Sat . 20 Jan 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Ұшақ

ұшақ суреті көрнекілік, ұшақ сурет
Ұшақ, (аэроплан) — қозғалтқыш арқылы атмосферада ұшуға арналған, қозғалмайтын қанаты бар, ауадан ауыр ұшу аппараты. Бұл аппарат өз қозғалтқышының тарту күшімен белгілі бір жылдамдықпен қозғалған кезде қанатында пайда болатын көтергіш күш әсерінен аспанға көтеріледі. Бу машинасы орнатылған қозғалтқыш күшімен ұшатын ұшақтың ең алғашқы жобасын 1881 ж. А.Ф. Можайский (1825 — 1890) жасаған. Сол кезеңге дейін жасалып, сыналып жүрген аппараттардың бәрі моторсыз ұшу аппараттары еді. Ұшу жылдамдығына байланысты ұшақтар дыбыстың ауада таралу жылдамдығынан кем және одан артық шапшаңдықпен ұшатын ұшақтарға ажыратылады. Дыбыстың ауада таралу жылдамдығынан бес еседен артық шапшаңдықпен ұшатын ұшақ гипердыбыстық ұшақ деп аталады. Ұшақтардың бәрінде: қанат, фюзеляж, тіректер (тік және көлденең), шасси және күш қондырғысы деп аталатын ортақ агрегаттар бар. Қанат көтергіш күш тудырумен бірге көлденең бағыттағы орнықтылықты қамтамасыз етеді. Көп жағдайларда онда қозғалтқыштар, шассидің негізгі доңғалақтары бекітіледі әрі оның қуысына жанармай құйылады. Жалғыз қанатты ұшақ — моноплан, ал қанаттары екі қабат орналасқан ұшақ — биплан деп аталады.

Әскери ұшақ

Ұшақтың ұшу-қону сипаттамаларын жақсарту үшін қанаттың алды, арты арнайы құрылғылармен (бөліктермен) жабдықталады. Экипаж мүшелері, жолаушылар отыратын, жүк кейде қозғалтқыштар, шассидің негізгі доңғалақтары орналастырылатын және ұшақтың барлық бөліктерін тұтастырып біріктіруге арналған бөлік фюзеляж немесе корпус деп аталады. Гидроұшақта фюзеляж рөлін қайық атқарады. Тік тірек ұшақтың бойлық орнықтылығын қамтамасыз етеді. Ол қозғалмайтын немесе шектеулі ғана қозғалыс жасайтын тұрақтандырғыштан және қозғалмалы биіктік рулінен құралады. Тік тіректе қозғалмайтын бөлік — киль және қозғалмалы бағыты — рулі бар. Дыбыстың таралу жылдамдығынан тез ұшатын ұшақтардың тіректері тұтасымен бұралатын, яғни тұтастай басқарылатын болып жасалады. Ұшақтың алдында орнатылатын және қонғаннан кейін қозғалуына мүмкіндік беретін доңғалақтар жүйесі шасси деп аталады. Көпшілік жағдайларда шасси жиналмалы болып жасалады. Ұшарда және қонарда жол талғамайтын ұшақтың түрі амфибия деп аталады. Бұл ұшақтың доңғалақты шассиі және қайық тәрізді корпусы болады. Күш қондырғысы тарту күшін тудырады. Ол бірнеше қозғалтқыш кешенінен тұрады. Тарту күшін піспекті қозғалтқыштарда ауа винттері, трубовинтті қозғалтқыштарда ауа винттеріне қоса газ реакциясы, ал реактивті қозғалтқыштарда тек газ реакциясы, яғни реактивтік күш тудырады.

