Tue . 19 Aug 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті


Координаттар: 43°15′09″ с. е. 76°55′36″ ш. б. / 43.2525° с. е. 76.926667° ш. б. (G) (O) (Я)43.2525, 76.926667

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) - Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды. QS World University Rankings Results 2011 және Top Universities сайтының келтірген деректеріне қарағанда университет 2009 жылы 600 орынна төмен болған, ал 2010 жылы 501-550 аралығында болса, 2011 жылы 401-450 аралығына дейін көтерілген . 2012 жыллғы әлемдік үздік 390 шы университет. Сонымен қатар, 72 ірі компания жетекшілері мен кадр бөлімі мамандары арасында жүргізген сауалнама негізінде жасалған «Рейтинг.kz» зерттеу орталығы жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 41,7 пайыз жинап, 5-орында тұр .

Мазмұны

  • 1 Тарихы
    • 1.1 30-жылдар
    • 1.2 Бүгінгі жағдайы
  • 2 Университет қалашығы
    • 2.1 Студенттер сарайы
    • 2.2 Жатақханалар
    • 2.3 Жаңа ғимараттар
  • 3 Университет құрамы
    • 3.1 Факультеттер
    • 3.2 Жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру (колледж, бейіндік мектеп)
    • 3.3 Әскери кафедра
  • 4 Ұстаздар
  • 5 Университет басшылары
  • 6 Атақты түлектер
  • 7 Серіктес университеттер
  • 8 Тағы қараңыз
  • 9 Дереккөздер
  • 10 Сыртқы сілтемелер

Тарихы

Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934 жылы 15 қаңтарда қалағаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау - көзі болды..

1937 жылы қыркүйекте төрт жылдық оқу жүйесіне негізделген тұңғыш гуманитарлық шет тілдері факультеті ашылды. Бір жылдан кейін 120 студенті және құрамында орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және француз тілі тәрізді үш кафедра бар филология факультеті (оқу мерзімі 5 жылдық) ашылды. Кейіннен шет тілдері факультеті де осы құрылымға қосылды. Университетте соғыс қарсаңы және соғыстан соңғы жылдары 23 кафедрасы бар үш жаратылыстану (биология, физика-математика, химия) және екі гуманитарлық (филология мен журналистика факультеті) факультет жұмыс істеді. Университет 1942 жылы 257 физик, химик, математик, биолог, журналист, филолог, сондай-ақ Батыс Еуропа тілдерінің мамандарын даярлап шығарды.

КСРО халықтық кеңесінің №2293 қаулысы

1954 – 1955 оқу жылы университетте 3778 студент оқыды, 386 оқытушы – профессор еңбек етті. 1970 жылы университет құрамында 16 мамандық бойынша жас кадрлар дайындайтын 10 факультет, 65 кафедра болды. 1980 жылы 89 кафедрада 869 оқытушы, онын ішінде 79 профессор мен 540 доцент, ғылым кандидаттары қызмет атқарды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанға КСРО-ның Еуропалық бөлігінен: Мәскеу, Ленинград, Киев, Минск және т.б. ғылыми орталықтардан ірі ғылыми ұжымдар мен лабораториялар көшірілді. Бұл жылдары университетте КСРО Ғылым Академиясы (КСРО ҒА) академиктері И.Мещанинов, Н.Акулов, кореспондент–мүшелер В.Догель, А.Думанский, профессорлар А.Михлин, М.Розенберг, Н.Пакуль сияқты көптеген ғалымдар еңбек ете бастады.

КазҰУ-дың қабырғасында Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Ермұхан Бекмаханұлы, Әлкей Марғұлан, Д.Сокольский тәрізді аса көрнекті ғылым мен мәдениет қайраткерлері дәріс оқыды.

