Tue . 19 Sep 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Қызылқоға ауданы


Қазақстан

Кіреді:

Атырау облысы

Әкімшілік орталығы:

Миялы

Ресми тілі:

Қазақ тілі

Тұрғыны (2014):

31 829 (4 орын)

Тығыздығы:

1,2 адам/км²

Ұлттық құрамы:

қазақ 99,9%

Жер аумағы:

24,9 км² (2 орын)

Уақыт белдеуі:

UTC+5

Телефон коды:

+7 71238

Пошта индекстері:

0605XX

Автомобиль коды:

06

Қызылқоға ауданыҚазақстан Республикасына қарасты Атырау облысының ауданы. Әкімшілік орталығы — Миялы ауылы.

Мазмұны

  • 1 Жағрапиясы
  • 2 Тарихы
  • 3 Халқы
  • 4 Шаруашылығы
  • 5 Мәдени ағарту ісі
  • 6 Сыртқы сілтемелер
  • 7 Дереккөздер

Жағрапиясы

Қызылқоға жерін Ойыл және Сағыз өзендері қиып өтеді.Ауданның территориясы 24,9 мың шаршы км. Жер рельефі — тегіс.Қызылқоға ауданы батысында Атырау облысының Индер және Махамбет аудандарымен, Атырау қалалық әкімдігі аумағымен, солтүстігінде Батыс Қазақстан облысының Сырым және Қаратөбе аудандарымен, шығысында Ақтөбе облысының Ойыл және Байғанин аудандарымен, оңтүстігінде Атырау облысының Мақат және Жылыой аудандарымен шектеседі. Жер бедері біршама күрделі: солтүстік-шығыс бөлігін көлбеу жазық (теңіз деңгейінен 10 — 150 м биіктікте), оңтүстік-батысының кіші бөлігін Каспий маңы ойпаты алып жатыр. Көлбеу жазықтың солтүстік-батысында өзен аңғарларымен тілімденген ірі құм массивтері Тайсойған мен Бүйрекқұм орналасқан. Каспий ойпаты жағын кең аумақты сорлар алып жатыр. Қызылқоға ауданында кен байлықтарынан мұнай, құрылыс материалдары (саз, құмтас) кездеседі. Климаты тым континенттік, қысы біршама суық, қары аз, жазы ыстық және құрғақ. Ауа райының орташа температурасы қаңтарда –12ӘС (кейде –40ӘС-ге дейін төмендейді), шілдеде 25,4ӘС (кейде 43ӘС-ге дейін ысиды). Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 200 мм. Ауданның солтүстік жағын қамтитын өзен жүйесін Тайсойған мен Бүйрекқұмды солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай қиып өтетін Ойыл (төменгі ағысы) мен оның Көздіқара, Құройыл және Жарыпшыққан (оның тармағы Жаманащы) тармақтары, ал оңтүстік-шығыс жағындағы жүйесін Ноғайты, Топырақшашты, Бұрмасай және Мұқыр атты салалары мен Сағыз өзенінің орта ағысы, сондай-ақ Ойыл мен Сағыз өзенінің бойларындағы кішігірім көлдер мен көптеген құдықтар (Аққұдық, Белқұдық, Тақырқұдық, Қарағанқазғанқұдық, т.б.) құрайды. Аудан аумағы құмды сұр, сортаң, сор топырақты. Оларда жусан, еркек шөп, ақселеу, бұйырғын, ойпаңдау жерлерде ақ жусан, бетеге, терек, үйеңкі, қарағай, жыңғыл, т.б. өседі. Кейбір жерлерде тамыры тері илеуге пайдаланылатын кермек, лак жасауға қолданылатын қызылмия өседі. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қоян, сарышұнақ, ақбөкен; құстардан бозторғай, сұр құр, шөл қарғасы, дала бүркіті, байғыз, т.б. мекендейді. Ірі елді мекендері: Миялы, Сағыз, Мұқыр, Жасқайрат, Қаракөл, Тасшағыл, Жангелді, Қоныстану, Қарабау.

