Thu . 20 Jun 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Үлкен Борсық


Үлкен Борсық — құм. Арал теңізінің солтүстік-батыс жағасынан Ақтөбе облысының Шалқар қаласына дейінгі аралықты қамтиды. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы жерінде. Ұзындығы 200 км-ден астам, ені 25 — 30 км (теңіз жағалауында 80 км-ге дейін кеңейеді). Ауданы 3300 км². Мұғалжар тауы мен Шағырай үстіртіне жалғасқан батыс бөлігі ойдым-ойдым шағын көлдер мен сортаңдар тізбегінен тұрады. Құм жағалауларында қыстаулар (Ойық, Итжеміс, Ақши, Шұқыр, т.б.), қоныстар (Қабырғайтау, Сарыбұлақ, т.б.) және құдықтар (Қосшыңырау, Аққұдық, т.б.) жиі кездеседі. Негізінен палеоген тау жыныстарының үгілуінен қалыптасқан, тек солт.-батыс бөлігі ғана жас аллювий шөгінділерінен түзілген. Жер бедері төбелі-белесті, өсімдікпен бекіген құмды жазық. Жер асты суы 1 — 25 м тереңдіктен шығады. Қысы қатаң, жазы ыстық; қаңтардың орташа температурасы –12 — 15 С, шілдеде 25 — 26 С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 100 — 150 мм. Қоңыр топырақта жусан, жүзгін, шеңгел, изен, сексеуіл, т.б. өседі. Мал жайылымы.

Дереккөздер

  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том


Үлкен Борсық Туралы Ақпарат

Үлкен Борсық


  • user icon

    Үлкен Борсық beatiful post thanks!

    29.10.2014


Үлкен Борсық
Үлкен Борсық
Үлкен Борсық Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Үлкен Борсық бұл, Үлкен Борсық кім, Үлкен Борсық сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік – Ақтөбе облысының Темір ауданындағы ауыл, Шығырлы ауылдық округінің құрамында Халқы 211 ада...
Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасының Ұлттық жиналысы (국회 (Кукхве)) — Корея Республикасының бірпалаталы, 300-орынды ...
IC 213

IC 213

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Тоқты Тура шарықтауы 02h 1...
Бейіт

Бейіт

Бейіт - қайтыс болған адамның зиратта жерленіп белгі қойылған орны. Бейіт- араб тілінде «үй», «пәтер...