Mon . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Әбілқайыр әулеті


Әбілқайыр әулетіКіші жүз бен Хиуаның хандары, билеушілері. Шыңғыс хан тұқымдарының дәстүріне сай Әбілқайыр да өз ұрпағын ел билеуге тәрбиелеп, қазақ хандарының жаңа әулетінің негізін қалады. Оның 3 ұлы, 9 немересі, 5 шөбересі хандық дәрежеге көтерілді. Әбілқайырдың қанша әйел алғаны белгісіз (кей деректерде төртеу). Бәйбішесі Бопай хан ақыл-парасатымен ханның кеңесшісі бола білді. Хан одан 5 ұл көрген. Олар — Нұралы, Ералы, Қожахмет, Айшуақ және Әділ. Кенже ұлы Шыңғыс — қалмақ күңінен туған. Тағы бір әйелі башқұрт. Бірнеше қыздары болған. Оның бірі — Қарашашты Абылай сұлтанға қосқан. Ә. ә-нің үлкені Нұралы әкесінің көзі тірісінде-ақ Хиуада хан болды. Әкесі қаза тапқан соң, Кіші жүздің тағын мұралады. Ералы 4.9.1791 ж. хан сайланып, оны Ресей императоры өз жарлығымен (29.1.1791) бекітті. Айшуақ — Кіші жүз ханы (1798 — 1805), хандар кеңесінің төрағасы болды. Шөбересі Жәңгір — Ресей императоры ресми бекіткен қазақтың соңғы ханы. Әбілқайырдың Тоқтамыс деген ағасының баласы Мамай (Сары айғыр хан деген атпен белгілі), немерелері Бөлекей мен Әкім әр жылдары Хиуа хандығының тағында отырды. Әбілқайыр Хиуа ханы Елбарыспен (1728 — 39), Арал өңірін билеуші Шаһ-Темірмен (1721 — 36), қалмақ ханы Дондық-Дашымен (1741 — 61), қазақтың Батыр және Абылай сұлтандарымен, кейбір башқұрт тархандарымен қыз алысып, қыз берісіп құдандалы болды. Ә. ә. Қазақстан тарихында елеулі орын алды.


Дереккөздер

  1. ↑ Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х


Әбілқайыр әулеті Туралы Ақпарат

Әбілқайыр әулеті


  • user icon

    Әбілқайыр әулеті beatiful post thanks!

    29.10.2014


Әбілқайыр әулеті
Әбілқайыр әулеті
Әбілқайыр әулеті Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Әбілқайыр әулеті бұл, Әбілқайыр әулеті кім, Әбілқайыр әулеті сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Протон

Протон

 Басқа мағыналар үшін Протон (айрық) деген бетті қараңыз. Протон Протон[1](грекше prоtos ...
Дондығұл

Дондығұл

 Қазақстан, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Тау жүйесі Арғанаты Пайда болған кезеңі Архе...
Фукар

Фукар

Фукар (фр. Foucart) — Франциядағы коммуна. Жоғарғы Нормандия аймағына қарасты Сен-Маритим департамен...
Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (фр. Chevannes) — Франциядағы коммуна. Бургундия аймағына қарасты Кот-д'Ор департаментінде ор...