Азаматтық ұшақ


Мазмұны

  • 1 Классификация
    • 1.1 Қолдану мақсатына қарай
    • 1.2 Ұшу массасына қарай
    • 1.3 Қозғалтқыштар бойынша
    • 1.4 Құрылымдық сызбасы бойынша
    • 1.5 Ұшу жылдамдығына қарай
    • 1.6 Қону мүшелері бойынша
    • 1.7 Ұшу және қону түрі бойынша
    • 1.8 Модельді жобалау және меңгеру деңгейі бойынша
    • 1.9 Басқару түріне байланысты
  • 2 Дереккөздер

Классификация

Қолдану мақсатына сәйкес ұшақтар азаматтық және әскери ұшақ болып ажыратылады. Азаматтық ұшақтарға көліктік (жолаушылар таситын, жүк таситын, т.б.), спорттық, туристік, а. ш. жұмыстарына арналған, т.б. арнайы мақсаттық ұшақтар жатқызылады. Көліктік ұшақтар ұшу жолының ұзындығына орай құрлықаралық, магистралдық, жергілікті желі ұшақтарына топталады. Әскери ұшақтар көліктік, байланыстық, санитарлық, т.б. болып бөлінеді. Ұшақтардың ұшу жылдамдығының артуы оның ұшу-қону жолын ұзартады. Қазіргі кезде тік көтеріліп ұшатын әрі тік төмендеп қонатын ұшақтар кеңінен қолданылады; (қараңыз Авиация, Авиация өнеркәсібі)

СУ-25

Қолдану мақсатына қарай

Әскери:

  • Жойғыш
  • Тосқауылшы
  • Жойығыш-бомбылаушы
  • Бомбылаушы
  • Майдандық бомбылаушы
  • Стратегиялық бомбылаушы
  • Ракетатасушы
  • Шабуылдаушы ұшақ
  • Жанармай құюшы ұшақ
  • Дәлдеп-түзетуші
  • Патрульдік ұшақ
  • Барлаушы ұшақ
  • Кемеге қарсы ұшақ
  • Әуелік әуе тасымалдаушы
  • Әскери көліктік
  • Көпнысанды және арнайы. Әскери ұшақ қазақ жерінде 1940 -1945 ж кеңінен қолданылған. Соғыс жылдарында өте жақсы дамымағанымен, қолдануға жарарлық болған. Алайда уақыт өте келе қолданылатын ұшақтың бұл әскери түрлері ҚРда құрастырылмайды. Өзге елден келетін ұшақтың қазіргі түрлері өте көп.
Азаматтық
  • Жолаушы тасымалдаушы ұшақ
  • Көлік ұшағы — жүк тасымалдаушылар
  • Пошталық — Авиапошта тасымалдауға арналған
  • Курьерлік
  • Ауылшарушылық
  • Санитарлық — медециналық көмек беруші ұшақтар
  • Өрт сөндіруші — өрт сөндіру үшін (негізіен орман өрттерін)
  • Геологиялық барлау — Әуеден геологиялық барлау өткізу
  • Эксперименталды — ұшу эксперименттерін жасауға арналған ұшаты лабаратория
  • Спорттық — авиациялық спортпен айналасуға арналған ұшақтар
  • оқу-жаттығу ұшақтары — ұшқыштарды даярлауға арналған ұшақ
  • әскери оқу-жаттығу ұшақтары — әскери ұшқыштарды даярлауға арналған ұшақ. Ең кеңінен пайдаланылатын ұшақтардың бір түрі болып саналатын Азаматтық әуе көліктері ең кең тараған авиация.

Ұшу массасына қарай

  • 1 санатты (75 т және одан да көп)
  • 2 санатты (30-тен 75 тоннаға дейін)
  • 3 санатты (10-нан 30 тоннаға дейін)
  • 4 санатты (10 тоннаға дейін)
  • жеңілмоторлы
  • өте жеңіл (495 кг-ға дейін)

Ұшақ санаты осы ұшақты қабылдай алатын аэродромның санатымен байланысты.

