Wed . 20 May 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Ұран

ұран астана, ән ұран скачать
 Басқа мағыналар үшін Ұран (аспап) деген бетті қараңыз.

Ұран — халықты, кейде жеке адамдарды да жеңіске, ерлікке шақыратын айбарлы сөз. Ол ежелгі халықтардың рулық, тайпалық құрылыс жағдайына байланысты пайда болған. Жауға қарсы аттанғанда руластарды жігерлендіріп, олардың рухын көтеру үшін ұран шақыру халықтардың бәрінде де болған. Екі палуан күрескенде де, бәйгеге ат қосқанда да ұран шақырылған. Әмір Темірдің, Тоқтамыстың жорықтарын баяндайтын шығармаларда “сүрен салу” деген бар. Ол да ұранмен мәндес. Халықтың немесе рудың, тайпаның ұраны аса құрмет тұтатын ата-бабаның, асыл ананың немесе сол халық табынатын табиғи күштің атынан шығады. Ұран көшпелі түркі-моңғол халықтарында көп тараған. Қазақ жүздерінің, руларының, тайпаларының бәрінің де өз ұрандары бар және олар әр түрлі. Мысалы, албанның ұраны — Райымбек, суанның ұраны — Байсуан, арғынның ортақ ұраны — Ақжол, найманда — Қаптағай, қыпшақта — Ойбас, Ұлы жүзде — Бақтияр, Кіші жүз адайда — Бекет, беріште — Ағатай, тамада — Қарабура, т.с.с. Іргелі рулардан тұратын тайпалардың ұрандары да бөлек болады. Мысалы, найманнан тарайтын қаракерей ұраны — Қабанбай, арғыннан тарайтын сүйіндік ұраны — Жолбике, жалайырдың андас руының ұраны — Балпық. Арғын ішінде қаракесек руының ұраны — Қарқабат, бұл — оның анасының есімі. ІI-дүниежүзілік соғыста Кеңес жауынгерлері жауға “Отан үшін!” деген ұранмен шабуылға шықты.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том


батырлар ұраны, бейбітшілік ел ұраны, сынып ұраны, топтың аты ұраны, ұран астана, ұран тақпақтар, ұрандар, ән ұран, ән ұран скачать, ән ұран сөзі


Ұран Туралы Ақпарат

Ұран


  • user icon

    Ұран beatiful post thanks!

    29.10.2014


Ұран
Ұран
Ұран Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Ұран бұл, Ұран кім, Ұран сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені 43°46′43″ с е 69°31′42″ ш б / 4377861° с е 69...
Аттинг

Аттинг

Аттинг (нем. Atting) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципалите...
Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі — Атырау облысы, Жылыой ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Қосшағыл, Қар...
Лаимберды

Лаимберды

Лаимберды — Ресейдегі өзен. Башқұртстан Республикасы, Оренбург облысы[1] жер аумақтарынан ағып өтеді...