30-жылдар

1933 жылдың 20 қазанында КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік университетін құру жөнінде арнайы қаулы қабылдады. 1934 жылдың 15 қаңтарында университеттің ресми ашылу салтанаты өтіп, 19 қаңтарда бұрынғы Верней гимназиясының ғимаратында биология және физика-математика факультетінде 54 студент оқытыла бастады. Оқудан бос уақытта студенттер қала тұрғындары арасында саяси және мәдени жұмыстар жүргізді. 1935 жылы университет студенттерді егістік жинауға қатыстыру туралы «Қазақстан» колхозымен келісімге отырды. Олар колхозда ағарту жұмыстарын жүзеге асырды: сауатсыздықты жою мақсатында газет пен әдебиеттерді бұқара арасында дауыстап оқып, қабырға газеттерін шығарды. Кейіннен студенттер колхоз жұмысына жыл сайын қатысып отыратын болды. Университет жастары қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысып отырды. Соның ішінде студенттердің Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің сайлау кампаниясына белсенділік танытып, қатысқандарын ерекше атап өтуге болады. Үгіт жұмыстарын жүргізген ұжымның құрамына 139 студент қатысты. Олар 4 аумақта қызмет етті. Көркемөнерпаздар үйірмесінің қатысушылары тұрғындарға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырды. 1937 жылы халықтық Бүкілодақтық санағын жүргізу үшін арнайы дайындалған 130 студент бөлінді. Кезекті санақта университет 3 аумақта қызмет етті. Сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындары арасында сауатсыздықты жою жұмыстарын кеңінен насихаттады. 1939 жылы республиканың мәдени өмірінде маңызды оқиға болды. Университеттің биология, химия, физика, математика факультеттерінің ең алғаш түлектері дайындалып шығарылды. 87 жоғары білікті маман КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесіне, ғылыми және педагогикалық жұмыстары бойынша республиканың түкпір-түкпіріндегі жоғары оқу орындары мен мектептеріне жіберілді. Осылайша, ҚазМУ құрылғаннан кейін көп ұзамай қазақ жастарының арасында үздік дәстүрлер қалыптаса бастады .

Бүгінгі жағдайы

Қазіргі кезде университет 37 мамандық бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университетте екі мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 1000-нан астам ғылым докторы мен кандидаты, 100 академик пен елу философия докторы бар.

Университетте білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, оқу үдерісінің жапсырмасыз ашықтығы, білім алушылардың академиялық ілкімділігі, «бакалавр – магистр – PhD» түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген. Университеттің жаңа даму кезеңінде әл–Фараби атындағы ҚазҰУ–дың жаңа Академиялық саясаты іске асырылды, білім тексерудің қуатты корпоративтік Интранет жүйесі жолға қойылды.

Университеттің Алматыдағы (Верный) негізгі ғимараты, 1934 жыл.

Университет қалашығы

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев университет кешенінің құрылыс жоспарымен танысуда Құрылыс жасағының қырандары жұмыс нысанында. 1982 ж

Студенттер сарайы

Жатақханалар

Жаңа ғимараттар

ҚазҰУ қалашығының жаңадан салынған нысандар көп. Олардың бірі Химия факультеті, Физика факультеті, Механико-математика факультеті, жаңа кітапхана.

Университет құрамы

Факультеттер

  • Биология және биотехнология факультеті (ҚазҰУ)
  • Журналистика факультеті (ҚазҰУ)
  • География және табиғатты пайдалану факультеті (ҚазҰУ)
  • Физика-техникалық факультеті (ҚазҰУ)
  • Механика-математика факультеті (ҚазҰУ)
  • Халықаралық қатынастар факультеті (ҚазҰУ)
  • Шығыстану факультеті (ҚазҰУ)
  • Заң факультеті (ҚазҰУ)
  • Философия және саясаттану факультеті (ҚазҰУ)
  • Химия және химиялық технология факультеті (ҚазҰУ)
  • Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті
  • Тарих, археология және этнология факультеті (ҚазҰУ)
  • Экономика жәнe бизнес жоғары мектебі (ҚазҰУ)

Жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру (колледж, бейіндік мектеп)

