандар, Адрия т. жағалауында жерортатеңіздік бұталы өсімдіктер өседі. Ч-ның ең ежелгі тұрғындары — иллириялықтар болды, кейінірек гректер теңіз жағалауларында қалалар сала бастады. Бұл аумақтар біртіндеп Рим империясының (кейіннен Византияның) құрамына енгізілді. Славян тайпалары Балкан түбегін шамамен 6 ғ-дан бастап мекендей бастады. 7 ғ-дың бас кезінде бұрынғы Рим провинциясы Превалистің аумағында славяндардың Дукля мемлекетінің негізі қаланды. Оның орт. римдік Доклеа қ-на орналасты. Дукля бастапқыда Византия империясының құрамында болды. 1042 ж. Бар қ-ның түбінде князь Воислав бастаған Дукля әскері византиялықтарды жеңіліске ұшыратып, толық тәуелсіздік алды. 11 ғ-дан Дукля Зета деп атала бастады (ескі славян тілінде “егін орушы” деген мағынаны білдіреді). Ч. аумағында 9 ғ-дан христиан діні тарала бастады. Зета 14 ғ-ға дейін сербтер мемлекетінің құрамында болды. 1439 ж. Венецияның протекторатына айналып, қазіргі атауына ие болды (Црна Гора немесе итальян тілінің венециялық диалектісінде Монтенегро — Қара Тау). Король Иван Црноевич астананы Цетине қ-на көшірді. 1499 жылдан Осман империясының құрамына енді. 1697 жылдан бастап Ч-ны Негоштар әулеті басқарып, 1796 ж. өзін-өзі басқаруға қол жеткізді. 1877 — 78 ж. болған орыс-түрік соғысының нәтижесінде Ч-ның толық тәуелсіздігі танылды. 1918 ж. сербтер, хорваттар мен словендер корольдігінің құрамына кірді. (1929 жылдан Югославия). 1941 — 44 ж. елді Италия басып алып, жеке “губернияға” айналдырды. 1945 — 91 ж. Ч. Югославия Социалистік Федеративтік Республикасының, ал 1992 — 2006 ж. Кіші Югославия деп аталған Сербия мен Қаратауның Мемл. Одағының құрамында болды. 2006 ж. 3 маусым күні Ч. парламенті 21 мамырда өткізілген референдумның нәтижелері негізінде елдің тәуелсіздігін жариялады. Ч. — аграрлы-индустриялы ел. ґнеркәсібі минералдық шикізаттарды өндіру және мен, а. ш. өнімдерін қайта мен байланысты. Боксит, қорғасын-мырыш кентастары (Плевли мен Иванград аудандары), қоңыр көмір, тұз (жағалауларда) өндіріледі. А. ш-ның негізгі саласы — таулы жерлердегі мал ш., қой өсіру. Тау жайылымдары мен шалғындар Ч. аум-ның 40%-ын құрайды. Бүкіл аум-ның тек 6%-ы ғана егіншілік үшін пайдаланылады. Скодар к. қазаншұңқырында, өзен аңғарларында, таулардың арасындағы қазаншұңқырларға жүгері, бидай, қара бидай, картоп, жүзім, зәйтүн, цитрустық жемістер өсіріледі. Ел экономикасында туризм елеулі рөл атқарады. Херцег-Нови, Будва, Бечичи, Петровац қалаларындағы курорттардың халықар. маңызы бар. Тара өз. бойында Еуропадағы ең терең каньон (тереңд. 1300 м) орналасқан. Дурмиторда ұлттық саяжай ұйымдастырылған. Негізгі сауда серіктестері Еуро Одақ елдері.

Жергілікті асхана

Жергілікті асхана “жергілікті, балық, италиялық” үш мектептен тұрады. Адриат теңізінің жақын болғанына қарамастан, Қаратауда балық өте қымбат.

Жергілікті асхана – шошқа немесе сиыр етінің “ертегісі”. Жергілікті шараптардың халықаралық нарықта орны болмаса да, назар аударарлықтай. Атақты қаратаулық “Вранац” жергілікті шарап шығарудағы ғаламат нәтиже деп айтуға болады.

Жергілікті ақ шараптар – “Крунак”(жүзім арағы). Әсіресе, Хорватия ауданымен шектесетін қалаларда су жетіспейді. Құбырдағы суға хлор себіледі. Алайда авиасоққылар мен жүйелердің тозғандығынан құбырдан су ішу ұсынылмайды. Минералды немесе шөлмектегі суды пайдаланыңыз. Сүт пастерленеді, барлық сүт өнімдерін пайдалану қауіпсіз. Жергілікті ет, үй құстары, теңіз өнімдері, жеміс-жидектер денсаулыққа зиян тигізбейді.

