Fri . 19 May 2019

Әнұран

әнұран, әнұран туралы мәлімет
Әнұран, гимн (көне грекше: hymnos — мадақтау ән) — салтанатты ән, мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі. Әнұрандардың революциялық, әскери, діни тағы басқа түрлері болады. Оның сөзі де, музыкасы да рух көтеретін салтанатты, үлкен мұраттарға бастайтындай болуы керек.

Кейбір күрделі опера, балет, симфония, хорлар соңы әнұран сипатында аяқталады. Мысалы, Л. Бетховен өзінің 9-симфониясын И. Шиллердің “Шаттық” одасына арнап жазған әнұранымен аяқтаса, орыс композиторы М. Глинка “Иван Сусанин” операсын атақты “Даңқ” хорымен бітіреді. Кеңестік дәуірде 1945 жылы бекітілген Қазақстан әнұранының сөзі коммунистік идеология талабына сай, жалған оптимистік рухта жазылды. Дербес мемлекет болғаннан кейін Қазақстан Республикасының шынайы рухы мен қуатын, мақсат-мүддесін танытатын әнұран қажет болды. Осы талаптарға сай ән музыкасын сақтап қалу туралы шешім қабылданды да, оның сөзіне арнайы бәйге жарияланып, ақындар М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Дәрібаева жазған сөз үздік деп табылып, қабылданды. Қазақстан Республикасы әнұраны музыкасының авторлары: М. Төлебаев, Л. Хамиди, Е. Брусиловский. Еліміздің әнұраны 1992 жылдың 4 маусымында бекітілді.

ҚР Президентінің 2006 жылғы 7 қаңтарында Конституциялық заң күші бар Жарлығымен мемлекеттік рәміз – Әнұранның мәтіні мен оны ресми пайдаланудың рет жөні бекітілді. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов. Әнұранның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, Атамекенге деген шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен жан – дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейіліміз, досқа ашық құшағымыз, еркіндікке құштар кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан. Мемлекеттер басшыларының ресми кездесулері Әнұранның орындалуымен ашылады.

Дереккөздер:

  1. ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  2. Қазақстан энциклопедиясы
Осы мақала қазақ мәдениеті туралы бастама болып табылады. Бұны толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесуіңізді сұраймыз.


әнұран, әнұран авторы, әнұран минус скачать, әнұран скачать, әнұран скачать бесплатно, әнұран суреті, әнұран сөзі, әнұран текст, әнұран туралы мәлімет, әнұранның авторы


Әнұран Туралы Ақпарат

Әнұран


  • user icon

    Әнұран beatiful post thanks!

    29.10.2014


Әнұран
Әнұран
Әнұран Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Әнұран бұл, Әнұран кім, Әнұран сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі - Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында. Солтүстік-бат...
Амель (Нор)

Амель (Нор)

Амель (фр. Hamel) — Франциядағы коммуна. Нор-Па-де-Кале аймағына қарасты Нор департаментінде орналас...
EMac — Уикипедия

EMac — Уикипедия

eMac — Macintosh тектес дербес компьютер, Apple Inc компаниясы шығарған Оның аты айтып тұрғандай edu...
Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу - Жамбыл облысы Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округі құрамындағы ауыл. Аудан орталығы Сарык...