Fri . 19 May 2019

Қарсақ

абдолла қарсақбаев, қарсақ
Қарсақ (лат. 'Vulpes corsac') – ит тұқымдастары, түлкі туысына жататын жыртқыш аң.

Мазмұны

  • 1 Биологиялық сипаты
  • 2 Тіршілік жағдайы мен қоректенуі
  • 3 Көбеюуі
  • 4 Таралу аймағы
  • 5 Түршелері
  • 6 Дереккөздер

Биологиялық сипаты

  • Дене тұрқы 46 – 56 см, құйрығының ұзындығы 25 – 35 см, терісі бағалы аң.
  • Қысқы жүні қалың, жұмсақ әрі жібектей болып келеді. Жазғы жүні қысқа, ірі және түбітсіз келеді.
  • Қарсақтың түлкіден айырмашылығы: құлағы ақ, үлкен тұмсығы сүйір болады.
  • Қарсақ жылына екі рет түлейді (көктемде және күзде).

Тіршілік жағдайы мен қоректенуі

Тереңдігі 1 – 2 м, ұзындығы 4 – 6 м ін қазып алып, сонда тіршілік етеді. Кейде түлкі, борсық және суырлардың ескі індерін де пайдаланады.
Қарсақ қорек іздеуге таңертеңгі және кешкі мезгілде шығады. Негізгі қорегі – тышқан, тоқалтіс, құмтышқан, сарышұнақ, суыр, қоян, т.б. Сондай-ақ, қарсақтар тасбақаны, құсты, жыланды, кесірткені де жейді.

Көбеюуі

Қарсақ жыныстық жағынан 9–10 айда жетіледі. Жылына 1 рет күшіктейді. 2-ден 16-ға дейін, негізінде 3-6 күшік табады. Қазақстанның далалы аймағында ақпанда, ал шөл-шөлейтті аймақтарында қаңтардың аяғында шағылысады. 52 күннен кейін 2–16, көбіне 3–6 күшік туады.

Таралу аймағы

Қазақстанның шөл-шөлейтті жерлерінде кең тараған. Өсімдікке бай ойпаң мен аңғарлы сайларды, тау етегін мекендейді.
Қарсақ – өте бағалы терісі үшін ауланып келе жатқан кәсіптік маңызы бар аң.
Қарсақ – құтыру мен оба ауруларын таратушылар.

Түршелері

Қазақстанда қарсақтың 3 түршесі бар:

  • Қазақстан қарсағы (Vulpes с.corsac) - солтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс Қазақстан жерін мекендейді. Бұл түршелердің ең ірісі, тері жабындысы мен құйрығы ерекше үлпілдек жүнді.
  • Қалмақ қарсағы (Vulpes c.kalmykorum) - Орал таулырының шөлді аймағында кездеседі. Қазақстан қарсағына қарағанда жүні онша үлпілдек емес.
  • Түркімен қарсағы (Vulpes c.turkmenicus) - оңтүстік-батыс және Оңтүстік Қазақстанда тараған. Қарсақтардың ішіндегі кішісі.

Дереккөздер

  1. ↑ Poyarkov, A. & Ovsyanikov, N. (2008). Vulpes corsac. In: IUCN 2008. IUCN Red List of Threatened Species. Downloaded on 2008-04-25. Database entry includes a brief justification of why this species is of least concern
  2. ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
  3. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  4. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

абдолла қарсақбаев, қарсақ


Қарсақ Туралы Ақпарат

Қарсақ


  • user icon

    Қарсақ beatiful post thanks!

    29.10.2014


Қарсақ
Қарсақ
Қарсақ Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Қарсақ бұл, Қарсақ кім, Қарсақ сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Протон

Протон

 Басқа мағыналар үшін Протон (айрық) деген бетті қараңыз. Протон Протон[1](грекше prоtos ...
Дондығұл

Дондығұл

 Қазақстан, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Тау жүйесі Арғанаты Пайда болған кезеңі Архе...
Фукар

Фукар

Фукар (фр. Foucart) — Франциядағы коммуна. Жоғарғы Нормандия аймағына қарасты Сен-Маритим департамен...
Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (фр. Chevannes) — Франциядағы коммуна. Бургундия аймағына қарасты Кот-д'Ор департаментінде ор...