Fri . 20 Jun 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Қара топырақ

қара топырақ туралы, қара топырақ ресурстары
Қара топырақ– орманды-дала және дала белдемдерінде көп жылдық шөпті өсімдіктер астында, негізінен, лессті борпылдақ жыныстарда түзілген аса құнарлы топырақ.

Мазмұны

  • 1 Құрамы
  • 2 Қабаттары
  • 3 Қара топырақтың түзілуі мен таралуы
  • 4 Тағы қараңыз
  • 5 Дереккөздер

Құрамы

Қара топырақ қабаты қалың (20 – 40 см), оның құрамындағы қара шірінді 4 – 12%, кейде одан да көп болады. Құрамындағы қара шіріндінің мөлшеріне қарай қара топырақтар үшке бөлінеді:

  • қара шіріндісі аз қара топырақ - 5%-дан кем;
  • қара шіріндісі орташа қара топырақ - 5-9%;
  • қара шіріндісі мол - 9%-дан көп.

Қабаттары

Қара топырақ қара шірінді қабатының (А+В¹) қалыңдығына қарай үшке бөлінеді:

  • жұқа қабатты - 60 см-ден көп;
  • орташа қабатты - 60-80 см;
  • мол қабатты - 80-120 см.

Қара топырақтың түзілуі мен таралуы

Орманды-дала және дала белдемдерінде көп жылдық шөпті өсімдіктер астында, негізінен, лессті борпылдақ жыныстарда түзілетін аса құнарлы топырақ. Бұл белдемдердің табиғи ерекшелігі- климатының қоңыржайлылығы. Ауадан түсетін ылғал мөлшері мен жер бетінен буланатын ылғал мөлшері бір-бірімен тең. Мұндай жағдайда топырақтағы өсімдіктерге қажетті қоректік заттар солтүстіктегі белдемдердегідей ауадан түскен артық ылғалмен жуылып-шайылып кетпейді. Ал оңтүстіктегі құрғақ шөлді-шөлейтті белдемдерге тән сораң, сор топырақтар бұл жерлерде кезхдеспейді.
Қара топырақтар құрлықтың 6%-ға жуық жерін алып жатыр. Қазақстанның солтүстігінде 6 млн. га жерді, яғни республика жерінің 9,3%-ын қара топырақты белдем алып жатыр. Қара топырақтардың біршама бөлігі Қазақстанның оңтүстік-шығысында, Алтай, Тянь-Шань тауларының орманды дала және дала белдеулерінде орын алған. Бұл жерлерде картоп, бау отырғызылады, тәлімі егін егуге пайдаланылады.
Қара топырақты жерлерді жақсарту үшін оның жыртылған қабатын тереңдетіп, көң, т.б. тыңайтқыштар шашады.

Тағы қараңыз

  • Топырақ
  • Қазақстанның топырағы

Дереккөздер

  1. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

қара топырақ гигиенасы, қара топырақ ресурстары, қара топырақ туралы, қара топырақ түрлері


Қара топырақ Туралы Ақпарат

Қара топырақ


  • user icon

    Қара топырақ beatiful post thanks!

    29.10.2014


Қара топырақ
Қара топырақ
Қара топырақ Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Қара топырақ бұл, Қара топырақ кім, Қара топырақ сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Аттимис

Аттимис

Аттимис (итал. Attimis) — Италиядағы коммуна, Фриули-Венеция-Джулия әкімшілік аймағына қарасты ...
Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл, Викторов ауылдық округінің құрамында. Ге...
Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал (Алмазный абразивный инструмент) — кесу бөлігі байламмен бекітілген алмас ұнтағы...
Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак (фр. Labastide-Cézéracq) — Франциядағы коммуна. Аквитания аймағына қарасты Атлантик...