Үкімет


Үкімет — мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы органы. Үкімет түрлі елдерде түрліше аталуы мүмкін: мысалы, министрлер кеңесі, министрлер кабинеті, мемлекеттік кеңес, т.б

Президенттік республикаларда Үкіметті президент, парламенттік республикаларда және монархияларда — премьер-министр басқарады. Үкімет бір партиялық немесе одақтасқан Үкімет болуы мүмкін.

Парламенттік елдерде Үкіметті мемлекет басшысының тапсыруымен бір партиялы парламентте немесе екі партиялы парламенттің төменгі палатасында көпшілік орын алған партияның көшбасшысы (одақтасқан үкіметте — партиялар көшбасшыларының бірі); президенттік республикаларда президент жасақтайды, оның үстіне ол тағайындайтын Үкімет мүшелерінің әрқайсысын парламент (әдетте жоғары палата) бекітуге тиіс. Үкімет мүшелері (министрлер), портфельсіз министрлер, мемлекеттік министрлер, мемлекеттік хатшылар мемлекеттік басқарудың нақты орталық органдарын басқарады, парламенттік елдерде олар міндетті түрде парламент мүшелері болуға тиіс, президенттік, сондай-ақ жартылай президенттік республикаларда министрлік портфель мен депутаттық мандатты қоса алып жүрмеу қағидаты қолданылады.

Парламенттік елдерде Үкіметке парламенттің алдында (қос палаталы парламентте төм. палатаның алдында) алқалы жауапкершілік жүктеледі. Мұның мәнісі: парламентте көпшілік дауыстан айрылған жағдайда (мысалы, үкіметтік коалиция екіге жарылған кезде) Үкімет не қызметті доғаруға (Үкімет дағдарысы басталып, жаңа Үкіметтің жасақталуымен және парламентке сенім білдірілуімен аяқталады), не парламентті таратып, мерзімінен бұрын сайлау тағайындау деген сөз. Федеративтік мемлекеттерде орт. (федералдық) Үкімет және мемлекеттік құрылым федерациясының құрамына кіретін Үкімет болады; қ. Қазақстан Республикасының Үкіметі.[1][2]

Үкімет түрлері

Демократиялық емес жүйе: Кейбір елдерде бір партияның болуына ғана рұқсат етіледі де, қалған партияларға тыйым салынады. Сайлау өтетін кездерде жеке дара партия өз кандидаттарын ұсынады да, сайлаушыларға осы таңдауды мақұлдауға ғана қалады. Бұл бірпартиялық басқару жүйесіндегі мемлекет немесе дмократиялық емес жүйе деп аталады. Мысалы: Куба Республикасы демократиялық емес жүйені қолдайды. Монархия: Көптеген елдерде, мәселен Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігінде мемлекеттің басшысы болып табылатын король немесе королева болады, бірақ олар елді басқармайды.

Дереккөздер

  1. ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
  2. ↑ Орысша-қазақша заңдык түсіндірме сөздік-анық тамалық. - Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6


Үкімет Туралы Ақпарат

Үкімет

Үкімет
Үкімет

Үкімет Туралы Видео


Үкімет Сіз қарап жатырсыз.
Үкімет дегеніміз не, Үкімет кім, Үкімет сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video