Tue . 20 Apr 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Қыстау


Қыстау - қазақтың байырғы қысқы мекенжайы, әдетте суы бар, ықтасынды, оты мол жерлерде орналасады. Қыстау аумағы, негізінен шарбақпен қоршалады. Айналасында ор қазылған қора жайлары болады. Қыстаудағы тұрақжай түрлері: киіз үй, қоржын үй, жер үй, ас үй, сондай-ақ, шаруашылыққа арналған мал қора, тезек қора, пішен қора, т.б. Кең тараған Қыстау үйінің пішіні төрт-бұрышты, есіктері мен терезелері оңтүстікке, ал бітеу қабырғалары қысқы желдің өтіне қарайды. Қабырғалары шикі кірпіштен, шымнан, кейде тастан қаланады. Тұрғын бөлмелер саны 2 - 4-тен келеді. Астық, т.б. азықтарды ішкі қабырғасы күйдірілген ұраларда (тереңдігі 2 м-ге дейін) сақтайды. Үйдің ортасына биіктігі қабырға бойынан сәл асатын ағаш діңгек - бақан қаз қатар орнатылады. Оларға ұзына бойы бас арқалық (белағаш) қойылады да, ал арқалыққа көлденең сырғауылдар - жөкелер төселеді. Оның үстіне қамыс жауып, балшықпен бастырылған бақандар мен сырғауылдар жүйесіне арқа сүйейді. Жарық төбедегі тесік арқылы кіреді. Мұндай Қыстауды қазіргі кезде кейбір жерлерде шопандар пайдаланады.

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Осы мақала қазақ мәдениеті туралы бастама болып табылады. Бұны толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесуіңізді сұраймыз.


Қыстау Туралы Ақпарат

Қыстау


  • user icon

    Қыстау beatiful post thanks!

    29.10.2014


Қыстау
Қыстау
Қыстау Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Қыстау бұл, Қыстау кім, Қыстау сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Итмұрын (айрық)

Итмұрын (айрық)

Итмұрын: Итмұрын — раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер: ...
Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен (нем. Ermershausen) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан ...
Эльтман

Эльтман

Эльтман (нем. Eltmann) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан қала. Төме...
IC 2921

IC 2921

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Арыстан Тура шарықтауы 11h ...