Әскери кафедра

Ұстаздар

Университет басшылары

  • 1934—1940 — Олихов Фёдор Трофимұлы
  • 1940—1947 — Лукьянец Иван Куприянұлы
  • 1948—1953 — Төлеген Тәжібайұлы Тәжібаев
  • 1953—1955 — Асқар Закарұлы Закарин
  • 1955—1961 — Темірбай Байбосынұлы Дарқанбаев
  • 1961—1970 — Асқар Закарұлы Закарин
  • 1970—1986 — Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков
  • 1986—1988 — Еділ Ерғожаұлы Ерғожин
  • 1988—1991 — Мейірхан Мүбәрәкұлы Әбділдин
  • 1991—2001 — Көпжасар Нәрібайұлы Нәрібаев
  • 2001—2008 — Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұлов
  • 2008—2010 — Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов
  • 2010 жылдан бастап — Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов

Атақты түлектер

Толық мақаласы: Қазақ ұлттық университетінің әйгілі түлектері
  • Зейнолла Қабдолов
  • Әбіш Кекілбаев
  • Мұхтар Мағауин
  • Дулат Исабеков
  • Қадыр Мырза Әлі
  • Тұманбай Молдағалиев
  • Тұрсын Жұртбай
  • Жүрсін Ерман
  • Нұрлан Оразалин
  • Олжас Сүлейменов
  • Әзілхан Нұршайықов
  • Рахман Алшанов
  • Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекова
  • Өмірзақ Айтбайұлы Айтбаев
  • Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов
  • Мырзатай Жолдасбеков
  • Игорь Иванович Рогов
  • Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов
  • Қайрат Мәми
  • Тауман Төреханов

Серіктес университеттер

  • Hankuk University of Foreign Studies, Корея Республикасы
  • Pusan University of Foreign Studies, Корея Республикасы
  • Soongsil University, Корея Республикасы
  • Ching Yun University, Тайвань

Тағы қараңыз

  • әл-Фараби

Дереккөздер

  1. ↑ Top Universities http://www.topuniversities.com/institution/al-farabi-kazakh-national-university
  2. ↑ http://www.universityworldrankings.com/index.php?range=401-500&type=qs&year=2011
  3. ↑ Top universities.
  4. ↑ "Рейтинг.kz" зерттеу орталығының сауалнамасы
  5. Қазақстан Баспагері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х
  6. ↑ Қазақстанның болашағы - жастар, Алматы "Қазақ университеті" 2009
  7. ↑ Казинформ әл–Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры болып Ғалымқайыр Мұтанұлы бекітілді  (орыс.). Басты дереккөзінен мұрағатталған 12 наурыз 2012. Тексерілді, 07 қазан, 2010.

Сыртқы сілтемелер

  • mkm.kz
  • ҚазҰУ электронды кітапханасы
  • ҚазҰУ-дың ресми сайты



Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Туралы Ақпарат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті


  • user icon

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті beatiful post thanks!

    29.10.2014


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бұл, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кім, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені 43°46′43″ с е 69°31′42″ ш б / 4377861° с е 69...
Аттинг

Аттинг

Аттинг (нем. Atting) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципалите...
Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі — Атырау облысы, Жылыой ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Қосшағыл, Қар...
Лаимберды

Лаимберды

Лаимберды — Ресейдегі өзен. Башқұртстан Республикасы, Оренбург облысы[1] жер аумақтарынан ағып өтеді...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Куйтун ауданы

Куйтун ауданы

Ресей Ресей мәртебесі муниципалдық ауданы Иркутск облысы енгізілген 21 муниципалитетов қаланың
Мякинино (Мәскеу)

Мякинино (Мәскеу)

XVIII ғасыр Қосылу сәтіндегі жағдай Кунцево Метро станциялары Мякинино, Крылское, Шукинск
Черноморочка

Черноморочка

Алексей Коренев басқарған комедия - Сценарий авторы - Евгений Помещиков Басты рөлдерде - Светлана Ж
Қызыл Башқұртия

Қызыл Башқұртия

Красная Башкирия - Красная Башкирия - Абзелиловский ауданы Басқалар Красная Башқұртия - 1925-1951