Thu . 20 Jun 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Үлкен Орда

үлкен орда тобы, үлкен орда смотреть
Үлкен Орда, Ұлы ОрдаАлтын Орданың ыдырауы нәтижесінде құрылған мемлекет. Аумағы алғашында Қара теңіздің Дон мен Днепр аралығындағы жағалауын алып жатты. 14 ғ-дың соңында Әмір Темірдің үш рет (1391, 1394, 1395) соққысына ұшыраған Алтын Орда бірте-бірте ыдырай бастады. 15 ғ-дың 20 — 40-жылдары одан Сібір хандығы, Ноғай Ордасы, Әбілхайыр хандығы, Қырым хандығы, Қазан хандығы, ал 1450 — 60 ж. Қазақ хандығы, Астрахан хандығы бөлініп шықты. Тоқтамыстың немересі Сейіт Ахмед хан Литваның ұлы князі Свидригайлоның көмегімен Алтын Орда мемлекетін сақтап қалуға тырысты. Оның құрған ұлысы орыс деректерінде Үлкен Орда деп аталды. Үлкен Орда халқы негізінен көшпелі мал ш-н кәсіп етті, жартылай егіншілікпен айналысты. 100 мың сарбазы бар армия ұстап, 15 ғ-дың ортасына қарай Шығыс Еуропадағы аса үлкен саяси күшке айналды. 1455 — 56 ж. қыста Қырым ханы Хажы Гирей Үлкен Ордаға шабуыл жасап, оны Еділ жағалауына көшуге мәжбүр етті. Еділ бойына көшіп келген Үлкен Орда Ахмет ханның тұсында қайтадан күшейді. Ол орыстарды қайтадан тәуелділікке түсіруге ұмтылып, 1471 ж. Литва князьдігімен Мәскеуге қарсы одақ құрды. 1477 ж. Мәскеумен одақтасқан Қырым хандығын талқандады. 1480 ж. қазан айында Мәскеуге шабуыл жасауға Ока өз-нің сағасы Уграға келіп тоқтағанымен, қарашада әскерімен кері қайтты. Осы оқиғадан кейін Мәскеу князьдігі түркі-моңғолдардан біржолата тәуелсіздік алды. Бұған қоса Ахмет хан Польшамен одақ құрып (1472), Түркиямен достық қатынас орнатты (1476). Бірақ 1465 ж. Үлкен Ордадан Астрахан бөлініп, Ахмет ханға қарсы шыққан інісі Махмуд хан тәуелсіз Астрахан хандығын құрды. Өкінішке орай Ахмет ханның мұрагерлері оның ісін жалғастыра алмады. Көп ұзамай, 1486 — 91 ж. Қырым ханы Меңлі Гирей Үлкен Орданы талқандады да, 1502 ж. оны дербестігінен біржола айырды.


Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы" 9 том


үлкен орда инвест, үлкен орда смотреть, үлкен орда тобы, үлкен орда фильм


Үлкен Орда Туралы Ақпарат

Үлкен Орда


  • user icon

    Үлкен Орда beatiful post thanks!

    29.10.2014


Үлкен Орда
Үлкен Орда
Үлкен Орда Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Үлкен Орда бұл, Үлкен Орда кім, Үлкен Орда сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

 Басқа мағыналар үшін Ақши деген бетті қараңыз Ақши — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдіг...
Тайланд

Тайланд

Координаттар: 14°27′00″ с. е. 100°56′00″ ш. б. / 14.45° с. е. 100.933333° ш. б...
Динан (Кот-д'Армор)

Динан (Кот-д'Армор)

Динан (фр. Dinan) — Франциядағы коммуна. Бретань аймағына қарасты Кот-д'Армор департаментінде орнала...
Ер Тарғын көшесі (Астана)

Ер Тарғын көшесі (Астана)

Бұрынғы атауы №20 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ер Тарғын көшесі Арқайым көшесінен бас...