Fri . 19 May 2019

Құлсары

құлсары қаласы
Құлсары — Атырау облысы Жылыой ауданы орталығы. Аудан орталығының Атырау қаласына дейінгі ара қашықтығы — 230 км.

1952 жылдан бері Жылыой ауданының орталығы. Темір жол стансасы, құбырлар жүйесінің торабы. Қамыскөл көлінің оңтүстік-шығыста орналасқан.

Мазмұны

  • 1 Халқы
  • 2 Тарихы
  • 3 Экономикасы
  • 4 Дереккөздер

Халқы

2009 жылғы дерек бойынша аудан орталығында 51,2 мың адам тұрады.

Тарихы

Құлсарыға кіре-беріс жол белгісі

Іргесі 1939 жылы осы өңірден мұнай мен газ өндірілуіне байланысты қаланды. Атауы 19-ғ-дың басында осында өмір сүрген және жерленген, ел арасында беделді, көріпкелдігі де бар Әлімұлы тайпасының Қаракесек руынан шыққан Құлсары батырдың есіміне байланысты қалыптасқан.

1934-1938 жж. аралығында бұл өңірде мұнай кенін іздестіру басталған, мұнай барлау-бұрғылау экспедициясын белгілі жазушы С. Шәріпов басқарған. 1938 жылы Құлсары кеніндегі 10-шы ұңғыдан мұнай атқылаған. 1939 жылы Құлсары мұнай басқармасы құрылды, алғашқы құрылыс салынған жерден халық тұратын үйлер салында, кейін №1 қазақ ауылдары ескі Құлсары атанды.

Құлсарыдан Ұлы Отан соғысы кезінде миллиондаған тонна мұнай, оған қоса Құлсары мұнай өндіру цехының қасынан шағын бензин зауыты іске қосылып, тікелей майданға бензин жөнелтіліп отырды (бұл бензин зауыты 1952ж. жабылды).

Экономикасы

Бүгінде Құлсары Теңіз кен орнын игеру орталығы болып отыр. Мұнда ірі кәсіпорындардан Мұнай-газ өндіру басқармасы, Оңтүстік Ембі мұнай барлау экспедициясы, мұнай айдау стансасы жұмыс істейді. Қала арқылы Мақат-Бейнеу темір-жолы, Құлсары-Доссор, Құлсары-Мұнайлы, Құлсары-Прорва автожолдары өтеді.

Дереккөздер

  1. ↑ ҚР елді мекендерінің тұрғындар саны
  2. Пошта индекстері, Атырау облысы, Жылыой ауданы
  3. ↑ Cities & towns of Kazakhstan
  4. ↑ «Қазақ энциклопедиясы», VI-том

құлсары қаласы


Құлсары Туралы Ақпарат

Құлсары


  • user icon

    Құлсары beatiful post thanks!

    29.10.2014


Құлсары
Құлсары
Құлсары Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Құлсары бұл, Құлсары кім, Құлсары сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Порте

Порте

Порте (итал. Porte) — Италиядағы коммуна, Пьемонт әкімшілік аймағына қарасты Турин провинциясын...
Патриотизм

Патриотизм

Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүддел...
Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин - 1927 жылы 11 мамырла Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында туған. 2004 жылы 29 наур...
Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Диқан ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Мазмұны 1 Геогра...