Wed . 20 Jun 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Қатын жотасы


 Ресей, Алтай Республикасы мен  Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы шекарасы

Тау жүйесі

Алтай

Пайда болған кезеңі

Герциндік қатпарлық

Ұзындығы

150 км

Ең биік шыңы

Мұзтау шыңы

Биіктігі

4506 м

Қатын Қатын

Қатын (Қатон) жотасы — Алтайдың орталық бөлігіндегі таулы жота. Жота Қатын, Аргун (Арғын) және Берел (Бергіел) өзендерінің су айрығы болып табылады.

Мазмұны

  • 1 Географиялық орны
  • 2 Геологиялық құрылымы
  • 3 Жер бедері
  • 4 Климаты
  • 5 Өсімдігі мен жануарлар дүниесі
  • 6 Дереккөздер

Географиялық орны

Қатын жотасы (Алтай Республикасы)

Қатын жотасы Ресей (Алтай Республикасы) мен Қазақстан жерінің шектесетін жерінде жатыр. Шығыс Қазақстан облысына Қатын жотасының оңтүстік-батыс бөлігі созыла орналасқан. Алтай тауының ең биік жері (Мұзтау, 4506 м), осы жотаның орталық бөлігінде. Жотаның ұзындығы 150 км.

Геологиялық құрылымы

Метаморфтанған тақтатас және граниттен тұрады. Тектоникалық құрылымы жағынан герциндік қатпарлықта көтерілген. Кен байлықтарынан полиметалл кентастарына және алтын қорына бай.

Жер бедері

Беткейінде жалпы ауданы 279 км2 болатын 386 мұздық бар. Жотаның батыс етегінде емдік қасиеті бар Рахман қайнары орналасқан.

Климаты

Климаты тым континеттік, қысы суық. Қыс ортасында тау аңғарларында температура -50-52°С-қа дейін төмендейді. Жазы қоңыржай жылы, шілдеде 10-14°С, тау бастарындағы температура -6-8°С болады. Жауын-шашын 500-1000 мм шамасында.

Өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Беткейлерінде таулы орманның сұр топырағы мен таудың күлгінді топырағы қалыптасқан. 2000-2200 м биіктікте қарағай, самырсын, одан жоғары альпілік шалғын мен қорымтас, ал жартасты беткейлерінде қына, мүк өседі. Жануарлар дүниесіне бай. Қоңыр аю, росомаха, бұғы, елік, тиін, ақкіс, түлкі, бұлғын, теңбіл бұғы, ондатр, т.б. кездеседі. Жотаның батыс етегі егіншілікке қолайлы.

Дереккөздер

  1. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5


Қатын жотасы Туралы Ақпарат

Қатын жотасы


  • user icon

    Қатын жотасы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Қатын жотасы
Қатын жотасы
Қатын жотасы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Қатын жотасы бұл, Қатын жотасы кім, Қатын жотасы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Итмұрын (айрық)

Итмұрын (айрық)

Итмұрын: Итмұрын — раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер: ...
Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен (нем. Ermershausen) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан ...
Эльтман

Эльтман

Эльтман (нем. Eltmann) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан қала. Төме...
IC 2921

IC 2921

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Арыстан Тура шарықтауы 11h ...