Экономика

Елдегі бағалар деңгейі өте жоғары емес, бірақ аудандардағы айырмашылық байқалады. Черногорияның жағажай аудандарында шамамен 25% қымбат, Косово мен Воеводинада бүкіл ел бойынша бірнеше есеге арзанырақ. Бұл айырмашылық Қаратаудағы евро мен динар бағамында (динар евроға тең болса да). Бағалардың айырмашылығы өсуі де мүмкін. Қаратауда халықтың дәстүрлі қолөнері молынан сақталған. Майлықтар, шілтерлер, кілемшелер, әр түрлі тоқылған бұйымдар, ұлттық сән үлгілері жергілікті шеберлердің сүйіспеншілігінен туындаған. Жергілікті “Вранац” шарабы, крстач, үй ракиясы (балқан самогоны), тәтті ірімшіктер мен зәйтүн майы керемет кәдесый болып саналады.

Елдегі жағажайлар да әр түрлі. Оңтүстіктегі ұсақ құмнан жағалаудың солтүстік-батысындағы жасанды жағажайлар (бетонды платформа) бар. Ұсақ құлды үлестер (Уциндік және Будан ривверлері), көп бөлігі саздар (Жаниц, Нивиц, Сутоморе) қарақұлыққа ұқсас. Жасанды жағажайлар негізінен Тиватта, Герцер-Новиде, Италода, Барда орналасқан. Көпшілік, оңашаланған жағажайлар және “тоқымашыларда” үшін сонымен қатар ақылы және ақысыз жағажайлар да кездеседі. Барлық жағажайлар желден тысқары, жартастар арасына орналасқан. Қаратау теңіз жағалауының ұзындығы – 299км, ал жағажайлардың ұзындығы – 73км-ге жетеді.

Қолшатырлар мен жатқыштарды жалға алу күніне 1,5-3 EUR тұрады. 4-5 жұлдызды қонақүй тұрғындары қолшатырлар мен жатқыштарды тегін пайдаланады. Қаратау мен теңіз суының тұнықтығы 38-55 метр тереңдігіне дейін барады. Ең үлкен жағажай (“Велика Плажа”) Ульцинада орналасқан. Оның ұзындығы – 13км. Қаратауда мизасыз адамдар көп демалады. “Велика Плажаның” соңы Ада-Боена аралында күйгелектер аулы да бар. Ол 350 га жерді алып жатыр, 1000 адамды қабылдай алады. Ада-Боенана жағажайы (3,8км) кварцті-қабыршақтар құлынан құралған, құрамында 30 минералды биологиялық-белсенді заттар бар. Бұл құм бедеулік және сүйек ауруларын емдеуге қолданылады. Жағажай өте кең, 50-ден 150 метрге дейін. Суға ену және тез жылу мүмкіндігі болғандықтан, суға түсу кезеңі сәуірдің соңынан басталып, қарашаның басына дейін созылады. Жаздыгүні су температурасы 300С-ге дейін көтерілуі мүмкін.

Дереккөздер

  1. a b Montenegro. International Monetary Fund. Басты дереккөзінен мұрағатталған 23 тамыз 2011. Тексерілді, 1 қазан 2009.
қ • т • ө Жерорта теңізімен шектесетін елдердің тізімі
{{{col1}}} {{{col2}}}
For dependent and other territories, see Dependent territory and List of unrecognized countries.

Үлгі:Countries bordering the Adriatic Sea

қ • т • ө Еуропа Одағының мүшелері және мүшелікке кандидаттар

Мүшелер
Аустрия · Бельгия · Болгария · Кипр · Чехия · Дания · Эстония · Финляндия · Франция · Германия · Грекия · Мажарстан · Ирландия · Италия · Латвия · Литва · Люксембург · Мальта · Нидерланд · Польша · Португалия · Румыния · Словакия · Словения · Испания · Швеция · Құрама Патшалық

Кандидаттар
Хорватия · Македония1 · Түркия

Potential candidates
Албания · Босния және Герцеговина · Черногория Республикасы · Сербия

1 Referred to by the EU as the Former Yugoslav Republic of Macedonia



Черногория Туралы Ақпарат

Черногория

Черногория
Черногория

Черногория Туралы Видео


Черногория Сіз қарап жатырсыз.
Черногория дегеніміз не, Черногория кім, Черногория сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video