Қозғалтқыштар бойынша

  • Күш қондырғысының типіне байланысты:
    • поршеньді (ПҚ) (Ан-2)
    • турбовинтті (ТВҚ) (Ан-24)
    • турбореактивті(ТРҚ) (Ту-154)
    • Ракетылық қозғалтқышпен
    • Комбинацияланған күш қондырғысымен (ККҚ)
  • Қозғалтқыш саны бойынша :
    • бір қозғалтқышты (Ан-2)
    • екі қозғалтқышты (Ан-24)
    • үш қозғалтқышты (Ту-154)
    • төрт қозғалтқышты (Ан-124 «Руслан»)
    • бес қозғалтқышты (He-111Z)
    • алты қозғалтқышты (Ан-225 Мрия)
    • жеті қозғалтқышты (К-7)
    • сегіз қозғалтқышты (АНТ-20, Boeing B-52)
    • он қозғалтқышты (Convair B-36J)
    • он екі қозғалтқышты (Dornier Do X)

Құрылымдық сызбасы бойынша

Бұл нышан бойынша классификациялау көпнұсқалы. Төменде ең негізгілері берілген.

Қанат саны бойынша:

  • Моноплан
  • Полутораплан
  • Биплан
  • Триплан
  • Полиплан

Монопландардағы қанаттың орналысуы бойынша:

  • Жоғарыплан
  • Ортаплан
  • Төменплан
  • Парасоль

Қауырсынның орналасуы бойынша:

  • Стандартты сызба (қауырсын ұшақ артында)
  • Ұшатын қанат (құйрықсыз)
  • Құйрықсыз
  • «үйрек» (қауырсын ұшақ алдында);

Фюзеляждың типі, өлшемі және қабат саны бойынша:

  • Бірфюзеляжды:
    • Тарфюзеляжды;
    • Кеңфюзеляжды;
  • Екібалкалы сызба («рама»);
  • Фюзеляжсыз («ұшатын қанат»).
  • Екіпалубалы ұшақ

Шасси түрі бойынша:

  • Құрлықтық;
    • дөңгелекті шасси:
      • құрық тірегімен;
      • алдыңғы тірекпен;
      • велосипред типтес тірекпен;
    • шыңғылы шасси;
    • табан шынжырлы шасси;
    • ауа жастығындағы (ЭКИП және т.б. экперименталды типтерінде);
  • Гидроұшақтар;
    • амфибиялар;
    • қалтқылы;
    • «ұшатын қайық».

Ұшу жылдамдығына қарай

  • дыбыс жылдамдығына дейінгі (Махтың максимал ұшу саны 0,7-0,8-ден кем)
  • дыбыс жылдамдығымен шамалас (Махтың максимал ұшу саны 0,7-0,8 - 1,2 аралығында)
  • дыбыстан жоғары (Махтың максимал ұшу саны 1,2 - 5 аралығында)
  • гипердыбыстық (Махтың максимал ұшу саны 5-тен аса)

Қону мүшелері бойынша

  • құрлықтық
  • қайықтық
  • гидроұшақтар
  • ұшатын сүңгуір қайығы

Ұшу және қону түрі бойынша

  • вертикалді (қиғаш) (ҚҰҚ)
  • қысқа (ҚҚҰҚ)
  • көлденең (басқаша қарапайым) ұшып қонатын

Модельді жобалау және меңгеру деңгейі бойынша

  • экспериментальді
  • тәжірибелі
  • сериялы

Басқару түріне байланысты

  • ұшықыш басаратын
  • ұшқышсыз (робо-ұшақтар)

Дереккөздер

  1. ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

ұшақ апаты, ұшақ жасау, ұшақ маркасы, ұшақ сурет, ұшақ суреті көрнекілік, ұшақтың суреті


Ұшақ Туралы Ақпарат

Ұшақ


  • user icon

    Ұшақ beatiful post thanks!

    29.10.2014


Ұшақ
Ұшақ
Ұшақ Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Ұшақ бұл, Ұшақ кім, Ұшақ сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені 43°46′43″ с е 69°31′42″ ш б / 4377861° с е 69...
Аттинг

Аттинг

Аттинг (нем. Atting) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципалите...
Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі — Атырау облысы, Жылыой ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Қосшағыл, Қар...
Лаимберды

Лаимберды

Лаимберды — Ресейдегі өзен. Башқұртстан Республикасы, Оренбург облысы[1] жер аумақтарынан ағып өтеді...