Mon . 20 Jan 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Қарын

қарындасым-ай, қарындасыма
Қарын, асқазан (лат. ventriculus - гр. gaster — қарын) — азық (ас) қорыту жүйесінің қапшық тәрізді кеңейген қуысты ағзасы. Бөлімдерінің санына қарай қарын — бірбөлімді және көпбөлімді қарындар болып бөлінеді. Бірбөлімді қарын өз кезегінде: безсіз қарын, безді қарын және безді-безсіз немесе аралас қарын болып үш түрге бөлінеді.

Бірбөлімді қарын

Бірбөлімді қарын күйіс қайтармайтын жануарлардың құрсақ қуысында, көкеттен кейін орналасады. Оның сол жағында өңешпен жалғасатын кардиальды тесігі, ал оң жақ ұшында он екі елі ішекке ашылатын пилорикалық (қақпақтық) тесік болады. Қарынның қабырғасы түтікше ағза ретінде үш қабықтан: ішкі — кілегейлі қабықтан, ортаңғы — етті қабықтан және сыртқы — сірлі қабықтан тұрады. Қарынның өңеш тәріздес кілегейлі қабығын — көп қабатты жалпақ эпителий, ал ішек тәріздес кілегейлі қабығын — жалаң қабат призма тәрізді эпителий астарлайды. Безді қарынның кілегейлі қабығында қарын бездері болады. Олар орналасу орындары мен құрылыс ерекшеліктеріне байланысты кардиальды, фундальды (қарын түбі) және пилорикалық (қақпақтық) бездер болып үш топқа бөлінеді. Олар аталуына сәйкес қарынның кілегейлі қабығының кардиальды, фундальды (қарын түбі) және пилорикалық (қақпақтық) аймақтарында орналасады.
Қарынның етті қабығы өз кезегінде ішкі — қиғаш қабаттан, ортаңғы — сақинаша қабаттан және сыртқы — ұзынша қабаттан, ал сірлі қабығы борпылдақ дәнекер- ұлпалық қабаттан және жалаң қабат жалпақ эпителий (мезотелий) қабатынан тұрады. Қарынның сірлі қабығынан үлкен және кіші шарбылар түзіледі.

Көпбөлімді қарын

Көпбөлімді қарын күйісті жануарларда болады. Ол өз кезегінде: мес қарын, жұмыршақ, қатпаршақ және ұлтабар бөлімдерінен құралған. Бұлардың алдыңғы үшеуінің кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен, ал ұлтабардың кілегейлі қабығы бірқабатты призма тәрізді эпителиймен астарланған. Ұлтабар— безді қарын. Қарындағы азық механикалық және биологиялық лерден өтіп, химиялық жолмен қорытылады. Қарындағы биологиялық нәтижесінде түзілген газ тәрізді және кейбір ерітінді заттар алдыңғы қарын бөлімдерінің қабырғалары арқылы-ақ қан және лимфа тамырларына сіңіріле бастайды.

Кейде қарын 2 бөліктен құралады:

  • бұлшық етті;
  • безді.

Көптеген омыртқасыздарда қарын ерекшеленген және ішкі бөлігі болып есептеледі. Көптеген буынаяқтылардың қарнында қоректік зат бөлшектенеді. Өрмекшітәрізділерде бітеу өсінділері бар ортаңғы ішектің алдыңғы бөлігі қарын. Жәндіктерде қоректік затты бөлшектеп шайнау қарны жақсы жетілген, ал безді қарын тек кейбір түрлерінде ғана байқалады. Ұлулардың қарнына ас қорту бездері ашылған, (бауыры). қарны екі бөліктен тұрады: өңешпен байланысты кардиалды және ішекпен байланысты пилорикалық. Екеуінің ортасында қарын түбі орналасқан. Құстарда қарын екі бөліктен, бұлшық етті және сөлді қарыннан тұрады. Сөлді қарында ас қорыту сөлін шығаратын бездер жақсы жетілген. Сүтқоректілердің қарны жақсы жетілген. Қарапайым бір камералы қарын оларда 4 бөліктен тұрады: өңеш бөлімі, кардиалдық, қарын түбі және бездері жақсы жетілген пилорикалық бөлімнен. Қоректік затпен қоректену ерекшеліктеріне сәйкес жануарлар қарыны әртүрлі болады. Күйіс қайыратын жануарлардың қарнының өңеш бөлімі жақсы жетілген, одан арнайы 3 камера пайда болған: жалбыршақ, тақия, таз қарын, тек ұлтабар ғана нағыз безді қарын. Адамдар мен жыртқыштардың қарны бір камералы, қарын түбі, кардиалды және бездері жақсы жетілген пилорикалық бөліктерінен құралған. Адам қарынның көлемі 1,5-2,5 л ол әйелдерге қарағанда еркектерде біраз үлкен.

Дереккөздер

  1. ↑ Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
  2. ↑ Акула
  3. ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

қарындас, қарындасым-ай, қарындасыма, қарындаш


Қарын Туралы Ақпарат

Қарын


  • user icon

    Қарын beatiful post thanks!

    29.10.2014


Қарын
Қарын
Қарын Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Қарын бұл, Қарын кім, Қарын сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені 43°46′43″ с е 69°31′42″ ш б / 4377861° с е 69...
Аттинг

Аттинг

Аттинг (нем. Atting) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципалите...
Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі — Атырау облысы, Жылыой ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Қосшағыл, Қар...
Лаимберды

Лаимберды

Лаимберды — Ресейдегі өзен. Башқұртстан Республикасы, Оренбург облысы[1] жер аумақтарынан ағып өтеді...