Sat . 18 Nov 2018

Қызылқұм (шөл)

қызылқұм шөл хийх, қызылқұм шөл таван
 Басқа мағыналар үшін Қызылқұм деген бетті қараңыз.

Қызылқұм шөлі

Қызылқұм шөліӘмудария мен Сырдария аралығындағы құмды алқап. Ауданы 300 мың км² (оның 1/3 -інен астамы Қазақстан аумағында (Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында).

Мазмұны

  • 1 Географиялық орны
  • 2 Геологиялық құрылымы мен жер бедері
  • 3 Климаты
  • 4 Су жүйесі
  • 5 Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
  • 6 Тағы қараңыз
  • 7 Дереккөздер

Географиялық орны

Қызылқұм шөлі Өзбекстан, Қазақстан (солтүстік бөлігі) және шағын оңтүстік-батыс бөлігі Түркіменстан республикасында жатыр. Солтүстік-батысы Арал теңізіне, оңтүстік-шығысы Өзбекстандағы Зеравшан аңғары мен Нұратау тауларына ұласады.
Теңіз деңгейінен орташа биіктігі 53 м-ден (Қызылорда облысы Арал теңізі жағалауы) 300 м-ге дейін (Оңтүстік Қазақстан облысы Қайрақтау таулары, 388 м).

Геологиялық құрылымы мен жер бедері

Қызылқұм шөлінің ландшафты Құм төбелер

Қызылқұмның орта бөлігінде палеозой кезеңінде пайда болған бұйратты қалдық тау жұрнақтары(Бұқантау, Тамдытау, Құлжықтау т.б. Өзбекстанда) кездеседі. Олардың ең биік жері 992 м (Тамдытау тауы, Өзбекстан аумағында). Жалпы, шөлдің жер бедері жазық. Геологиялық тұрғысынан 3 құрылымдық ярустан тұрады. Олар бірнеше жарылыстармен қиылған палеозойдың магмалық тау жыныстары құрайды. Жер қыртысында қалыңдығы 500-2000 м болатын юра және бор жүйелері мен кайнозойдың құмды-сазды, мергельді шөгінділерінен тұрады. Тақыр жерлерде де кездеседі. Юра және бор қабаттарында мұнай-газ кен орындарының барлығы анықталды (Қызылорда облысында). Бор, палеозой қабаттарында артезиан сулары бар. Қызылқұм шөлінің басым бөлігін қырқалы-ұялы және қырқалы құм төбелер алып жатыр. Кейде биіктігі 10-15 м болатын шағыл құмдар да кездеседі.

Климаты

Климаты континенттік. Қаңтар айының орташа температурасы -7-9°С, кей жылдары температура -40°С-қа дейін төмендейді. Шілде айының орташа температурасы 26-29°С, кейде ауада температура 46°С-қа дейін жетсе, ал құмда 70-72°С-қа дейін жетеді.
Жауын-шашын мөлшері 100-175 мм-ден аспайды, оның 60-65% -ы қыс және көктем айларына келеді. Шөлде қар жамылғысы тұрақсыз. Алғашқы қар қараша айының соңында түседі. Шөлдегі салыстырмалы ылғалдылық жаз айларында 16-25% -ға дейін (оңтүстікте 11-15% ) төмендейді.
Желдің орташа жылдамдығы 3-5 м/с. Жаз айларында шаңды дауыл соғады.

Су жүйесі

Өзен аңғарларындағы мал жайылымы

Қызылқұм шөлінде тұрақты ағын өзендер жоқ. Тек солтүстігімен өтетін Сырдария өзенінен тартылған каналдар өзен аңғары бойын ғана суландырады. Қызылорда облысының оңтүстігінде Қызылорда, Қуаңдария, Жаңадария және Іңкәрдария, т.б. ірі су жүйелері тартылған.
Көктемде құм төбелер, қырқалар арасында шағын көлдер мен өзендер пайда болады. Төңірегі жыл бойы мал жайылымы ретінде пайдаланылады. Қызылқұмның қазақстандық бөлігін Қызылорда облысының әкімшілік аудандары алып жатыр.

Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Шөлдің басым бөлігін (92% -ын) құм басып жатыр. Сондықтан қандай топырақ болмасын құрамында құм болады. Жалпы алғанда топырағы бозғылт қоңыр, құмдақты қызғылт және сұр, сортаң топырақ қалыптасқан. Мәрмәр, графит, тас көмір, алтын, оңтүстік-батысында ірі газ кен орны бар.
Өсімдік жамылғысында эфемер аралас жусан, сексеуіл, жүзгін, құмқияқ, бұйырғын, тораңғы, т.б. өседі. Сырдария атырауының төңірегінде тоғай өседі. Қызылқұм өңірі қаракөл қойын, етті-сүтті мал өсіруге қолайлы.
Шөл құмдарында қарақұйрық, ақ бөкен, тышқан, сарышұнақ, тасбақалар, т.б. мекендейді.

Тағы қараңыз

  • Қызылқұм артезиан алабы
  • Қызылқұм суару жүйесі

Дереккөздер

  1. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
  2. ↑ Қазақ Энциклопедиясы III том 12 тарау
  3. Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
  4. ↑ Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы

қызылқұм шөл мен, қызылқұм шөл таван, қызылқұм шөл хийх, қызылқұм шөл өсімдіктері


Қызылқұм (шөл) Туралы Ақпарат

Қызылқұм (шөл)


  • user icon

    Қызылқұм (шөл) beatiful post thanks!

    29.10.2014


Қызылқұм (шөл)
Қызылқұм (шөл)
Қызылқұм (шөл) Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Қызылқұм (шөл) бұл, Қызылқұм (шөл) кім, Қызылқұм (шөл) сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Спенкур

Спенкур

Спенкур (фр. Spincourt) — Франциядағы коммуна. Лотарингия аймағына қарасты Мез департаментінде орнал...
Лормон

Лормон

Лормон (фр. Lormont) — Франциядағы коммуна. Аквитания аймағына қарасты Жиронда департаментінде орнал...
Ақтар (ғұндар)

Ақтар (ғұндар)

Ақтар немесе Оптар лат. Octarus (? - 430 ө.ж.) - Ғұндар тайпаларының көсемі, 430 жылға дейін ағ...
NGC 3531

NGC 3531

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Holden Edward Singleton Ашылу уақыты 1881 жыл Бақылау м...