Sun . 20 Jul 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Үргеніш


ҮРГЕНІШ, Көне Үргеніш Гурганч, Гургандж (Джурджания)] — ежелгі қала, ортағасырлық Хорезм мемлекетінің астанасы, қазіргі Өзбектсан Республикасы Хорезм облысындағы қала.

Үргеніштің пайда болған уақыты анықталмаған. Қала жөніндегі алғашқы деректер мұсылман жазбаларында келтірілсе де, қаланың арабтар келерден әлдеқайда бұрын салынғаны күмән туғызбайды. Шамасы Гургандж (араб. Джурджания) атауы б.з.б. 1 ғасырға жататын жазбалардағы Хорезмнің қытайша атауынан (Юецзянь) шықса керек.

1 ғасырда Хорезм бір-біріне тәуелсіз екі иелікке бөлінді:

  • астанасы Қият болған хорезмшах аймағы;
  • Гургандж әмірінің аймағы болды.

Бирунидің (“Әл-Асар әл-Бақйиа”) жазуы бойынша арабтар жаулап алғаннан кейін Қиятты бұрынғы билеуші әулет өкілдері — шахтар, Гурганджды-араб уәлилері биледі. Бұл жағдай елдің екіге бөлінуіне әкеп соқты. 995 жылы Гургандж әмірі Қиятты басып алып, жергілікті әулет өкілдерін биліктен тайдырды. Сөйтіп, Хорезмді қайтадан біріктіріп, өзіне хорезмшах атағын алды. 10 ғасырдағы араб саяхатшылары Гурганджды үлкендігі жағынан Хорезмнің екінші қаласы ретінде сипаттайды. Ежелгі Қиятқа қарағанда ол тез өсіп, сауда мен қолөнердің гүлденген орт-на айналды. Қос иелік біріктіріліп, біртұтас мемлекетке айналған соң Қият пен Гургандж маңызы бірдей астаналар болып есептелді. Алайда кейінгі билеушілердің тұсында Гургандж мемлекеттің негізгі астанасына айналды. Үргеніштің гүлдену кезеңі 12 — 13 ғасырлардағы хорезмшахтар билік еткен кезеңге тура келеді. Үргеніштен 3 фарсах қашықтықта “Кіші Гургандж” атанған екінші қала орналасты. Жуайни 1221 жылы сәуір айында моңғолдардың Гурганджды қоршап, оны қалай алғаны жөнінде көп деректер қалдырған. Олар Әмудариядағы бөгендерді бұзып, барлық жерді су басты. Шапқыншылық пен су тасқынынан кейбір құрылыстар мен ғимараттар ғана аман қалды. Үргеніш 1224 жылдан Жошы ұлысының құрамына кіріп, көп ұзамай қалпына келтірілді. 13 ғасырдың ортасынан бастап Алтын Орданың құрамында болып, сауда, қолөнер, әкімшілік орталық ретінде өз маңызын жойған жоқ. 14 ғасырдың ортасына қарай Хорезм Алтын Ордадан бөлінген кезде Үргеніш қайтадан оның астанасына айналды. 1388 жылы Үргенішті Әмір Темірдің әскерлері қиратты. 1391 жылы ішінара қалпына келтірілгенімен, даму қарқыны төмендеді. 17 ғасырда қала тіршілігі құлдырап, кері кетті. Оның негізгі себептерінің бірі — Әмудария өзені арнасының ауысып, қаланың судан қашық қалуы еді. Үргеніш тұрғындарын Хиуа ханы Әбілғазы жаңа Үргенішке көшірді. Үргеніште сақталған тарихи-мәдени ескерткіштердің қатарына 12 ғасырдың 2-жартысына жататын Фахрад-дин Разидің кесенесі (12 қырлы негізге орнатылған, шатырлы 12 қырлы күмбезі бар шаршы түрдегі көлемді құрылыс, алды оймышты терракотамен безендірілген), 12 ғасырдың соңы мен 13 ғасырдың бас кезінде салынған Текеш кесенесі (тікбұрышты, “қатпарлы” негізге орнатылған шатырлы-конусты күмбезі бар), 1321 — 33 жылдары аралығында салынған Құтлұқ Темір мұнарасы (әшекейлі кірпіштерден қаланған белдеулер мен жазулар түсірілген жолақтармен безендірілген, конустық биік бағанды), 14 ғасырда салынған қонақ үйі бар Нажмеддин Құбрдың кесенесі (үш күмбезді порталды құрылыс), 14 ғасырдағы керуен сарайының порталы (алдыңғы беті түрлі түсті қаптама материалдармен безендірілген), Софы әулетінен Төребек ханым кесенесі (


Дереккөздер

  1. ↑ "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том


Үргеніш Туралы Ақпарат

Үргеніш


  • user icon

    Үргеніш beatiful post thanks!

    29.10.2014


Үргеніш
Үргеніш
Үргеніш Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Үргеніш бұл, Үргеніш кім, Үргеніш сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік – Ақтөбе облысының Темір ауданындағы ауыл, Шығырлы ауылдық округінің құрамында Халқы 211 ада...
Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасының Ұлттық жиналысы (국회 (Кукхве)) — Корея Республикасының бірпалаталы, 300-орынды ...
IC 213

IC 213

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Тоқты Тура шарықтауы 02h 1...
Бейіт

Бейіт

Бейіт - қайтыс болған адамның зиратта жерленіп белгі қойылған орны. Бейіт- араб тілінде «үй», «пәтер...