Sat .19 Oct 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Құрлық

құрлық сулары реферат, құрлық беті. жазықтар
Құрлық, материк, континент — жер қабығының дүниежүзүзілік мұхит деңгейінен көтеріңкі ірі бөлігі. Оның шеткі аймақтары мұхит деңгейінен төменде жатыр (қ. Құрлықтық беткей). Құрлықтың жалпы аумағы 149,1 млн. км² немесе жалпы жер шарының 29,2%-ын алады. Солтүстік жарты шардың 39%-ын, оңтүстік жарты шардың 19%-ын құрайды. Қазіргі геологиялық дәуірде ол 6 континенттен — Австралия, Антарктида, Африка, Еуразия, Оңтүстік Америка және Солтүстік Америкадан тұрады. Құрлықтың 36%-ы таулы, 64%-ы жазық. Құрлық астындағы жер қабығының қалыңдығы 25-тен 75 км-ге дейін жетеді. Ішкі континенттік және шеткі континенттік құрылымдардан тұрады. Біріншісіне көне және жас платформаларда дамыған жазық өңірлер және геосинклиналдық қатпарлы облыстарда пайда болған таулы құрылымдар жатады. Екінші типтік құрылымдарға континенттердің су астындағы тегістелген жалғасы (қайраң, беткей), пассивті жиегі (атланттық) және кезектесе орналасқан қайраңдық, беткей, терең қазаншұңқырлар, шұңғымалар, мұхиттың қарқынды дамыған арал доғаларының (Тынық мұхиттың) шеткі аймақтары жатады. Құрлықтар ұзақ уақытты қамтитын эволюциялық дамудың нәтижесінде пайда болған гетерогенді дене саналады, ол фиксизм теориясы бойынша геосинклиналдардың дамуы барысында ертедегі ядролардың бірігіп ұлғаюы нәтижесінде пайда болған. Мобилизм теориясы бойынша, қазіргі құрлықтар бір уақыттарда бүтін болған Пангея континенті бөлшектеніп, алдымен Лавразияға және Гондванаға бөлінген. Құрлықтардың нобайы мұхиттардың ашылуынан және литосфералық плиталардың соқтығысуынан өзгеріп отырған.

Мазмұны

  • 1 Құрлықтар саны
  • 2 Құрлықтар аумағы мен жұрты
  • 3 Жоғалған құрлықтар
  • 4 Әлем бұрыштары
  • 5 Түсініктемелер
  • 6 Дереккөздер

Құрлықтар саны

Моделдер
Colour-coded map showing the various continents. Similar shades exhibit areas that may be consolidated or subdivided.
7 құрлық
    Сол. Америка    Оң. Америка    Антарктика    Африка    Еуропа    Азия    Аустралия
6 құрлық
    Сол. Америка    Оң. Америка    Антарктика    Африка       Еуразия    Аустралия
6 құрлық
       Америка    Антарктика    Африка    Еуропа    Азия    Аустралия
5 құрлық       Америка    Африка    Еуропа    Азия    Аустралия

Құрлықтар аумағы мен жұрты

Comparison of population and area
ҚұрлықАумағы
(km²)
Жұрты
2002 (сарап.)
Бүкіл жұртынан
пайызы
Тығыздығы
(адам/km²)
Азия43,810,0003,800,000,00060%86.7
Африка30,370,000922,011,00014%29.3
Америкалар42,330,000890,000,00014%20.9
Солтүстік Америка24,490,000515,000,0008%21.0
Оңтүстік Америка17,840,000371,000,0006%20.8
Антарктика13,720,0001,0000.00002%0.00007
Еуропа10,180,000710,000,00011%69.7
Океания9,010,00033,552,9940.6%3.7
Аустралия-Нью-Гини8,500,00030,000,0000.5%3.5
Аустралия7,600,00021,000,0000.3%2.8

Жоғалған құрлықтар

  • Лауразия
  • Гондуана

Әлем бұрыштары

  • Аустралия (+ Океания)
  • Антарктида
  • Африка
  • Еуропа
  • Азия
  • Америкалар (Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка, Жаңа Әлем)

Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтары Панама мойнағымен қосылған. Сонымен қатар Жердегі құрлықтарды әлем бұрыштарына бөліп айту қалыптасқан. Бұл Жағрапиялық ашылымдар дәуірінде пайда бола бастады, яғни әр жаңа жер, сол кезде айтқандай — әлем бұрышын мұхитсаяхатшылары ашқан сайын.

Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтық ажыратуға қарағанда бір әлем бұрышы боп есептеледі, ал әлемнің екі бұрышы боп есептелетін Еуропа мен Азия бір құрлықта — Еуразияда орналасқан. Еуропа мен Азия шекарасы Орал таулары, содан Каспий теңізіне дейін Жем өзені бойымен, Құма мен Маныш өзендерімен Дон өзені сағасына дейін, ары қарай Қара теңіз бен Жерорта теңіздері арқылы өтеді.

Түсініктемелер

  1. ↑ The World - Continents, Atlas of Canada
  2. a b "Continent". Encyclopædia Britannica. 2006. Chicago:Encyclopædia Britannica, Inc.
  3. ↑ World, National Geographic - Xpeditions Atlas. 2006. Washington, DC:National Geographic Society.
  4. ↑ The New Oxford Dictionary of English. 2001. New York:Oxford University Press.
  5. ↑ "Continent". MSN Encarta Online Encyclopedia 2006.
  6. ↑ "Continent". McArthur, Tom, ed. 1992. The Oxford Companion to the English Language. New York:Oxford University Press; p. 260.
  7. ↑ "Continent". The Columbia Encyclopedia. 2001. New York:Columbia University Press - Bartleby.
  8. ↑ Océano Uno, Diccionario Enciclopédico y Atlas Mundial, "Continente", page 392, 1730. ISBN 84-494-0188-7
  9. ↑ Los Cinco Continentes (The Five Continents), Planeta-De Agostini Editions, 1997. ISBN 84-395-6054-0
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар:Continents

Үлгі:Regions of the world

Дереккөздер


құрлық беті. жазықтар, құрлық сулары, құрлық сулары реферат


Құрлық Туралы Ақпарат

Құрлық


  • user icon

    Құрлық beatiful post thanks!

    29.10.2014


Құрлық
Құрлық
Құрлық Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Құрлық бұл, Құрлық кім, Құрлық сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

IC 4089

IC 4089

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі:J2000.0) Шоқжұлдызы Вероника шашы Тура шарықтауы 13...
Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ) (нем. Niederhausen (Nahe)) — Германия Федеративтік Республикасының Рейнланд-Пфальц...
Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

 Басқа мағыналар үшін Қарашоқы деген бетті қараңыз. Қарашоқы тауы Координаттар:Координатта...
NGC 2139

NGC 2139

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Уильям Гершель Ашылу уақыты 17 қараша 1784 Бақылау мәлі...