Tue . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Қаскелең


Қаскелең – қала (1963 жылдан), Қарасай ауданының орталығы (1922 жылдан), округ орталығы. Облыс орталығы – Талдықорған қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 300 км, Алматы қаласынан батысқа қарай 24 км жерде, Қаскелең өзені бойында орналасқан. Қаланың аумағы 5,31 км². Тұрғыны 36,5 мың адам (2002). Округке қарасты Әйтей ауылында 1,5 мың адам тұрады (2002). Қаскелең – қарлұқтар заманында (7 – 9 ғ.ғ.) Жетісуда салынған қоныстардың бірі. Ежелгі ру-тайпалар осы өңірдегі шұрайлы мал жайылымдары мен суармалы егіншілікке қолайлы жерлерге қоныс тепкен. 1218 ж. моңғол шапқыншылары Қаскелең қонысын қиратты. Ресей империясы 1847 жылдан бастап Жетісуда өзінің бекінісін сала бастады. Осыған байланысты 1861 ж. Қаскелең қонысының орнына қаланың негізі болған казак-орыс станицасы салынып, алғашында Любовный, 1901 жылдан Қаскелең аталды. Қ. 1958 – 97 ж. көкөніс-сүт бағытындағы Ленин кеңшарының орт. болып келді. Қаладағы 9 құрылыс мекемесі, баспахана, т.б. кәсіпорындар 1997 жылдан меншік түрін өзгертіп 5 ӨК-ке, 6 ЖШС-ке айналды. Сонымен бірге 450-ге жуық шаруа қожалығы құрылды. Қаскелең қаласында республикалық және облыстық бағыныстағы кәсіпорындар мен ұйымдар орналасқан. Қалада: Қаскелең оқу-өндірістік комбинаты, қалалық баспахана, мемлекеттік “Водоканал” коммуналдық кәсіпорны, “Жер астын зерттеу ин-ты” мемлекеттік кәсіпорнының бөлімшесі, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы, “Сарыарқа” емдеу-сауықтыру орны, қалалық аурухана, фельдш.-акушерлік пункт (Әйтей ауылыннда), т.б. мекемелер жұмыс істейді. Оқу-ағарту саласы бойынша Қаскелеңде мәдениет колледжі, мәдениет үйі, музей, 7 орта, 1 орталау, 1 бастауыш мектеп, 10 кітапхана бар.

Тағы қараңыз

  • Қаскелең өзені‎

Дереккөздер

  1. ↑ ҚР елді мекендерінің тұрғындар саны
  2. ↑ Қазақ энциклопедиясы


Қаскелең Туралы Ақпарат

Қаскелең


  • user icon

    Қаскелең beatiful post thanks!

    29.10.2014


Қаскелең
Қаскелең
Қаскелең Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Қаскелең бұл, Қаскелең кім, Қаскелең сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

NGC 831

NGC 831

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Альберт Март Ашылу уақыты 18 қараша 1863 Бақылау мәліме...
Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Ауыл Полтава ауылдық округінің әкiмш...
Бёмфельд

Бёмфельд

Бёмфельд (нем. Böhmfeld) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципа...
NGC 4316

NGC 4316

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Вильгельм Темпель Ашылу уақыты 17 наурыз 1882 Бақылау м...