Fri . 19 Apr 2019

Өрік

өрік туралы мәлімет, қызыл өрік әні
Өрік (Armeniaca) — раушангүлділер тұқымдасына жататын жеміс ағаштарының туысы, жеміс дақылы болып саналады. Ағаштары өте биік, 8 – 15 м аралығында. Жапырақтары жалпақ, жоғары жағы үшкірлеу, тісті болып келеді. Жеміс бүршіктері бір гүл береді, олар ақ немесе қызғылт түсті, жапырақтарынан бұрын ашылады. Жемісі етті, түкті, ал сүйегі жылтыр.

Өрік – жарық, жылу сүйгіш дақыл, жеңіл ауа, ылғал өткізгіш топырақтарда жақсы өседі, ал сазды, тұзды жерлер Өрік өсіруге жарамсыз келеді. Құрғақшылыққа төзімді. Тікпе көшеттері отырғызылған бақтар 3 – 4 жылдан кейін өнім бере бастайды, 40 – 50 және одан да көп жыл өмір сүреді. Әр түбінен 15 – 20 (7 жылдық ағаш), 60 – 100 кг (15 – 20 жылдық ағаш) жеміс алынады. Жемісі шілде айында піседі, салмағы 20 – 70 г. Жемісінің құрамында 4 – 20% қант, алма және лимон, т.б. қышқылдары, 10%-дай каротин, 0,4 – 1,3% пектин заттары, ал тұқымында 29 – 58% май болады. Жемісінің өзін, кептірілген және өңделген күйінде (шырын, тосап) пайдаланады. Өрік ағашын егісті желден қорғайтын орман алқабында отырғызады және шабдалымен телу үшін өсіріледі. Өріктің мәдени сорттарын көбейту тәсілі – ұластыру. Негізгі отырғызу тәсілі тік бұрышты, қатар аралығы 6 – 8 м, қатар іші 5 – 6 м. Отырғызғаннан кейін жас ағаштардың бөрікбасын қалыптастыру үшін шырпу (қысқарту, сирету) жұмыстарын жүргізіп, 3 – 4 жылда бір рет органик және минералдық тыңайтқыштар енгізіп тұру қажет.

Японияда. Өріктің жауыннын кейінгі гүлдері.

Қазақстанда Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында бір түрі – кәдімгі өрік (A. vulgarіs) өсіріледі.
Мұның бұрынғы КСРО-да 4 түрі бар: Сибирь өрігі, моңғол өрігі, қара өрік және кәдімгі өрік. Өріктердің кептірілген жемістері (өрік, құрағы, шапталы) және консервісі тамаққа жұмсалады. Өріктің негізгі сорттары: «Қызылбет», «Амброзия», «Луиза», «Шалах», «Хосровшам», «Хурмаи», «Бұхара», «Товарищ», «Ансу» және т. б.

Мазмұны

  • 1 Өсімдік туралы
  • 2 Қолданылуы
  • 3 Өрік туралы тақпақ
  • 4 Тағы қараңыз
  • 5 Сілтемелер
  • 6 Дереккөздер

Өсімдік туралы

Өрік – раушангүлдер тұқымдасы, сүйекті жемістер тобына жататын өсімдік. Жабайы түрі Қазақстанның Жоңғар Алатауында кездеседі, сондықтан өріктің Отаны – Қазақстан деп айтуымызға әбден болады. Шығыс, Орта Азия, Кавказ аймақтарында таралған. Еуропаға абрикос Армениядан келгендіктен, өріктің отаны деп саналған. Латынша «armeniacus» деп аталуы да осы себептен. Ал француздар өріктің атауын өз ыңғайына келтіріп «abricot» атын берсе, соңғы атауы немістердің «Abrikosse» сөзінен алынып, орысша «Абрикос» аталып кеткен. Өріктің 8-ге жуық түрі, 20 жуық сұрыпы бар. Қазіргі кезде өрік барлық тропикалық және субтропикалық аймақтарда өсіріледі. АҚШ-та, Австралияда да өседі. Өрікті экспортқа ең көп көлемде шығаратын Иран мен Түркия. Өрік ағашының биіктігі 5-12 м, кейде тіпті бұтатектес өсімдік. Сұрыпына қарай жапырағы жұмыртқа, жүрек, домалақтау пішінді, жиектері аратісті. Гүлі ақ, қызғылт түсті, жағымды хош иісі болады. Наурыз-сәуір айларында гүлдеп, шілде айында жеміс береді. Жемісі сарғыш-қызыл, жұмсағы тығыз, ортасында сүйегі бар. Дәмді, тәтті. Жылда жеміс береді. Өрік ағашы 100 жылға дейін өмір сүреді, 25-40 жыл жеміс береді. Өрікті тұқымнан және вегативтік тәсілмен қалемшелеу, ұластыру арқылы көбейтеді. Көктемде егеді. Отырғызғаннан кейін 3-4 жылы жеміс бере бастайды. 5-ші жылы 3-5 кг, 7-ші жылы 15-20 кг, ал 15-20 жылы 60-100 кг-ға дейін жеміс береді. Кавказда, Орта Азияда бір ағаштан 300-400 кг жеміс беретін сұрыптары бар. Өрік – жылусүйгіш өсімдік. Өрік желсіз, ық және күн көзі мол түсетін жерде жақсы өседі. Құрғақшылыққа төзімсіз. Қырқу-кесу жұмыстарын күзде жүргізеді. Көң және минералды тыңайтқыштармен қоректендіріп тұрған абзал.

Қолданылуы

Өрік ағашының өнімі – пайдалы тәтті жемістердің бірі. Өрік қантқа,органикалық қышқылдарға, ферменттерге, өзектерге, илік, азотты және пектинді заттарға, С, В1,Р, РР дәрумендеріне, каротинге, флавоноидтарға, сонымен қатар минералды заттар мен микроэлементтерге бай. Кептірілген өріктің құрамында калий мен қант көп болады. Өрікті жүрек, бүйрек ауырғанда, анемияға, жүйке ауруларына пайдасы бар. Кептірілген өрікті несеп айдағанға қолданады. Өріктен тосап, шырын, мармелад жасайды, десерт ретінде қолданады.

Өрік туралы тақпақ

Қалайтыны жылылық,

Гүл ашады құбылып.

Ерте гүлдеп, суыққа

Қалар кейде ұрынып.

Пайдалы оның тосабы,

Тағамдарға қосады.

Өрік жесең бал қосып,

Жөтеліңді басады.

Тағы қараңыз

Сілтемелер

  • Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт

Дереккөздер

Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жемістер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8

  • Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев.
  • К. Аяпов


алма алмұрт өрік, қара өрік, қызыл өрік, қызыл өрік сергіту сәті, қызыл өрік әні, өрік сурет, өрік туралы мәлімет


Өрік Туралы Ақпарат

Өрік


  • user icon

    Өрік beatiful post thanks!

    29.10.2014


Өрік
Өрік
Өрік Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Өрік бұл, Өрік кім, Өрік сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Протон

Протон

 Басқа мағыналар үшін Протон (айрық) деген бетті қараңыз. Протон Протон[1](грекше prоtos ...
Дондығұл

Дондығұл

 Қазақстан, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Тау жүйесі Арғанаты Пайда болған кезеңі Архе...
Фукар

Фукар

Фукар (фр. Foucart) — Франциядағы коммуна. Жоғарғы Нормандия аймағына қарасты Сен-Маритим департамен...
Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (фр. Chevannes) — Франциядағы коммуна. Бургундия аймағына қарасты Кот-д'Ор департаментінде ор...