Sat . 20 Jul 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Өнім

отандық өнім, жалпы ұлттық өнім
Өнім– 1) белгілі бір уақыт аралығында дүние жүзінде, елде, кәсіпорында, т.б. өндірілген өнімдердің бүкіл көлемі; ғылыми-техникалық талдамаларды, өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді, халық тұтынатын тауарларды, құрылыс нысандарын, жұмыстарды, қызметтерді қоса қоғамдық және жеке бастың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған еңбек қызметінің нәтижесі; кәсіпорында дайындалған өнім. Еңбек нәтижелері заттандырылған (шикізат, материалдар, тамақ, химия өнімдері, техикалық қондырғылар мен олардың бөлшектері) және заттандырылмаған (энергия, ақпарат, көрсетілетін қызметтің кейбір түрлері) болуы мүмкін. Өнім даралай, салмақ, ұзындық, бет, көлем өлшемдері және бұйымдардың немесе материалдың, металл балқымасының топтамасы, сұйық немесе сусымалы заттың белгілі бір сыйымдылығы (контейнер,цистерна,бөшке, қап) есебімен есептеледі. Өнім тұтыну құнымен – белгілі бір тиімділікті қанағаттандыра алуымен және құнмен – оны дайындауға жұмсалған қоғамдық еңбекпен сипатталады. Осыған байланысты оны есепке алу мен жоспарлау заттай тұлғада ғана емес, ақшалай тұлғада да жүргізіледі. Өнімге заттай (машина, жабдық, аяқ киім, т.б.) және өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстарға (жөндеу жұмыстары, сақтау, буып-түю, тасымалдау, т.б.), негізгі және жанама өнім түрлеріне бөлінеді. Аяқталған жұмыстар кешені, құрылыс нысаны да Өнім деп ұғынылады. Негізгі түріне өндірістің жалпы көлеміндегі үлес салмағы көп және кәсіпорын дайындауға бағдарланған Өнім жатады. Жанама түріне негізгі Өніммен қатар бірыңғай технол. үдеріс барысында жасалатын Өнім(мысалы, мақта тазарту, май шайқау зауыттарындағы қалдықтар, астық өндірісіндегі сабан, т.б.) жатады. Ө. шаруашылық салаларына қарай: өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс, сауда, қоғамдық тамақтандыру, мал ш., өсімдік ш. Ө-деріне ажыратылады. 2) Адам еңбегінің заттанған немесе бейматериалдық нәтижесі (зат, ғылыми ашылым, идея), яғни адам еңбегінің, шаруашылық қызметтің заттай нысанда немесе нәтижесі материалдық-заттай нысанда (материалдық өнім), рухани нысанда не бейматериалдық-зияткерлік, рухани, ақпараттық нысанда (зияткерлік өнім, ғылыми ашылым, идея) не орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер түрінде бейнеленген нәтижесі.

Өнімнің өзіндік құны

Өнімнің өзіндік құны - тұтынылған өндіріс құрал-жабдықтары мен пайдаланылған материалдарға және еңбек ақыға жұмсалған ақша түрінде көрсетілген шығындар.

Сілтемелер

  • Өндірістің тиімділігі
  • Өндіріс құрал-жабдығы
  • Өндірім

Дереккөздер

  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
  2. ↑ Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш жабдықтары және металл техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.



балық өнімдері, еңбек өнімділігі, жалпы ұлттық өнім, макароннан өнімдері, отандық өнім, солтүстік өнімдері нан, сүт өнімдері, ұлттық өнім, өнімдерді сертификаттау, өнімнің өзіндік құны


Өнім Туралы Ақпарат

Өнім


  • user icon

    Өнім beatiful post thanks!

    29.10.2014


Өнім
Өнім
Өнім Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Өнім бұл, Өнім кім, Өнім сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

IC 4089

IC 4089

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Вероника шашы Тура шарықтауы 13...
Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ) (нем. Niederhausen (Nahe)) — Германия Федеративтік Республикасының Рейнланд-Пфальц...
Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

 Басқа мағыналар үшін Қарашоқы деген бетті қараңыз. Қарашоқы тауы Координаттар: Координатта...
NGC 2139

NGC 2139

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Уильям Гершель Ашылу уақыты 17 қараша 1784 Бақылау мәлі...