Sat . 19 Dec 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Өсімдік жамылғысы


Өсімдік жамылғысы - өзеннің су режімінің қалыптасуындағы орманның рөлі. Ол жауын- шашынның мөлшеріне, таралуына, оның булануға кеткен шығынына, қардың жиналуына, судың жер (топырақ) қабатына сіңуге шығындануына, жер асты суларының жиналуына және су ағысының жылдамдығына әсер етеді. Өзен алабындағы орман-тоғайдың мөлшерлік көрсеткіші ретінде алаптың ормандық коэффициенті алынады, ол алаптағы орман-тоғай алып жаткан ауданның алаптың жалпы ауданның қатынасына тең. Ол процентпен немесе бірліктік бөлшегі түрінде келіріледі. Алаптағы көл, батпақ, көпжылдық тоң және мұздықтардың көрсеткіштері қолда бар бақылау деректеріне сәйкес немесе арнайы зерттеулердің негізінде есепке алынады. Өзендердің режіміне және алаптың физикалық, географиялық жағдайына адамдардың шаруашылық әрекеттері (алаптағы жер жырту, орман отырғызу, бөгендер мен әуіттер салу, суды суғаруға пайдалану, су көздерін ластау және т.б.) елеулі әсер етеді.

Карталардағы бейнеленуі

Өсімдік жамылғысының карталардағы бейнеленуі — өсімдік жамылғысы табиғи өсімдіктерден (ормандар, бұталар, шалғындар және т.б.) және әдейі өсірілген өсімдіктерден (бақтар, плантациялар, бақшалар және т.б.) түзіледі. Өсімдік жамылғысының картадағы бейнеленуі картографиялық мазмұндаудың жалпы заңына бағынады: картаның масштабы кішірейген сайын өсімдік жамылғысы сұлбаларын егжей-тегжейлеу де азаяды, өсімдіктер түрлерінің көрсетілуі кемиді, ал ұсақ масштабты карталардың көбінде өсімдік жамылғысы бейнелері көрсетілмейді. Картаның масштабында білдірілетін өсімдік жамылғысы аймақтары аялық бояулар, торлар және штрихтық шартты белгілер арқылы, ал карта масштабында білдірілмейтіндері масштабтан тыс шартты белгілер арқылы бейнеленеді. Топографиялық карталарда өсімдік жамылғысының кейбір түрлеріне сандық және сапалық сипаттамалар: ормандағы ағаштардың биіктігі, жуандығы, түрлері, бұталардың биіктіктері және т.б. қоса беріледі. Өсімдік жамылғысы геоботаникалық карталарда неғұрлым егжей-тегжейлі бейнеленеді.

Дереккөздер

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
  2. Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6



Өсімдік жамылғысы Туралы Ақпарат

Өсімдік жамылғысы


  • user icon

    Өсімдік жамылғысы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Өсімдік жамылғысы
Өсімдік жамылғысы
Өсімдік жамылғысы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Өсімдік жамылғысы бұл, Өсімдік жамылғысы кім, Өсімдік жамылғысы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

IC 4089

IC 4089

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Вероника шашы Тура шарықтауы 13...
Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ) (нем. Niederhausen (Nahe)) — Германия Федеративтік Республикасының Рейнланд-Пфальц...
Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

 Басқа мағыналар үшін Қарашоқы деген бетті қараңыз. Қарашоқы тауы Координаттар: Координатта...
NGC 2139

NGC 2139

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Уильям Гершель Ашылу уақыты 17 қараша 1784 Бақылау мәлі...