Tue . 19 Nov 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Қырғыз Алатауы


Орталық Азия,  Қырғызстан

Тау жүйесі

Тянь-Шань

Ұзындығы

375 км

Ең биік шыңы

Батыс Аламедин

Биіктігі

4857 м

Қырғыз Алатауы

Қырғыз Алатауы, Қырғыз жотасы (қыр. Кыргыз Ала-Тоо, қаз. Қырғыз Алатауы) — Қырғызстандағы таулы жота. Батыс бөлігінің солтүстік беткейі Қазақстан жерінде (Жамбыл облысы). Жалпы ұзындығы 375 км (шамамен 160 км бөлігі Қазақстан аумағында, Аспара асуы). Батысында Тараз қаласы атырабынан басталып, шығысында Шу өзенінің аңғарындағы Боам шатқалына тіреледі. Жотаның биік жері шығысындағы Батыс Аламедин шыңы (4875 м). Қазақстандағы ең биік жері Меркі өзенінің бастауындағы шың (4102 м)

Мазмұны

  • 1 Геологиясы мен сипаты
  • 2 Климаты
  • 3 Топырағы
  • 4 Мұздықтары
  • 5 Дереккөздер

Геологиясы мен сипаты

Қырғыз Алатауы метаморфтық тау жыныстарынан, шөгінділерден және порфирит, граниттен түзілген. Солтүстік беткейі оңтүстігіне қарағанда жатық, бірнеше сілемдерден тұрады. Бөктерлерінде суармалы егіншілік дамыған. Орта биіктіктегі белдеу малшылардың жазғы жайлауы саналады. Беткейлерінде 2500 м биіктікке дейін дала өсімдіктері, шырша, арша, одан жоғары жағында субальпі, альпі шалғындығы өседі.

Климаты

Тау бөктерінде ауаның орташа температурасы қаңтарда –5 — 6˚C, шілдеде 23 — 24˚C, жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 300 мм, тау шақалдарында 800 мм. Жазы қоңыржай жылы, биік таулы өңірінде салқын.

Топырағы

1100 — 1200 м биіктікке дейін сұр, бозғылт қоңыр топырақты, 2200 — 2500 м-ге дейін қоңыр қызғылт және қара топырақты таулы дала алқабы қалыптасқан. 2500 — 3000 м-ге дейін биік таулы шалғынды дала белдемі орналасқан.

Мұздықтары

Қырғыз Алатауы

3700 м-ден жоғарыда көп жылдық қар және мәңгі мұздықтар кездеседі. Мұздықтардың аумағы 223 км² (Қазақстанда Меркі өзенінің бастауында шағын мұздық орналасқан)..

Дереккөздер

  1. Қазақстан Энциклопедиясы
  2. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5


Қырғыз Алатауы Туралы Ақпарат

Қырғыз Алатауы


  • user icon

    Қырғыз Алатауы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Қырғыз Алатауы
Қырғыз Алатауы
Қырғыз Алатауы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Қырғыз Алатауы бұл, Қырғыз Алатауы кім, Қырғыз Алатауы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Аттимис

Аттимис

Аттимис (итал. Attimis) — Италиядағы коммуна, Фриули-Венеция-Джулия әкімшілік аймағына қарасты ...
Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл, Викторов ауылдық округінің құрамында. Ге...
Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал (Алмазный абразивный инструмент) — кесу бөлігі байламмен бекітілген алмас ұнтағы...
Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак (фр. Labastide-Cézéracq) — Франциядағы коммуна. Аквитания аймағына қарасты Атлантик...