Tue . 20 Jun 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Құмкөл мұнай-газ кен орны

құмкөл мұнай-газ кен орны фонд, құмкөл мұнай-газ кен орны матрас
Құмкөл мұнай-газ кен орны - Қарағанды облысы Ұлытау ауданында, Қызылорда облысы Қызылорда қаласынан солтүстік -шығысқа қарай 150 км және Павлодар-Шымкент мұнай құбырынан 230 км батыста орналасқан. 1983 жылы іздеу-барлау нәтижесінде анықталып, 1984 жылы алғашқы ұңғыманы бұрғылау барысында төменгі неоком түзілімдерінен мұнай алынған.

Мазмұны

  • 1 Геологиялық құрылымы
  • 2 Жатыс сипаты
  • 3 Құрамы
  • 4 Дереккөздер

Геологиялық құрылымы

Кен орны тектоникалық жағынан Сорбұлақ көтерілімінің Арысқұм ойпатынан жапсарлас аймағындағы төменгі неоком мен юра түзілімдеріндегі қабаттардан тұрады.

Жатыс сипаты

Өнімді қабаттың тереңдігі 1063-1270 м. Коллекторлардың ашық кеуектілігі 19,3-23,7%, өткізгіштігі 0,17- 1,13 мкм2, мұнайға қанығу коэффициенті 0,58-0,71, газға қанығу коэффициенті 0,57-0,72. Бастапқы қабат қысымы 11,5-13,76 МПа, қабат температурасы 49-56 °С. 7 мм штуцерде мұнайдың тәуліктік өнімділігі 125,8 м3, газ 93,8 мың м3.

Құрамы

Бор және юра шоғырларының мұнайларының құрамы ұқсас. Тығыздығы 0,812-0,819 г/см3, күкірт 0,11-0,52%, парафин 10,8-11,5%, асфальтен 0,11-0,92 %, шайыр 4,8-8,42%. Газ құрамында күкіртсутек — 0,02-0,07%, азот — 3,1-10%, көмірқышқыл газ — 0,5-0,9% және гелий 0,01-0,1%. Қабаттағы сулар хлоркальцийлі, минералдылығы 49,784 г/л. Су құрамында бром, литий және стронций кездеседі. Кен орны игерілуде.

Дереккөздер

  1. ↑ Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
  2. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

құмкөл мұнай-газ кен орны бүтээлэг, құмкөл мұнай-газ кен орны зураг, құмкөл мұнай-газ кен орны матрас, құмкөл мұнай-газ кен орны фонд


Құмкөл мұнай-газ кен орны Туралы Ақпарат

Құмкөл мұнай-газ кен орны


  • user icon

    Құмкөл мұнай-газ кен орны beatiful post thanks!

    29.10.2014


Құмкөл мұнай-газ кен орны
Құмкөл мұнай-газ кен орны
Құмкөл мұнай-газ кен орны Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Құмкөл мұнай-газ кен орны бұл, Құмкөл мұнай-газ кен орны кім, Құмкөл мұнай-газ кен орны сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік – Ақтөбе облысының Темір ауданындағы ауыл, Шығырлы ауылдық округінің құрамында Халқы 211 ада...
Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасының Ұлттық жиналысы (국회 (Кукхве)) — Корея Республикасының бірпалаталы, 300-орынды ...
IC 213

IC 213

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Тоқты Тура шарықтауы 02h 1...
Бейіт

Бейіт

Бейіт - қайтыс болған адамның зиратта жерленіп белгі қойылған орны. Бейіт- араб тілінде «үй», «пәтер...