Thu . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Құлан

ақсақ құлан, құлан
Құлан (лат. Equus hemionus) – тақтұяқтылар отрядына жататын жабайы жылқы. Сыртынан қарағанда құланның есекке де (басы үлкен, құлағы ұзын, құйрығы қысқа, кекілі жоқ, жалы тік), жылқыға да (жүріс-тұрысы ширақ, дене бітімі сымбатты, сирақтары ұзын) ұқсайтын ерекшелігі бар. ХТҚО және КСРО Қызыл кітаптарына енгізілген.

Дене бітімі

Дене тұрқы 210 – 240 см, шоқтығының биіктігі 112 – 126 см, салмағы 190 – 260 кг аралығында. Түсі сарғыштау, жотасында қара қошқыл жолағы болады, құйрығының ұшы қара, бауыры мен сирақтары ақшыл келеді. Жыныстық жағынан 2 – 3 жасында жетіледі. Маусым – шілде айларында күйлеп, 11,0 – 11,5 айдай буаз болып, мамыр – маусым айларында құлындайды.

Құландар тұрғысы

20 ғасырдың алғашқы жартысына дейін құлан Қазақстанның жазық даласында үйір-үйірімен топтанып жүрген. Қыс айларында Каспий теңізінен шығысқа Іле ойпатына дейін кең таралған. Жазда Қарағанды Ақтөбе, Қостанай облыстарының жерін жайлаған. Құланды есепсіз аулау – оның қазақ жерінде құрып кетуіне әкеліп соқты. Республикада Құланды жерсіндіру жұмысы 1953 жылы басталды. 1953 – 1964 жылы Арал теңізінің Барсакелмес қорығына Түрікменстаннан 19 құлан жерсіндірілді. 1982 жылдан бастап оны «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағына, Андысай қорықшасына және Маңғыстау облысы аумағына жерсіндіре бастады. Қазір Қазақстанда 2,0 мыңдай құлан бар (2004). құланның саны дүниежүзінде жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Дереккөздер

  1. ↑ Үлгі:IUCN2010.4
  2. ↑ «Красная книга Казахстана», Алматы, 2006;
  3. ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
  4. ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  5. ↑ “Қазақ Энциклопедиясы”


ақсақ құлан, ақсақ құлан аңыз, ақсақ құлан күй аңызы, құлан


Құлан Туралы Ақпарат

Құлан


  • user icon

    Құлан beatiful post thanks!

    29.10.2014


Құлан
Құлан
Құлан Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Құлан бұл, Құлан кім, Құлан сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду (порт. Vila de Prado) — Португалиядағы елді мекен және аудан (фрегезия), Брага округін...
Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима (порт. Aveiras de Cima) — Португалиядағы аудан (фрегезия), Лиссабон округінің құрамы...
Шекшек Ата

Шекшек Ата

Шекшек Ата, Сексек ата — ешкі пірі, иесі. Дәстүрлі қазақ қоғамында әрбір түлік малдың пірі болған. Ш...
Бокхорст

Бокхорст

Бокхорст (нем. Bockhorst) — Германия Федеративтік Республикасының Төменгі Саксония жерінде орналасқа...