Sun . 19 Aug 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Қарбыз

қарбыз суреті, қарбыз туралы жұмбақтар
Қарбыз (Cіtrullus) – асқабақ тұқымдасына жататын бір немесе көпжылдық өсімдік. Ең көп тараған бақша дақылдарының бірі. Дүниежүзінде 500-ден аса асханалық Қарбыз сорттары өсіріледі. Жабайы түрі Африкада, Иранда, Орта Азияда, Ауғанстанда кездеседі. Қазақстанда Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында көбірек өсіріледі. Топырақтың ылғалдылығы мен ауа райының әртүрлі болуына байланысты бұл облыстарда өсірілетін сорттары да әртүрлі болады. Барлық аудандастырылған сорттары мәдени түрінен шыққан. Тамыры тармақты. Жапырақтары ірі, гүлдері ақсары түсті, сабағы төселмелі, ұзындығы 2 – 3 м-дей болады. Гүлі дара жынысты, бір үйлі, кейде екі үйлі. Түсі ақ, ала, қоңыр жасыл жолақты. Жемісі тәтті шырынды қызыл, қызғылт, күрең қызыл, сирегірек ақ және сарғыш болады. Тағамдық Қарбыздың салмағы 0,6 – 16 кг, құрамында 11% қант, витамин, т.б. заттар бар. Қарбыз – жылу сүйгіш, ыстыққа және құрғақшылыққа төзімді өсімдік, бірақ үсікке төзімсіз. Негізінен, өңделіп тыңайтылған жердің топырағында жақсы өседі. Мал азықтық Қарбыздың салмағы 10 – 15 кг. Құрамында 2 – 3% қант болады. Қарбыздың жабайы өсетін, асханалық және азықтық үш түрі белгілі. Осыған орай Қазақстанда ерте пісетін Қырым жеңімпазы – 395; орташа пісетін Княжин, Тұтасжапырақты, Стокс 647/649, Багаев – Мурашка 747/749; кеш пісетін Дилноз сорттары кеңінен аудандастырылған. Қарбыз егілетін жер күзде 25 – 27 см тереңдікте жыртылады да, ерте көктемде тырмаланып, екі рет қопсытылады. Шопағын 6 – 8 см тереңдікке егеді, 9 – 12 рет суарады. Емдік мақсатқа Қарбыздың шырынды бөлігі мен қабығын және дәндерін пайдаланады. Қарбыздың тәтті бөлігі мен шырыны шөл басады, несеп жүргізеді. Дәндерінің қан тоқтататын және ішек құртын түсіретін қасиеті бар. Халық медицинасында Қарбыздың жемісін шемен мен сары ауруға қарсы қолданады.

  • Қарбыз тосабы. Тосапқа пісуі жеткен қалың қабықты қарбыздар қолайлы. Жуып, тіліктерге тіледі, дәнді қызыл етін, қабығын алып тастайды. Қалған "етін"х тот баспайтын пышақпен жалпақтығын 4,5-5 см, ұзындығын 2,5—3 см етіп турап, қайнап тұрған суда 5—8 минут ұстайды да, суық сумен салқындатады. Ыстық шырын құйып, 6—7 сағат тұндырады. Бірінші рет баяу отқа қойып, 2—3 минут қайнатады да, оттан түсіреді. 5—6 сағат тұндырады; екінші рет баяу отқа қойып, бірнеше минут қайнатады да, оттан алады. Сөйтіп 10—12 сағат тұндырады: үшінші рет дайын болғанша қайнатады да, оттан түсірмес бұрын ванилин мен лимон қышқылын қосады. Банкаларға ыстықтай құйып, қақпағын жабады.

Дереккөздер

  1. ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9


Бақша дақылдары
Қарбыз | Қауын | Асқабақ


 This vegetable related article is a stub. You can help Wikipedia by expanding it.

қарбыз суреттері, қарбыз суреті, қарбыз туралы жұмбақтар, қарбыз туралы мәлімет, қарбыздың суреті


Қарбыз Туралы Ақпарат

Қарбыз


  • user icon

    Қарбыз beatiful post thanks!

    29.10.2014


Қарбыз
Қарбыз
Қарбыз Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Қарбыз бұл, Қарбыз кім, Қарбыз сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Протон

Протон

 Басқа мағыналар үшін Протон (айрық) деген бетті қараңыз. Протон Протон[1](грекше prоtos ...
Дондығұл

Дондығұл

 Қазақстан, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Тау жүйесі Арғанаты Пайда болған кезеңі Архе...
Фукар

Фукар

Фукар (фр. Foucart) — Франциядағы коммуна. Жоғарғы Нормандия аймағына қарасты Сен-Маритим департамен...
Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (фр. Chevannes) — Франциядағы коммуна. Бургундия аймағына қарасты Кот-д'Ор департаментінде ор...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Мякинино (Мәскеу)

Мякинино (Мәскеу)

XVIII ғасыр Қосылу сәтіндегі жағдай Кунцево Метро станциялары Мякинино, Крылское, Шукинск
Красноярск діни семинариясы

Красноярск діни семинариясы

күшіне ретінде орыс православиелік шіркеуінің Красноярск епархиясының бір жоғары оқу орны, 1895 жылғ
Бурабайдағы Тринити шіркеуі

Бурабайдағы Тринити шіркеуі

аймақтық архитектуралық ескерткіші Православие шіркеуі Троицы шіркеуі Қасиетті Троицаның Үштік ші
Джером (Шурыгин)

Джером (Шурыгин)

Архимандрит Джером әлемдегі Виктор Ф. Шурыгин; 17 қараша 1952, Свердлов ауданы, Кировград ауданы, Бе