Thu . 19 Aug 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Әбілмәмбет хан

әбілмәмбет ханш, әбілмәмбет ханшийн
Әбілмәмбет хан (шамамен 1690 жылдың соңы — 1771, Түркістан) — хан. Болат ханның үлкен ұлы, Тәуке ханның немересі. Сәмеке өлгеннен кейін Орта жүзге хан сайланған. Шыңғыс тұқымының аға тармағы — Жәдік әулетінен тарайды. Абылайдың билікке жетуіне себепші болған.

1740 және 1742 ж. Ор бекінісіне, Орынбор қаласына Орта жүздің белді старшын, сұлтандарын бастап келіп, Анна Иоановнаға ант берген. Жоңғар шапқыншылығы елге қауіп төндіріп тұрған жылдарда елдің басын қоса алмады. Алайда Абылай, Барақ сұлтандардың қазақ руларын қалмақтарға қарсы ұйымдастыруына кедергі жасамады.

Әбілмәмбет хандық құрған тұста 18 ғасырдың 30-жылдарының соңы 40-жылдарының басында, Әбілқайыр ұлы Ералы сұлтан Орта жүздің басты рулық бірлестіктерінің бірі — керейлерге билік жүргізді. 1744 ж. Әбілмәмбет өзінің жақтастарымен Түркістан қаласына көшіп кетті. Орта жүз Абылай мен Барақ сұлтандардың билігінде қалды. Әбілмәмбеттің үлкен ұлы Әбілпейіз Абылайды барынша қолдап, әкесінің соңынан ермеді.

1771 ж. әкесі қайтыс болғаннан кейін дәстүрлі құқынан өзі бас тартып, Абылайдың хан сайлануын қолдады.

Әбілмәмбет халық тарихында, хандық билігін сарқа пайдалана алмаған қайраткер ретінде белгілі. Халық шежіресінде де Әбілмәмбет ел үдесінен шыға алмаған “ақсүйек” ретінде сипатталған.

Дереккөздер

  1. ↑ Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8
  2. ↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
  3. ↑ Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
  4. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

әбілмәмбет хан аспарух, әбілмәмбет хан соло, әбілмәмбет ханш, әбілмәмбет ханшийн


Әбілмәмбет хан Туралы Ақпарат

Әбілмәмбет хан


  • user icon

    Әбілмәмбет хан beatiful post thanks!

    29.10.2014


Әбілмәмбет хан
Әбілмәмбет хан
Әбілмәмбет хан Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Әбілмәмбет хан бұл, Әбілмәмбет хан кім, Әбілмәмбет хан сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Протон

Протон

 Басқа мағыналар үшін Протон (айрық) деген бетті қараңыз. Протон Протон[1](грекше prоtos ...
Дондығұл

Дондығұл

 Қазақстан, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Тау жүйесі Арғанаты Пайда болған кезеңі Архе...
Фукар

Фукар

Фукар (фр. Foucart) — Франциядағы коммуна. Жоғарғы Нормандия аймағына қарасты Сен-Маритим департамен...
Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (фр. Chevannes) — Франциядағы коммуна. Бургундия аймағына қарасты Кот-д'Ор департаментінде ор...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Мякинино (Мәскеу)

Мякинино (Мәскеу)

XVIII ғасыр Қосылу сәтіндегі жағдай Кунцево Метро станциялары Мякинино, Крылское, Шукинск
Соннеберг (туннель)

Соннеберг (туннель)

Швейцарияның Люцерн қаласына жақын жерде орналасқан, ұзындығы 1550 метр болатын туннель 1550 метр, Ш
Каннабиноидтер

Каннабиноидтер

Каннабиноидтер - 2-алмастырылған 5-амилресорсинден алынған терфенепенолды қосылыстар тобы. Табиғатта
Черноморочка

Черноморочка

Алексей Коренев басқарған комедия - Сценарий авторы - Евгений Помещиков Басты рөлдерде - Светлана Ж