Thu . 20 Jun 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Әуе көлігі


Әуе көлігі — әуемен жолаушылар, пошта және жүк таситын көлік түрі. Басқа көлік түрлерінен артықшылығы — жылдамдығында.

Әуе көлігі Америка мен Еуропаның бірқатар елдерінде 1-дүниежүз. соғыстан кейін пайда болды. Франция мен Германияда көліктің бір түрі ретінде 1920 жылдан кейін дами бастады. Ресейде алғашқы әуе жолы (Мәскеу—Төм. Новгород) 1923 жылы ашылды.

Қазақстандағы әуе көлігі

Қазақстанға тұңғыш ұшақ 1918 жылы 9 қаңтарда ұшып келді. Ұшқыштар — Н. С. Горбунов пен В. Р. Браунц басқарған “Фарман-30” ұшағы Мартөк (Ақтөбе қаласыныңмаңында) — Новосергеевка бағытымен 1 сағ. 20 минутта 350 км қашықтықты ұшып өтті. Қазақстанда 1923 жылы “Добролет” қоғамы құрылып, ол әуе поштасы мен жолаушылар тасымалдау ісін ұйымдастыруды қолға алды. 1924 жылы “Ю-13” ұшағымен Ташкент — Алматы, АлматыТашкент бағытында бірінші рет ұшу сынағы өткізілді. 1925 жылы БішкекАлматы әуе жолымен алғашқы пошта тасымалы жасалды. 1929 жылы ҚызылордаМәскеу әуе жолы ашылды. 1930 жылы Әуе көлігін пайдалану мен дамытуға жағдай жасау мақсатында Қазақ азаматтық авиация басқармасы (ҚААБ) ұйымдастырылды. Сол жылы ҚААБ-тан 27 жігіт Мәскеу ұшқыштар мектебіне оқуға жіберілді. Бұлардың арасында алғашқы Қазақ ұшқыштарының бірі — салық Ахметов те болған.

Қазақстан КСРО құрамында болған жылдары еліміздің әуе жолдарында Ил-12, Ил-14, Ил-18, Ил-62, Ил-86, Ан-2, Ан-24, Як-40, Як—42, Ту-134, Ту-154 және Ил-76, Ту-144 ұшақтары пайдаланылды. Алматыдан Қазақстанның барлық облыс орталықтарына, басқа да қалаларға тұрақты әуе жолы қатынасы орнатылды. Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланып, нарықтық экономикаға көшуіне байланысты Ә. к. саласында да түбірлі өзгерістер орын алып, бірнеше әуе компаниялары құрылды. 1998 жылы қаңтарда 51 әуе компаниясы тіркеліп, олардың ішінде “Эйр Қазақстан” және 12 аймақтық әуе компаниясы мемлекеттік меншік нысанын сақтады. Қазақстан әуе компаниялары ішкі және халықар. жолаушылар, пошта, жүк тасымалдауды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, орман ш., энергетика, газ және мұнай өнеркәсібі салаларының тапсырмаларын орындайды. Әуе тасымалы, әсіресе, Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия және Германия елдерімен арада жақсы жолға қойылған. “Эйр Қазақстан” әуе компаниясының ұшақтары 37 әуе жолы бағыттарында ұшады. Қазақстандағы ішкі және халықар. әуе жолдарының жалпы ұзындығы 76320 км шамасында (1999).

Қазіргі кезде 21 Республикасы әуежай, 10 облысы және облыс ішіндегі әуежайлар жұмыс істейді (1998). Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Орал және Шымкент әуежайлары еліміздегі ең үлкен әуе айлақтары болып саналады. Қазақстан әуе жолдарында Ту-134, Ту-154, Як-40, Ил-86, Боинг-737, Аэробус — А-310 шапшаң ұшақтары пайдаланылады.

1996 жылы әуе жолы басқармасы автоматтандырылған жүйесінің Алматы орт., ал 1998 жылы Ақтөбе орталық іске қосылды. Әуе жолы басқармасы ғылыми-техникалық даму бағытының бір саласы ретінде әуе кеңістігінің өткізу мүмкіндігін арттыруды, диспетчерлік қызметтің өндірістік процесін автоматтандыруды қолға алған.

Дереккөздер

  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том



Әуе көлігі Туралы Ақпарат

Әуе көлігі


  • user icon

    Әуе көлігі beatiful post thanks!

    29.10.2014


Әуе көлігі
Әуе көлігі
Әуе көлігі Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Әуе көлігі бұл, Әуе көлігі кім, Әуе көлігі сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

NGC 831

NGC 831

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Альберт Март Ашылу уақыты 18 қараша 1863 Бақылау мәліме...
Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Ауыл Полтава ауылдық округінің әкiмш...
Бёмфельд

Бёмфельд

Бёмфельд (нем. Böhmfeld) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципа...
NGC 4316

NGC 4316

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Вильгельм Темпель Ашылу уақыты 17 наурыз 1882 Бақылау м...