Sun . 20 May 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Өзбектер


30,000,000

Маңызды жұрты бар аумақтар
 Өзбекстан 25,200,000 (2015)
 Ауғанстан 2,799,726 (2013)
 Тәжікстан 1,210,236 (2013)
 Қырғызстан 980,000
 Қазақстан 511,000
 Түрікменстан 260,000
 Ресей 499,862
 Сауд Арабиясы 300,000
 Пәкістан 270,133
 Қытай 124,800
 Украина 22,400
 АҚШ 80,000
 Түркия 45,000
 Моңғолия 560
Тіл(дер)і Өзбек тілі Дін(дер)і Ислам ( Сунни) Қатысты этникалық топтары Түркілер

Өзбектер (өз. O’zbek, O’zbeklar) — ұлт, Өзбекстан елінің негізгі халқы. Жалпы саны 30 млн-дай адам (2012). ТМД шеңберінде, соның ішінде Тәжікстанда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Түрікменстанда көп тұрады. Солтүстік Ауғанстанда, ҚХР-да, т.б. алыс шет елдерде де өмір сүреді.

Мазмұны

  • 1 Этногенез және тарихы
  • 2 Мәдениеті
    • 2.1 Шаруашылығы
    • 2.2 Отбасылық ғұрыптары
    • 2.3 Киім-кешектері
    • 2.4 Тағамдары
  • 3 Тілі және жазуы
  • 4 Қазақстанда
  • 5 Дереккөздер

Этногенез және тарихы

Антропологиялық жағынан ферғана-памир нәсіліне жатады, моңғол өңдесі аралас. Өзбектер этногенезіне Орта Азияны мекендеген ежелгі соғдылық, хорезмдік, бактриялық, ферғаналық тайпалар мен сақ, массагет тайпалары аздап та болса өз үлесін қосты. Өзбектер ұлтының қалыптасуы ұзаққа созылды, оның құрамы үлкен үш топқа бөлінді:

  • Бірінші топ — көгалды алаптардағы отырықшы халықтар арасындағы негізгі халық. Бұлардың басты белгілері ру мен тайпаға бөлінбейді, суармалы егіншілікпен, қолөнерімен, саудамен шұғылданады, қалалар мен ірі қыстақтарда тұрады. Өзбектердің бұл тобы Ташкенттің көгалды алқабы мен Парғана алқабында мекендеген. Олар өзбек халқының қалыптасуына, көшпелі өзбек пен өзге де көшпелі тайпаларының отырықшылануына ықпал жасады.
  • Екінші топ — Мауераннахрға моңғол дәуіріне дейін және Шыңғыс хан заманында ауып келген түркі-моңғол тайпаларының ұрпақтары (қарлұқ, барлас, қалтатай, моғол, т.б.), бұлар отырықшы халыққа сіңіскен жоқ, жартылай көшпелі өмір сүріп, ру-тайпалық дәстүрлерін сақтап қалды. Олардың көпшілігі өздерін «түрікпіз» деп атады.
  • Үшінші топ — 15 ғ-дың аяғында Дешті Қыпшақтан ауған өзбек тайпаларының ұрпағы. «Өзбек» атауы осы тайпалармен бірге келді. Бұл тайпалар шежіре деректерінде «92 баулы өзбек» деп аталады. Бұлардың көпшілігі орта ғасырларда-ақ әбден белгілі болған қыпшақ, найман, жалайыр, қаңлы, қытай (хитай), қоңырат, маңғыт, дүрмен, қатаған, қырық, сарай, кенегес, қият, құтты, ұйғыр, т.б. тайпалар мен халықтар еді.

Өзбектердің этнографиялық қалыптасуына (әсіресе Хорезмде) оғыздар да қатысты. 16 ғ-да Бұхар хандығы, Хиуа хандығы, 18 ғ-дың бас кезінде Қоқан хандығының құрылуы өзбектердің ұлт ретінде қалыптасуын ұзақ уақыт тежеді. Олар тек 20 ғ-да Кеңес өкіметі тұсында ғана ұлт ретінде қалыптасты. Кеңестік жүйе олардың әрбір аудандағы өзіндік мәдениетін бір арнаға күштеп түсірді.

Көпшілігі Ислам дінінің сүннит тармағын ұстанады.

Мәдениеті

Шаруашылығы

Өзбектердің дәстүрлі кәсібі — егіншілік, сауда және ұсталық. Ірі қалаларда сауда, ұстаханалар, үлкен ауылды жерлерде қолөнер, ұсталықтың әр түрі (тігіншілік, зергерлік, тері илеу, сабын жасау, нан басу, тәтті шығару, т.б.) дамыды.

