Thu . 20 Jun 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Қолбасшы


Қолбасшы:

  1. Қолбасшы - мемлекеттің қарулы күштерін, соғыс жағдайында ірі әскери құрылымдарды (оперативтік-стратегиялық бірлестіктерді) басқаратын әскери басшы. Қолбасшылар соғыс кезінде әскери операцияларды дайындайды және оның нәтижесіне жауапты болады, бейбіт уақытта қарамағындағыларды әскери шеберлікке үйретеді, әскери жаттығуларды басқарады. Әдетте, қолбасшы етіп дарынды, көреген, әскери жағдайлардың дамуын болжай алатын, қолда бар күштер мен құралдарды тиімді пайдалана білетін, жоғары ұйымдастырушылық қабілеті бар жігерлі, батыл адамдар тағайындалады. Әрбір тарихи кезеңдердегі үлкен соғыстар өз қолбасшыларын шығарды. Қазақ халқында да аты аңызға айналған көптеген қолбасшылар болды (қолбасшы Бөгенбай, Қабанбай, Қарасай, Жәнібек, Райымбек, Амангелді, Бауыржан, т.б.).
  2. Қолбасшы (орыс. Командующий) — құрлық және әуе күштері армиясын, әскери-теңіз флоты әскері түрлерін, әскери округтерді, майданды басқаратын генерадцар мен адмиралдар және маршалдар. Қолбасшылар соғыс кезінде соғыс операцияларын дайындайды және оның іс жүзіндегі нәтижесіне жауапты болады. Бейбіт кезде олар өздерінің карамағындағы құрамаларға, бөлімдерге басшылық етеді, оларды әскери шеберлікке үйретеді, соғыстың талаптарына сай далалық және теңіздік әскери жаттығуларды басқарады.
  3. Қолбасшы (орыс. Полководец) — мемлекеттің қарулы күштерін немесе соғыс кезінде ірі әскери құрылымдарды (әдетге оперативтік-стратегиялық бірлестіктерді) шебер басқаратын, әскери қимылдар дайындығы мен жүргізу өнерін меңгерген әскери кызметкер, әскери бастық. Әдетте, Қолбасшыға жеңіске жетуде қолда бар күштер мен құралдарды өте тиімді пайдалана білетін, дарынды, шығармашылық ойлы, әскери жағдайлардың дамуын болжауга қабілетті, жігерлі, шешімді, жауынгерлік тәжірибеге бай, жоғары ұйымдастырушылық қабілетке және басқа да касиеттерге ие тұлғалар жатқызылады.

Қолбасшының осы қасиеттері оның жоғарғы беделге ие болуына септігін тигізеді, оның қалыптасқан жағдайларды өз уақытында және дұрыс болжауына, бағалауына, мақсатқа сәйкес шешімдер қабылдап және оны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әрбір тарихи кезең, ірі соғыс әз Қолбасшыларын алға шығарады. Олардың барлығы әз уақытында соғыстарда жеңіске кол жеткізуде үлкен рөл атқарып, әскери өнерді байытты.

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақ энциклопедиясы
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл
Бұл — әскери іс туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы Уикипедияға көмектесе аласыз.


Қолбасшы Туралы Ақпарат

Қолбасшы


  • user icon

    Қолбасшы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Қолбасшы
Қолбасшы
Қолбасшы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Қолбасшы бұл, Қолбасшы кім, Қолбасшы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду (порт. Vila de Prado) — Португалиядағы елді мекен және аудан (фрегезия), Брага округін...
Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима (порт. Aveiras de Cima) — Португалиядағы аудан (фрегезия), Лиссабон округінің құрамы...
Шекшек Ата

Шекшек Ата

Шекшек Ата, Сексек ата — ешкі пірі, иесі. Дәстүрлі қазақ қоғамында әрбір түлік малдың пірі болған. Ш...
Бокхорст

Бокхорст

Бокхорст (нем. Bockhorst) — Германия Федеративтік Республикасының Төменгі Саксония жерінде орналасқа...