Тарихы

Ауданды алғаш құру туралы шешім 1928 ж. наурыздың 27-ісінде қабылданған, одан бұрын бұл аудан жеріндегі болыстар Орал, Ақтөбе облыстарының құрамында болған. 1928 жылдың аяғында 663 мүшесі бар мал шаруашылығымен айналысатын 6 ұжымшар ұйымдастырылды. 1930 ж. ауданда 4250 жеке шаруашылық немесе барлық отбасының 54%-ы серіктестіктерге топтастырылды. Осы жылы аудандағы 8013 отбасы 34 ауылдық кеңестер құрамына енді. Бірак сол жылғы шілденің 23- інде Гурьев облысы таратылғаннан кейін аудан жері Доссор ауданына қосылды. 1944 жылғы сәуір айында ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен Гурьев облысының құрамында Қызылқоға ауданы болып қайта құрылды және негізгі жер аумағы Мақат ауданынан бөлінетін 11 ұжымшар есебінен жасақталды. Орал облысының Тайпақ ауданынан 8 ұжымшар қосылып, ауданда барлығы 30 ұжымшар және «Гурьев» асыл тұқымды қой өсіру кеңшары жұмыс істеді. Әуелі аудан орталығы Қызылқоға елді мекеніңде болды, кейіннен 1951 жылы Қарабау аулында, ал 1959 жылдан Миялы аулына кешірілді.
Аудан ішінде автомобиль жолы Сағыз станциясынан аудан орталығы Миялы ауылымен, одан әрі оны Қарабау ауылы арқылы Индербор және Мақат кенттерімен қосады. Қызылқоға ауданында байланыс бөлімі, ауыл шаруашылығы құрылыс мекемесі, баспахана, сауда мекемелері, кәсіптік-техникалық мектеп, 13 орта мектеп, 27 денсаулық сақтау мекемелері, 15 мәдениет үйі, 20 кітапхана жұмыс істейді. 1952 жылдан бері аудандық газет шығады.

Халқы

Тұрғыны 31,8 мың адам (2014). Қызылқоға ауданында, негізінен, қазақтар тұрады, халықтың орташа тығызд. 1 км²-ге 1,2 адамнан астам. Халқының басым бөлігі Ойыл және Сағыз өзендеріне жакын елді мекендерге шоғырланған.

Шаруашылығы

Қызылқоға ауданы — ауыл шаруашылықты аудан. Қазір ауыл шаруашылық жерінің аумағы 2278,2 мың га; оның 270 га-сы егістік, 53,4 мың га-сы шабындық, 2224,5 мың га-сы жайылым. Ауданда 1997 жылға дейін қаракөл қойын өсіретін 8 кеңшар болды. Қазіргі кезде ауданда 84 АҚ, ӨК, ЖШС, шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Бұлар, мал шаруашылығымен, көбіне қаракөл қойын өсірумен айналысады. Сағыз бен Ойыл өзендерінің бойында, Тайсойған құмындағы бұлақтар басында аздаған суармалы егіншілік бар, мұнда негізінен тары өсіріледі.
Ауданның оңтүстік бөлігінде оны басқа облыстармен және аудандармен байланыстыратын солтүстік-шығыс бағытта АтырауҚандыағаш — Орск темір жолы мен мұнай құбыры, АтырауАқтөбе автомобиль жолы, солтүстік-батыс бағытта Орта Азия — Орск мұнай мен газ құбырлары өтеді.

Мәдени ағарту ісі

Ауданда мәдени-ағарту мекемелерінің жүйесі қалыптасқан. 35 кітапхана (300 мың кітап коры бар), 2550 орындык мәдениет үйлері мен клубтар, 20 автоклуб және ұлт-аспаптар оркестрі жұмыс істеді. Жергілікті сазгер, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет кызметкері Ж. Нұрғалиевтің 15 әні халық арасында кеңінен таралып кеткен. Аудан орталығындағы халык театры жыл сайын қазақ драматургтерінің бірнеше пьесаларын көрермендерге ұсынып жүр.
Аудан аумағында 11 орта, бір орталау, 1 бастауыш мектеп, 5 учаскелік, 2 аудандық аурухана және 4 дәрігерлік емхана жұмыс істейді. Он және одан да көп бала тауып, тәрбиелеген 261 «Ардакты ана» бар, ал 16 бала өсірген Ойыл ауылдык кеңесінің азаматшасы Қ. Қарасартова ауданның құрметті тұрғыны.

Сыртқы сілтемелер

  • Атырау облысының электронды әкімдігі

Дереккөздер

  1. ↑ http://www.stat.gov.kz/faces/wcnav_externalId/homeNumbersPopulation?_adf.ctrl-state=2bicwwe72_136&_afrLoop=251353845968305#%40%3F_afrLoop%3D251353845968305%26_adf.ctrl-state%3D118livt873_4
  2. Қазақстан энциклопедиясы


Қызылқоға ауданы Туралы Ақпарат

Қызылқоға ауданы


  • user icon

    Қызылқоға ауданы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Қызылқоға ауданы
Қызылқоға ауданы
Қызылқоға ауданы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Қызылқоға ауданы бұл, Қызылқоға ауданы кім, Қызылқоға ауданы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Б. з. д. 179 жыл

Б. з. д. 179 жыл

— б. з. д. I ғасыр Мазмұны 1 Оқиғалар 2 Туғандар 3 Қайтыс болғандар 4 Тағы қараңыз 5 Түсінік...
Дассов

Дассов

Дассов (нем. Dassow) — Германия Федеративтік Республикасының Мекленбург-Алдыңғы Померания жерінде ор...
Камподипьетра

Камподипьетра

Камподипьетра (итал. Campodipietra) — Италиядағы коммуна, Молизе әкімшілік аймағына қарасты Кам...
Паладжанелло

Паладжанелло

Паладжанелло (итал. Palagianello) — Италиядағы коммуна, Апулия әкімшілік аймағына қарасты Таран...