Отбасылық ғұрыптары

Жартылай көшпелі өзбектер туыстық жағдайды қатаң сақтаған. Қазіргі отбасылары шағын, бірақ та ұлдары үйленген соң әке үйі қасына таяу орнығады (бір-біріне көмектесіп тұру үшін), қарашаңырақта кіші баласы қалады. Әйелдер қоғамдық өмірге көп араласпайды.

Киім-кешектері

Ерлер жейде, шапан; әйелдер слан матадан тігілген көйлек, шапан киді. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында белге дейін келетін камзол да киген. Бас киім ерлерде – тақия, жүн қалпақ, әйелдерде – орамал. Дәстүрлі аяқ киімі – тері етік, табаны жұмсақ мәсі, сыртынан галош киеді.

Әйелдер мен қыздар бірінші баласы туғанша шаштарын көрсетпей ұсақ етіп өріп қояды (кейде 40 жасқа дейін), егде әйелдер екі бұрымнан өреді.

Тағамдары

Өзбектердің негізгі тағамы өсімдік, сүт және сүт өнімдерінен жасалады. Сүйікті асы — палау. Басты сусыны шай, көбіне көк шай.

Тілі және жазуы

Толық мақаласы: Өзбек тілі

Өзбек тілі — түркі тілдерінің оңтүстік-шығыс (ортаазиялық) тармағы, қарлұқ тілдері тобына жатады. Өзбек тілі бірнеше диалектіге бөлінеді. Олардың ең үлкені оңтүстік-шығыс пен қала тұрғындарының тілдік ерекшелігін қамтитын қарлұқ диалектісі, ол қазіргі ұйғыр тіліне ұқсас келеді.

Жазуы латын әліпбиіне негізделген.

Қазақстанда

2013 жыл 1 сәуірдегі мәлімет бойынша Қазақстанда 520 мыңға тарта өзбек тұрады. Олардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында мекендейді (87,9 %). Қазақстанда 81 дана өзбек мектептері жұмыс істейді. Өзбек тілінде газет-журналдар шығарылады. Қазақстан халықтары ассамблеясының құрамында өзбектердің ұлттық мәдени орталық жұмыс істейді.

Дереккөздер

  1. ↑ Population: 28,661,637 (шілде 2013 est.) . Central Intelligence Agency (CIA). The World Factbook. Тексерілді, 10 маусым 2013.
  2. ↑ Afghan Population: 31,108,077 (шілде 2013 est.) . Central Intelligence Agency (CIA). The World Factbook. Тексерілді, 10 маусым 2013.
  3. ↑ Population: 7,910,041 (шілде 2013 est.) . Central Intelligence Agency (CIA). The World Factbook. Тексерілді, 10 маусым 2013.
  4. ↑ CIA World Factbook – Kyrgyzstan
  5. ↑ Свыше 11 млн казахов проживает в Казахстане. ИА Новости-Казахстан.
  6. ↑ CIA World Factbook – Turkmenistan
  7. a b (Орысша) Russia Census 2002
  8. ↑ Rhoda Margesson (қаңтар 26, 2007). "Afghan Refugees: Current Status and Future Prospects" p.7. Report RL33851, Congressional Research Service.
  9. ↑ Chinese National Minorities
  10. ↑ State Statistics Committee of Ukraine: The distribution of the population by nationality and mother tongue
  11. ↑ Census of Mongolia, slide# 23. http://www.toollogo2010.mn/doc/Main%20results_20110615_to%20EZBH_for%20print.pdf
  12. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9


Өзбектер Туралы Ақпарат

Өзбектер


  • user icon

    Өзбектер beatiful post thanks!

    29.10.2014


Өзбектер
Өзбектер
Өзбектер Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Өзбектер бұл, Өзбектер кім, Өзбектер сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

 Басқа мағыналар үшін Ақши деген бетті қараңыз Ақши — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдіг...
Тайланд

Тайланд

Координаттар: 14°27′00″ с. е. 100°56′00″ ш. б. / 14.45° с. е. 100.933333° ш. б...
Динан (Кот-д'Армор)

Динан (Кот-д'Армор)

Динан (фр. Dinan) — Франциядағы коммуна. Бретань аймағына қарасты Кот-д'Армор департаментінде орнала...
Ер Тарғын көшесі (Астана)

Ер Тарғын көшесі (Астана)

Бұрынғы атауы №20 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ер Тарғын көшесі Арқайым көшесінен бас...