Sun . 20 Jul 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Әбілхайыр

әбілхайыр хандығы, әбілхайыр хан
Әбілхайыр (1412 — 1469) — өзбек ханы.

Жазба деректерде Әбілқайыр қаған, Ұлы хан, Бузырг хан, Хазірет Бузырг хан деп айтыла береді. Шыңғыс ханның 10-ұрпағы (Шыңғыс хан — Жошы хан — Шибан (Шайбан) — Баһадұр — Жошы-Бұқа — Базағұл — Мың-Темір хан — Гулад (Болат) — Ибрахим (Ибрагим) — Дәулет-шайх — Ә. хан). 1428 ж. 16 жасында Ә-ды Дешті Қыпшақтың ру-тайпа көсемдері хан етіп сайлады. Ол билікті өз қолына алысымен Дешті Іыпшақтағы саяси бытыраңқылықты жоюға күш салды. Дешті Қыпшақтағы Шайбани әулетінің билеушілері Мұстафа ханды, Махмұд-Қожа ханды талқандады. 30 — 40 ж. хандықты нығайту үшін ішкі және сыртқы күштермен күрес жүргізді. Тұқай-Темір ұрпақтары Ахмед хан мен Махмұд хан иеліктеріне, Темір әулетінің қол астындағы Хорезм мен Сыр бойына сәтті жорықтар жасады. Сөйтіп тарихта “көшпелі өзбектер” деп аталатын хандық құрды (қ. Әбілқайыр хандығы). Ә. ханның билігі күшейген сайын, оған қарсы жергілікті ру-тайпа көсемдері мен кейбір сұлтандардың қарсылығы арта түседі. Ә. ханның билігіне қарсы жасырын наразылық 1457 ж. Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңіліс тапқан соң, ашық күреске айналды. 1457—69 ж. аралығында Керей мен Жәнібек сұлтандар өздеріне қарасты тайпалармен Шу өңіріне көшіп барып жеке қазақ хандығын құрды (қ. Керей хан, Жәнібек хан). Қазақ хандығының күшейе түсуінен қауіптенген Ә. хан 1469 ж. Моғолстанға жорық ұйымдастырды. Бұл — оның ең соңғы жорығы еді. Ә. ханның он бір ұлы болды. Оның ұрпақтары ішінде ең танымал болғаны — немересі Мұхаммед Шайбани хан.

Дереккөздер

  1. ↑ Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х


әбілхайыр хан, әбілхайыр хандығы


Әбілхайыр Туралы Ақпарат

Әбілхайыр


  • user icon

    Әбілхайыр beatiful post thanks!

    29.10.2014


Әбілхайыр
Әбілхайыр
Әбілхайыр Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Әбілхайыр бұл, Әбілхайыр кім, Әбілхайыр сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Аттимис

Аттимис

Аттимис (итал. Attimis) — Италиядағы коммуна, Фриули-Венеция-Джулия әкімшілік аймағына қарасты ...
Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл, Викторов ауылдық округінің құрамында. Ге...
Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал (Алмазный абразивный инструмент) — кесу бөлігі байламмен бекітілген алмас ұнтағы...
Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак (фр. Labastide-Cézéracq) — Франциядағы коммуна. Аквитания аймағына қарасты Атлантик...